Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Ауылым – алтын бесігім

Ауылым – алтын бесігім

11 июль 2025, Пятница
6
0

Шоқпар ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы болып сайлануым маған ерекше жігер берді. Өйткені, зейнетке шыққаннан кейін еліме керек екенімді сезіндім . Ең алдымен ауылдың берекесі мен бірлігін сақтауымыз керек. Бұл – өте маңызды. Ынтымағы жарасқан ел ортақ мақсатқа ұжым болып жұмылғанда нәтиже болады. Ауылда ауызбіршілік болу керек. Әр отбасының бүтіндігі – ол қоғамның бүтіндігі. Біз жастарға сенеміз. Іс-шараға үлкен-кіші демей, бірдей ат салысуымыз керек. Аналарымыздың айтқан ақылы – шырақ. «Тәрбие – тал бесіктен» дейді ғой. Кісілік пен кішілік танытқаның сыйластықтың белгісі. Сыйласа, сырласа отырып барлық мәселені шешуге болады. Иманды ұл, ибалы қыз тәрбиелеу керек. Ауылда қанша адам тұрғаны маңызды емес, қандай адамдар тұрғаны маңызды. Әлемді қайырымдылық ұстап тұр. Қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да, көмек берген дұрыс. «Саусақ біріксе, ине ілігеді» деп, қазыналы қарттарымыз бас болып, жастарымыз еңбектен аянып қалған емес. Ардагерлер ұйымының төрағасы ретінде ауыл жастарымен кездесу өткізіп тұрамыз. Әрқашанда тұрғындармен бірлесіп қимыл жасаймыз. Қандай мәселе болсада шешуге ат салысып, ел бірлігін сақтауға тырысамыз.
Бастауыш ардагерлер ұйымының ережесі бойынша жұмыс жасаймыз. Ардагерлер кеңесінің мүшелеріне жеке-жеке міндеттер бөліп бергенбіз.  Бізде жылдық, тоқсандық іс-шаралар жоспары жасалған. Өткізілген барлық іс-шаралардың қысқаша мазмұны арнайы журналда тіркеледі.  Ардагерлер жиналыстарының, кеңес отырыстарының хаттамаларын жазу-мен аналар кеңесінің төрайымы Шарипа айналысады.  Ауылдық округ ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған тұрақты комиссиялар да өздеріне жүктелген міндеттермен белсене айналысады. Біздің негізгі мақсатымыз – ауылдағы ардагерлердің белсенділігін көтеру, қоғамдық жұмыстарға кеңінен тарту, сондай-ақ олардың тұрмыстық жағдайларына, сауықтырылуына қамқорлық көрсету. 
Ауылда әр отбасында әкелердің рөлі өте зор. Ұлтымызды, ұрпағымызды әдептілікке тәрбиелеу мақсатында әкелер өсиетінің ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі туралы іс-шара өткіздік. Мектеп ұжымымен бірлесе отырып, мектеп оқушыларының еңбек ардагерлерімен кездесуін ұйымдастырдық. Жастар ұйымымен бірлесіп патриоттық тәрбиені қалыптастыру бағытында бірлесе жұмыс істеп жатырмыз. Әкелер, аналар кеңестері қоғамдық жұмысты жандандырып, ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ бойына сіңіру бағытында біршама жұмыстар атқаруда. Аузы дуалы, сөзі уәлі алқа билерімізбен, ауыл имамдарымен, өнер иелерімен кездесіп тұрамыз. Ауыл ардагерлері өзіміздің төл басылымымыз – «Ғұмыр-Дария» газетіне түгелге жуық жазылды. 
Жылдар жылжып, уақыт сырғып өтеді. Адамдарды қуантуға, сыйлап, құрметтеуге мүдделіміз. Жақсы, жылы сөзді  естігенде адамның  жүрегі демалып қалады екен. Біз өмірден көргенімізді, білгенімізді кейінгі ұрпаққа үлгі етуіміз керек. Ауыл-жұртының қамын жейміз. Бұл – біздің үлкендігіміз, қариялық міндетіміз. 
Билер, аналар кеңестерінің төрағаларымен тығыз бірлікте жұмыс жасаймыз. Өз өміріңді де, басқаның өмірін де бағалай білуіміз керек. Атақ сұрамай, абырой сұрау керек. Мінез – адамның айнасы. Көркем мінезді болуға тырысайық. Алла көркем мінезді қалаған. «Бірің қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деп Ұлы Абай айтқандай, қайда болсақ та амандықта болайық. Ойымыз орнықты, сабырымыз салмақты болсын деп тілейік. Тыңдамай тұрып жауап беру, түсінбей тұрып пікір айту, білмей тұрып шешім шығару – нағыз надандықтың белгісі. ″Өз өміріңді түзе, тәніңді таза ұста, Білім мен ғылымға құмар бол. Дүние мүлікке қызықпа″ деп жастардың бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңірудеміз. Бірлік болмай, тірлік болмайды. Алаш ұлдары ардан аттап баспаңдар! Әр айтқан сөзімізде тәрбие болу керек. Адамдық қалыпты биік ұстау кімге де болса үлкен сын. Іздеген жетер мұратқа! Сана сезімді оятып, құпия сынақтарды аша білу керек. Адамның басшысы – ақыл, шолушысы ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық болуы тиіс. 
Ауылымыз – алтын бесігіміз, ауылды көркейту аға ұрпақ біздің парызымыз. Ағаштың сүйеніші – тамыры болса, адамның сүйеніші – отбасы. Отбасымызға құт-береке дарысын. Тек қуанышқа толы жақсы күндеріміз көп болсын! 

Алтынбек ЕРКЕШОВ,  
Шоқпар ауылдық округі                                                                                                         ардагерлер кеңесінің төрағасы

Шу ауданы

Обсудить
Блок в статье:
Арды ойлаған азамат 11 июль 2025, Пятница
Бағы жанған азамат 11 июль 2025, Пятница

Похожие материалы:

ШАҚПАҚАТА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ
22 август 2024, Четверг
ШАҚПАҚАТА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ
ЕЛДІК ЕЛГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
13 ноябрь 2023, Понедельник
ЕЛДІК ЕЛГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
16 август 2024, Пятница
ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ
АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АСЫЛ ЖАНДАР
14 июль 2023, Пятница
АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АСЫЛ ЖАНДАР
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры