Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ЖАҢАШЫЛ ЖҰМЫС ЖЕҢІСКЕ БАСТАЙДЫ

ЖАҢАШЫЛ ЖҰМЫС ЖЕҢІСКЕ БАСТАЙДЫ

28 июль 2022, Четверг
147
0
Соңғы кездері Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің қызметінде тың ізденістер, соны жаңалықтар болып жатқандығын айтуға тиістіміз. Ардагерлер кеңесі ауданның кез-келген саяси, қоғамдық, мәдени-көпшілік шараларына белсене араласуда. Көптеген игілікті істерге бастамашы болуда. 
Аудан ардагерлер ұйымында күн сайын жаңалық, күн сайын жақсы істер ұйымдастырылуда. 
Жақында өткен аудандық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген мәжілісінде бірқатар тың тақырыптар қозғалып, маңызды мәселелер талқыланды. Төралқа отырысына аудан әкімінің орынбасары Анар Ахметова, аудандық ауруханының бас дәрігері Батырбек Үсенбаев, білім бөлімінің басшысы Нұрмахан Тыныбеков, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ғазиза Естаева, аудандық соттың төрағасы Бабырхан Абуев, аудандық "Жаңа өмір" газетінің бас редакторы Нұржан Манасұлы, ауылдық округ әкімдерінің қатысуынан-ақ  бұл басқосуда өзекті мәселелердің қаралып, шешімін тапқандығын байқауға болады. 
Облыс ардагерлер ұйымдарындағы жұмыстарды жіті бақылап отырамыз ғой. Бұдан 2 жыл бұрын қабылданған "Ардагерлер туралы" Заңның орындалуы жөнінде Жуалы аудандық ардагерлер кеңесі осы жолы үлкен талқылау өткізді. Сондай-ақ, "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің биыл мамыр айында өткен кезектен тыс IX сьезінде қабылданған облыстық, аудандық ардагерлер ұйымдары туралы ережелердің ерекшеліктері белсенділерге кеңінен түсіндірілді. Төралқа отырысында жиналғандар аудандық билер кеңесінің, әкелер кеңесінің, аналар алқасының ережелерімен таныстырылды. Бұл мәселелер жөнінде Жуалы аудандық сотының төрағасы Бабырхан Абуев, аудандық билер, әкелер кеңестерінің төрағалары Мұратқали Рахметов, Абуғали Ералиев, Қарасаз ауылдық аналар алқасының төрайымы Айгүл Омарова баяндады.
Жақында аудандық ардагерлер кеңесінің бастамашылығымен отбасы құндылықтарын дәріптеу, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін көтеру мәселесіне арналған "Отбасы — Отанымыздың алтын діңгегі" атты тағылымдық жиын болып өтті. Бұл жолы ардагер ақсақалдар мен ақжаулықты аналар жастармен кездесіп, өздерінің тағылымды өмір жолдарымен бөлісті. 
Ардагерлер кеңесіндегі жаңашыл бағыттың өз нәтижесін беретіндігіне сенімім мол. Ауданда ардагерлердің белсенділігі бұрынғыдан артып келеді, нәтиже де жаман емес. 
Жуалы аудандық ардагерлер ұйымының жаңашыл жұмыс тәжірибесін облыс көлемінде кеңінен таратуға әбден болады деп есептейміз. Қазір қол қусырып қарап отыратын заман емес, тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жеңісті жетістіктеріміз де аз емес, жоғалтып алғанымыз да бар. Сондықтан, ізденісті, жаңалыққа бет алған қызметті барынша бағалағанымыз дұрыс.

"ҒҰМЫР-ДАРИЯ" — АҚПАРАТ.

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Қоғам
30 май 2022, Понедельник
Қоғам
Үлкендер өзгерісті қолдайды
01 июль 2022, Пятница
Үлкендер өзгерісті қолдайды
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
28 июль 2022, Четверг
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
Ардагерлер өмірінің жаршысы
01 июль 2022, Пятница
Ардагерлер өмірінің жаршысы
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры