Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Билік және бастауыш ұйым

Билік және бастауыш ұйым

30 май 2022, Понедельник
161
1
Т.Рысқұлов ауданындағы Тереңөзек ауылы туралы бұрыннан хабарымыз бар. Кеңестік кезеңде «Жамбыл» ұжымшарының орталығы болған елді мекеннен талай тарихи тұлғалар шыққан. Әріден қозғасақ, патша өкіметі кезінде өмір сүрген ақын Өзбек Ақжолұлы. ақындар Қазыбай Бижанов, Қожамберді Омаров, қоғам қайраткері Жигули Дайрабаев (қазір Қазақстан Республикасы Фермерлер қауымдастығының төрағасы), Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов, кәсіпкер Асқар Жүнісқадіров, Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл филиалының директоры. «Егемен Қазақстанның» облыстағы меншікті тілшісі, ақын Хамит Есаман есімдерін атаудың өзі бұл өңірдің киелі мекен екенін көрсетіп тұр. 
«Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпес». Кезінде атағы алысқа кеткен ауылдың бүгінгі жағдайы да жаман емес. Бұл жайға Тереңөзек ауылдық округінің әкімі Қанат Самат және осындағы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Жолдас Қайнарбаевпен болған әңгімеден қанықтық. 

– Округ аумағында 3 елді мекен – Тереңөзек, Көкарық, Шолаққайыңды ауылдары бар. Тұрғындар саны – 3324 адамды құрайтын бұл елді мекендерде 1 орта, 2 бастауыш мектеп, 1 балабақша, 3 кітапхана, 3 ауылдық клуб, пошта, дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік пункт, шағын сауда дүкендері, ашық спорт алаңдары халыққа қызмет көрсетуде,-деп сөз бастап кетті ауылдық округ әкімі Қанат мырза. 
– Дұрыс-ақ. Жаңағы өзіңіз атаған мекемелердің қалыпты жұмыс жүргізуіне жағдай жасап отырған шығарсыздар? – деген сауалымызға да әкім асықпай отырып жауап берді. Жетістіктерімен қатар шешуі кезек күттірмейтін мәселелерді де жасырып қалған жоқ.  
–Ауылдағы әлеуметтік нысандар жұмысы бақылауда. Олардың қалыпты жұмыс жүргізуіне қолдан келгенше қолдау көрсетіп отырмыз. Дегенмен, мәселелер бар. Көкарық пен Шолаққайыңдыда орта мектеп салуға тұрғындар саны жетпейді. Сондықтан, 144 баланы тасымалдап оқытуға мәжбүрміз. Арнайы автобустар бөлінген. Екі ауыл «көгілдір отынның» игілігін көріп отыр. Шолаққайыңдыға табиғи газ құбырын тартылу мәселесі жоспарға кіргізілген. Жобалау-сметалық, басқа да құжаттар республикада шешіліп жатыр. 
–Біздің «Ғұмыр-Дария» газеті – облыс ардагерлерінің үні ғой. Сондықтан, округте ардагерлер кеңесі аға буын өкілдерімен қандай жұмыстар жүргізуде. Оған жергілікті билік тарапынан қолдау бар ма? 
Бұл сауалымызға ауыл ардагерлерінің жетекшісі Жолдас Қайнарбеков бірінші болып жауап  берді. 
– Аумақта 330 түрлі санаттағы зейнеткерлер бар. Өкінішке орай, Ұлы Отан соғысы ардагерлері бүгінде бәрі де бақилық болып кеткен. Қазір ауылдағы Ұлы Отан соғысына қатысушыларының жесіріне, тыл ардагерлеріне, ауған соғысы ардагерлеріне, тәжік-ауған шекарасында қақтығысқа, Чернобыль апатын жоюға қатысқандарға мүмкіндігіне қарай жағдай жасап, қамқорлық көрсетудеміз. 
Ауылда жалғызілікі қарияларға арнайы әлеуметтік маман бекітілген. Қариялардың мұқтаждықтарын мүмкіндігінше, ретіне қарай шешудеміз. 
Ардагерлер кеңесінің төралқа мүшелері мен белсенді қариялар ауылдағы мәселелерді көтеріп, шешілуіне атсалысып тұрады. Әлеуметтік көмектер көбінесе мемлекет тарапынан көрсетіледі ғой. Біз қариялардың қамқорлықтан тыс қалмауын ескертіп отырамыз. Қолдан келгенше ақыл-кеңесіміз бен сөз жәрдеміміз дайын. 
–Ауыл ақсақалдарына елдің, жердің жайы бес саусақтай белгілі. Айтпаса сөздің атасы өледі, сондықтан белсенді ардагерлер мәселе көтеріп, елдің сөзін сөйлейтін шығар? – деген сауалымыздың жауабын Қанат әкімнен алдық. 
– Оған сөз бар ма. Мысалы, Шолаққайыңды ауылын газдандыру, жайылым жағдайы, жолдарды жөндеу туралы мәселелерге ауыл ақсақалдарының игі ықпалы болды. Мақпал сайындағы, құм өңіріндегі кәсіпкерлер иелігіндегі жерлерге үлескерлердің малын еркін жаюға меморандум жасалған. Ақыртөбе – Қайыңды – Тереңөзек арасындағы жол мәселесі шешілді. Енді Көкарық пен Шолаққайыңдының жолын қалыпқа келтіру, жөндеу қолға алынып жатыр. 
Облыстағы соңғы жылдары қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы бізде де ойдағыдай жүзеге асуда.  2020, 2021 жылдары тұрғын үйге мұқтаж 2 отбасына баспана салып бердік. Биыл да 1 отбасының баспана мәселесін шешу көзделіп отыр. 
– Осы жерде мен ауылдағы барлық игілікті істердің басы-қасында жүріп, ақыл-кеңестерін айтып отыратын, керек жерде өткір, өзекті мәселелер көтеретін ардагерлер туралы айтқым келіп отыр,-деп сөзге араласты Жолдас Қайнарбеков қария. –Құлмахан Бектұров, Кеңес Дабылбеков, Рахымбай Парменқұлов, Тастан Мәндербеков, Жексентай Сүйінбаев, Саламат Жексенбаев, Аманкүл Әлменбетова, Қалбүбі Бердіқожаева, Рахима Бейсенбиева сынды ардагерлер есімдері ерекше құрметпен айтуға лайық. 
Ал енді, осы ауылдың тумасы, жағдайға байланысты кезінде сыртта жұмыс істеп қазір де басқа жерде тұрып жатқан Елдос Омаров ағамыз туралы әңгіменің жөні бөлек. Кезінде партия, кеңес, кәсіподақ қызметтерінде болған зиялы азаматтың ауылда «Ардагерлер аллеясын» ашуға қосқан үлесі зор. Қазір ауыл ажарын ашып тұрған осы аллеяда – 132 адамның суреті қойылған. Оладың ішінде Ұлы Отан соғысына қатысқандар, Еңбек Ерлері, танымал тұлғалар, қарапайым еңбек адамдары бар. Бәрі де құрмет көрсетіп, мақтаныш етуге тұрарлық тұлғалар. Ең бастысы, біз олар арқылы жастарды еңбекке, елдікке, ерлікке тәрбиелейміз. 
«Жастарды отаншылыққа тәрбиелеу» дегеннен шығады, бұрындары мектептерде, көпшілік бас қосатын қоғамдық орындарда соғыс және еңбек ардагерлерімен, қоғам қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, олар жастарға ақыл-кеңестерін айтып, іс-тәжірибелерімен бөлісетін еді. Нағыз тәрбие сол болатын. Соңғы екі жылда коронавирус індетіне байланысты ондай іс-шаралар өткізу мүмкін болмай қалды. Құдайға шүкір, індеттің беті қайта бастады. Енді сақтақ шараларын сақтай отырып, ондай басқосулар ұйымдастыру ойда бар. 
– «Туған жерге туыңды тік» деген бар ғой қазақта, ауылдың көркейуіне атсалысып жүрген азаматтар бар шығар?,–деймін ғой мен әңгіменің көрігін қыздыра түсіп,-Қазір азаматтар имандылыққа көптеп бет бұруда. Әсіресе, жастар жағы. Бұл – қуантарлық мәселе. Бірақ, діндегі теріс ағымдардың бұрыс жолға салып жатқан арандатушылық әрекеттері алаңдатушылық туғызады. Осы жайында әңгіме өрбітсек. 
Бұл сұраққа сұхбаттасымның жауабы қысқа-нұсқа болды:  
– Ауылды түлетуге, көркейтуге осы өңірден түлеп ұшқан, осында тұрып жатқан ілкімді азаматтардың қосқан үлестері бар. Марқұм Асқар Жүнісқадіровтың ауылға көмегі көп болып еді. Жатқан жері жайлы болсын! Қазір де ауылды гүлдендіруге, түрлендіруге атсалысып жүргендер бар. Олар барлық мерекелерде ардагерлерге арнайы сый жасайды. Одан бөлек, жекелеген қариялардың мерейтойларында құттықтап, жөн-жоралғысын көрсетіліп жатады. 
Имандылық жайына келсек, Тереңөзекте орталық мешіт бар. Жұма күні, айт намаздарында құлшылық етушілер көп болады. 
Биылғы жылы 5 адам Меккеге барып, қажылық парызын өтеп қайтты. Ауылымызда 11 қажы бар. Қысқасы, ауылымыздың атына кір келтірмеу үшін барлық жағдайды жасаймыз,-деп сөзін түйіндеді төраға.  
– Сұрамасаңыз да айтайын. Біздің қариялар ардагер-лерге арналған «Ғұмыр-Дария» газетіне біркісідей жазылады. Жақсы басылым. Алдағы уақытта да газет беттерінен тарихи тақырыпта мақалалар оқығымыз келеді. Жастарға тәрбиелік мәні зор тарихи оқиғалар, аңыз әңгімелер болсын, ұлттық құндылықтар туралы мақалалар көптеп жарияланса, оқырмандар қызығушылығы арта түсер еді,-деп түйіндеді әңгімесін ардагерлер ұйымының төрағасы.  
Біз оған іштей қуанып қалдық. Газетіміз жайлы құнды пікірлер айтылса, әрине, мәртебеміз өсіп қалатыны шындық. 
Болат ЖАППАРҰЛЫ, 
«Ғұмыр-Дария».

Обсудить

Похожие материалы:

Құттықтаймыз
08 декабрь 2021, Среда
Құттықтаймыз
Билік және бастауыш ұйым
29 апрель 2022, Пятница
Билік және бастауыш ұйым
Үлгілі ауыл жобасы
29 июль 2020, Среда
Үлгілі ауыл жобасы
Біздің белсенділер
30 май 2022, Понедельник
Біздің белсенділер
ҚАЗАҚ ТАРИХЫ: МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ
10 февраль 2022, Четверг
ҚАЗАҚ ТАРИХЫ: МЫҢНАН БІР МЕЗЕТ
Добавить комментарий
Комментарии (1)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Wendell
Wendell Гости 25 октября 2024 01:43
Replica Sneakers for Men dr159 Fake Shoes,Replica Sneaker wd536
Сотрудники
Партнеры