Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АСЫЛ ЖАНДАР

АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АСЫЛ ЖАНДАР

14 июль 2023, Пятница
113
0
Шоқпар ауылы - біздің Шу ауданының шалғайында жатқан елді мекен. Шалғайда болсақ та қайнаған шаруадан шет қалған жеріміз жоқ. Қарап отырсам, ауылда атқарылып жатқан қандай бір жұмыстарда болмасын ардагерлеріміз шет қалған емес, қайнаған тірліктің ортасынан табылып жүреді, ақыл - кеңестеін айтады, өздерінің мол өмірлік тәжірибелерімен бөлсіп отырады. 
Кәсіби дөңгелетіп, шаруа қожалықтарын құрып, ел игілігін молайтуға үлес қосып жүргендер де аз емес. Менің айтайын дегенім бұл емес, ауылдағы ақ жаулықты абзал жандарымыз - белсенді аналардың бүгінгі таңдағы өнегелі тіршіліктері туралы ой қозғамақпын. Ауылымызда бұдан бірер жыл бұрын аналар алқасы құрылған. Бұған дейін де зейнет жасындағы нәзік жандыларымызды қол қусырып қарап отырды дей алмаймыз. Ал аналар кеңесі құрылғаннан кейін жұмысымыздың бір жүйегі түсіп, жоспарлы түрде жүргізіліп жатқандығы, бұл енді шындық.
Ауылдың белсенді әйел - аналары жиірек бас қосатын болдық. Біздер де ақылдасатын, қолға алатын кезек күттірмес шаруалар жетерлік. Ауылдағы бала тәрбиесі, жас келіндердің әдебі - әдеті, отбасындағы болып тұратын түрлі кикілжіңдер, міні осылардың барлығы біздің назарымыздан түскен емес.
Осы жақында ғана Шоқпар ауылының ардагер аналарын жинап арнайы жиын өткіздік. Бұл жолы ауыл жастары арасындағы тәртіп мәселесін қарадық. Расы керек ауылымызға сыртта біреу келіп тәртіп бұзбайды, өзіміздің балаларымыз түн уақытысында мезгілсіз жүреді, сөйтіп жүріп тәртіпсіздікке ұрынатын жағдайлар да болып қалады. "Қызға қырық үйден тиым" деп дана қазақ бекер айтпаған ғой. Жиынға қатысып отырған барлық егде жастағы аналар ең алдымен тәртіпті отбасында қадағалау керектігі жөнінде ұйғарымға келді. Барлық аналар ұл өсіріп, қыз өсіріп отырмыз. Ең алдымен соларға үйден тәрбие беруіміз керек, құлақтарына қазақтың тиым - дәстүрлерін құйып отырғанымыз жөн. 
Осы жиында қырық жыл денсаулық сақтау саласында қызымет еткен Алмагүл Тайсалықова сөз сөйлеп былай деді:
– Көп ел осы үйде отырған аналардың қолынан не келуші еді деген ойда. Біздің қолымыздан көп жұмыс келеді. Бәріміз ұл - қыздарымызды былай қойғанда немере, шөбере өсіріп отырған ардақты әжелерміз. Сондықтан үйде болсын, түзде болсын жүрген жерлерімізде тағылымызды айтып, жастарға тәрбие беруіміз керек. 
Алмагүл ананың бұл сөзін басқалар да қолдады. Сөйтіп тәрбие жұмысына жұдырықтай жұмылып кірісеміз деп шештік. Салтанат Еркешова ұзақ жыл ұстаз болған ұлағатты ана. Ал аналар алқасының мүшесі Бейсенкүл Орманқұлова жеті бала тәрбиелеп өсірген алтын алқа иегері, мәдениет саласының ардагері. Ауылдағы батыр аналарымыз Әнекүл Әшмолдаева, Марипа Шалданбекова, Майра Бегімбаева, Несіпкүл Табаева, Алмакүл Күлпатшаева барлық уақытта аналар алқасының бастамаларын қолдап қана қоймай, соларды орындау бағытында аянып қалмайды. 
Әр салада кезінде жемісті қызмет атқарған Мағнит Тоқсанбаева, Ләззәт Жақсыбаева, Салтанат Еркешова, Ырысқайша Мұздыбаева сияқты белсенді аналарымыздың есімдерін айрықша атап өтуді жөн көріп отырмын. 
Біздің ауылдың қариялары облыстық "Ғұмыр - Дария" газетінің тұрақты оқырманддары екендігін айта кетуім керек. Алдағы жарты жылдыққа 41 ардагеріміз төл басылымымызға жазылды. Бұл орайда Данияр Әділкереев деген кәсіпкеріміз қолдау көрсетіп демеушілік жасағанын айтуға тиістімін. 
Ардақты аналарымыз алдағы уақытта да қоғамдық жұмыста, жастар тәрбиесінде, отбасылық құндылықтарды насихаттауда алдыңғы саптан көріне береді деген сенімдеміз.


Шарипа ЖАМАНБАЛАЕВА
Шоқпар ауылдық округі аналар алқасының төрайымы
Шу ауданы
Обсудить

Похожие материалы:

АТАДАН – АҚЫЛ, АНАДАН – МЕЙІРІМ
10 ноябрь 2022, Четверг
АТАДАН – АҚЫЛ, АНАДАН – МЕЙІРІМ
Билік және бастауыш ұйым
30 май 2022, Понедельник
Билік және бастауыш ұйым
ӘУЛЕТКЕН ӘНІМЕН
14 июль 2023, Пятница
ӘУЛЕТКЕН ӘНІМЕН
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры