Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » «Жаңарған Қазақстан, әділетті болашақ үшін»

«Жаңарған Қазақстан, әділетті болашақ үшін»

01 июль 2022, Пятница
146
0
Елімізде Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларға қатысты өткен республикалық референдумға дауыс беру құқығына ие 7 985 769 адам қатысты. Бұл – дауыс берушілер тізіміндегі азаматтардың 68,05 пайызы. Қорытынды есеп бойынша Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды жақтап 6 163 516 кісі дауыс берді немесе референдумға қатысқандардың 77,18 пайызы Жаңа Қазақстанды қолдады. 
Жамбыл облысы бойынша 477 290 кісі сайлау учаскелеріне келді. Бұл референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың 69,39 пайызын құрайды. Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны облыстағы дауыс беруге қатысқандардың 78,63 пайызын құрап отыр. 
Сөйтіп, еліміз бойынша аса маңызды саяси науқан мәресіне жетті. Референдум қарсаңында облыс ардагерлер ұйымы белсенділерінің насихат жұмысына кеңінен қатысқандығын айтып өтуіміз керек. Облыста құрылған қоғамдық штабтың құрамында облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері тұрғындар арасында кең көлемде ақпараттық жұмыстар атқарды. Облыстық, Тараз қалалық және аудандық ардагерлер кеңестерінің жанынан құрылған референдумды қолдау жөніндегі қоғамдық штабтар үлкен жауапкершілік танытты. 
Референдум болған күні учаскелерге ардагерлер ертемен келді. Облыс аумағында 100 жастан асқан ондаған ардагерлеріміз елдің саяси болашағы үшін өздерінің таңдауларын жасады. Солардың бірі – 101 жастағы тараздық соғыс ардагері Григорий Нещеретнев (суретте). Сол сияқты Жамбыл ауданындағы 112 жастағы ардақты ана Күлбарам Сүгірова да өзінің саяси таңдауын жасады. 
Ата Заңымыздың 33 бабына 56  өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, қазақстандықтардың бүкілхалықтық қолдауына ие болды.  Енді Жаңа Қазақстан құру жолындағы үлкен жұмыстар басталады. Солардың алдыңғы сапында болайық, ардақты ардагерлер!
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры