Ардагерлер өмірінің жаршысы
Ертең "Ардагерлер орталығы" ғи-маратында облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кезекті отырысы өтеді. Газетіміз бұл оқиғадан бір күн кейін шығатындықтан, төралқа мәжілісі туралы толық есеп газетіміздің келесі нөмірінде жарияланатын болады.
Бұл арада, уақыттың тығыздығына және төралқа мәжілісінде қаралған мәселенің маңыздылығына байланысты алдын-ала облыстық ардагерлер кеңесінің және "Ғұмыр-Дария" газетінің ұстанымынан оқырмандарды хабардар етуді жөн көрдік. Ертең төралқа талқысына "Ғұмыр-Дария" газетін екінші жартыжылдыққа жаздыруды ұйымдастыру мәселесі қаралғалы отыр. Әрине, уақыт тығыз, екінші жартыжылдыққа жазылу 28 маусымда бітеді. Саяси науқан дедік, референдум дедік, ардагерлер ұйымдары өзіміздің төл газетімізге жаздыру мәселесін біршама кешеуілдетіп алған жағдайлары бар. Дегенмен, етек-жеңді жинап, белсенді ардагерлерімізді жұмылдырып жіберсек, әлі де болса, ардагерлер басылымына жазылу науқанын жылдағы деңгейде аяқтауға мүмкіндік бар.
Жалпы, Тараз, Шу қалалық және аудандық ардагерлер кеңестері 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына "Ғұмыр-Дария" газетіне жазылуды біршама ұйымдасқан түрде өткізген. Бірінші қаңтарға облыста тек "Қазпочта" жүйесі бойынша 5049 газетке жазылған болатын. Олардың арасында 3 айға жазылғандары бар, бұл көрсеткіш сәуір айында 4466-ға кеміді. Жалпы, жылды жақсы бастадық. Әсіресе, Меркі, Т.Рысқұлов, Жамбыл, Жуалы, Байзақ, Қордай аудандарының ардагерлер ұйымдары "Ғұмыр-Дарияға" жазылуда ұйымшылдық танытты. Талас ауданы көрсеткіштерін төмендетіп алып еді, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Әсемов биыл берілген тапсырыс үдесінен шығатындығына сендіріп отыр.
Қалалық, аудандық ардагерлер кеңестері, бастауыш ардагерлер ұйымдары алдағы жартыжылдыққа да осы көрсеткіштен төмен түспейді деп сенеміз. Жалпы, "Ғұмыр-Дария" газетінің қолдаушысы да, демеушісі де ардагерлер ұйымдары. Ардагерлер ұйымдары келесі жылы өзінің 10 жылдығына қадам басқалы отырған газетіміздің әр кезде қасынан табылып жүр. Осы жылдар ішінде беделді, берекелді, қуатты күш болып отырған ардагерлер ұйымдары қай жағынан алғанда да "Ғұмыр-Дария" газетінің танылып, тамырланып, қалыптасуына көп ықпал етті.
Облыстық ардагерлер кеңесі төр-алқасының кезекті отырысында ардагерлер басылымдарына жазылудың жай-жапсары қаралуының өзі жайдан-жай емес. Осы жолы Шу қалалық және Сарысу, Шу аудандық ардагерлер кеңестерінің төрағалары ардагерлер басылымдарына жазылудың барысы туралы төралқада есеп беретін болады. Барлық ардагерлер кеңестері төрағаларының алдына нақты міндеттер қойылмақшы.
"Ғұмыр-Дария" газеті – облыс ардагерлер ұйымы қызметінің құрамдас бір бөлігі. Қатардағы ардагерлерден бастап ардагерлер ұйымдарының белсенділеріне дейін "Ғұмыр-Дарияны" оқиды десек қателесе қоймаймыз. Сондықтан, жылдың екінші жартыжылдығына төл басылымымызға жазылудан кеш қалмау үшін ықылас танытқанымыз жөн.

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)