ӘУЛЕТКЕН ӘНІМЕН
Меркі ауылдық округінің аналар кеңесінің мүшесі Нұрия Оңғарбаева зейнеткерлікке шықса да, еңбектен қол үзген жоқ, қоғамдық жұмысқа да белсене араласады. Бүгінде ардагер ана 76 жаста. Ол кісі Ақтоған ауылында тұрады. Жамбыл қаласындағы Абай атындағы педучилищені бітіргеннен кейін, алғашқы еңбек жолын Меркідегі №7 мектептен бастады, көп ұзамай өмірлік серігін тауып, тұрмыс құрды. 39 жыл бастауыш сыныптарға ұстаздық етті. Шәкірттері әлі де ұстаздарымен байланыста. Нұрия Оңғарбаева әуесқой әнші, аудандық «Береке» халықтық әжелер тобында 2010 жылдан бері жеке дауыстағы әншісі. Бұл топ екі рет халықтық атағын қорғап қалған өнер ұжымы. «Dombyra» – қазақ халқының рухани жан серігіне айналған музыкалық төл аспаптарын, дәстүрлі ән-күйлерін, жыр – термелерін халыққа барынша насихаттайтын телеарна. 2022 жылы ардагер ұстаз осы телеарнада өзінің өнерін күллі қазақстандықтарға паш етті.
Жалпы анамыз жас кезінен ән айтуға құштарлығы жоғары болатын. Мектепте концерттерден қалған емес, педучилищеде оқып жүргенде ән айтып, көркемөнерпаздар үйірмесінің ұйытқысы болды. Бастауыш пәні мұғалімі бола жүріп музыка сабағынан да дәріс берді. Кез келген ортада өзін еркін ұстайды, жақсы әнімен көптің қошеметіне бөленді. «Әнді сүйсең менше сүй» дегендей, Шәмшінің әндерін, халық әндерін тамылжыта орындайды. Ауданда өтетін қандай да болмасын іс - шараларда халық ортасында жүреді. Жеке репертуарларында 15 шақты әндері бар «Беу - айдай», «Ой,сәулем-ай», «Күміс құмған-ай», «Жаса, Меркі», «Меркі жастарының вальсі», «Екі алуан, екі асыл зат», «Ақ сырмақ», «Күн дидарлы, Қазақстан» әндерін тамылжыта орындайды.
Сондай - ақ «Гауһар тас», «Дударай», «Куә бол», «Асыл анашым», «Есіңе мені алғайсың», «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» деген әндерін көрермендер сүйіп тыңдайды.
Жасының ұлғайғанына қарамастан анамыз белсенді өмір сүруде. Бүгінгі таңда 3 ұлдан 9 немересі бар, балалары өз орындарын тауып, бір-бір мамандықтың иесі болып жұмыс жасайды. Ең алғашқы немересі Аружан Астана қаласында мұғалім, әже жолын қуған. Екі немересі болашақ дәрігерлер, қалғандары мектепте оқып жатыр.
Анамыз өзі қатысқан тойларда міндетті түрде ән шашуын жолдап, көрермендердің қошеметіне ие болады. Бүгінгі таңда «Қазақ аналары-дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі қанатын кеңге жайып, облыс,аудандарда құрылып жатыр. Таразда өткен іс-шарада меркіліктер атынан Нұрия анамыз Ж.Молдағалиевтің сөзіне жазылған Б.Дәлденбаевтің «Абзал ана» әнін тарту етті. Жуық арада «Балауса» балабақшасында өткізілген «Әжелердің қонақкәдесі» атты іс-шарада «Немерем» әнін орындап,бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл сыйлады. Анамыз бүгінде ақ кимешегін киіп жастардың бойына қазақтың салт-дәстүрлерін сіңіріп, ақыл - кеңестерін беріп жүр. Аузынан ақ батасы түспейтін абзал ана – бүгінде берекесі ортаймайтын отбасының ырысы мен құты. «Аллаға шүкір, бойымдағы күш - қуатым жеткенше жеткіншек ұрпаққа бар білгенімді үйретсем», - деп жүрген анамызға шынайы көңілден айтар ақ тілегім – жанарыңыздан күлкі кетпесін, жаздай жадырап, көктемдей құлпырып, арамызда аман – есен жүре беріңіз.

Роза БАЙБОСЫНОВА,
Меркі ауылдық округі
аналар кеңесінің төрайымы
Меркі ауданы
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)