Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ДЕРЕКТАНУ ҒЫЛЫМЫНҢ "ТАМЫРШЫСЫ"

ДЕРЕКТАНУ ҒЫЛЫМЫНҢ "ТАМЫРШЫСЫ"

24 ноябрь 2022, Четверг
130
0
1966 жылы Байзақ (Сверлов)  ауданы Түймекент орта мектебін бітіріп, Алматыдағы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының тарих факультетіне жолым  болып оқуға түстім. Оқуға жаңа түскендерді институттың жас ұстазы Зейнолла Серікқалиев бастап Үшқоңыр тауы етегіне картоп жинауға алып барды. Студенттер ортасынан тақтаймен бөлінген үлкен базға орналастық, бір бөлігінде ұлдар, екінші бөлігінде қыздар жайғасты. Жатын орнымыз екі қатар тақтай сәкі. Бір топта оқитын ұл-қыздар бір-бірімізбен сонда таныстық, студенттер республиканың барлық өңірлерінен бар болып шықты. Алғашқы күні-ақ маған жылы жүзді жігіт келіп: «Сен Жамбылдансың ба? – деп қолын ұсынып, – «атым – Қамбар, Жамбылданмын», – деді. «Иә, мен де Жамбылданмын, атым – Айтмахан», – деп қолын алдым. Қамбар досыммен таныстығымыз осылай басталған еді.
Үшқоңыр тауы етегінде бір айдай картоп жинап, қазан айының басында институттағы сабағымыз басталды. Сабақтан соң семинарлар мен коллеквиумдарға дайындалу үшін институт кітапханасы мен институтқа жақын  Пушкин  атындағы республикалық –көпшілік кітапханасында отырамыз. Қамбар алғашқы семинарлар мен коллеквиумдарда нақты жауаптарымен факультет ұстаздарының назарына іліге бастады. 1967 жылдың маусым айында археология пәнінің мұғалімі И.И.Копыловтың жетекшілігімен Талғар қаласының оңтүстік-шығысында тау етегінде айға жуық сақ қорғандарын зерттеу жұмыстарымен айналыстық. Студенттер палаткаларда тұрдық. Тау бөктерінде өскен шыршалар әсем көрінеді. 
Екінші курстың 1-семестрінен кейін Қамбар жанұя  жағдайымен академиялық үзіліс алып елге қайтты. Жамбыл жүнді алғаш өңдеу фабрикасында жұмыс істеді. Екінші курсты аяқтап, денсаулығыма байланысты мен де академиялық үзіліс алып емделдім. 1969 жылдың қаңтар айында: «Айлығымды алдым», – деп емделіп жатқан маған келді, екеуміз жиі араласып тұрдық. Үшінші курста сабақты бірге бастадық, ол сабақты жақсы оқыды. Думанға толы студенттік жылдармен қайыр-қош айтысып, 1971 жылы институтты аяқтап, тарих пәнінің мұғалімі деген дипломмен елге оралдық.  
Қамбар Махамбетұлы 1947 жылы 25 тамызда Тараз қаласының іргесіндегі Амангелді ауылында дүниеге келген. 1966 жылы Жамбыл қаласындағы №5 Жамбыл атындағы орта мектебін бітірген. 1971 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетін аяқтады. 1971-1972 жылдары Жамбыл ауданы орталығындағы Аса орта мектебінде, 1972-1974 жылдары Жамбыл қаласындағы №322 теміржол мектебінде тарих пәнінен мұғалім болды. 1974-1977 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасын сәтті аяқтап, Шығыс Қазақстан облысының қызы Маяға үйленіп, Амангелді ауылында тойлары өтті. Тойға Талас-Ажар, мен және Сәрсебүбі төртеуміз аэропорт бұрылысынан автобустан түсіп, суғарылған жүгері алқабы арасымен төтелетіп бардық. Алматыдан мектепте бірге оқыған досы Асханбай мен Анар да келді. Тойлары жақсы өтті. Қыздардан кейін ұлы Әлішер туғанда қуанып маған хабарласқан еді. Қамбар Жамбылдан Алматыға қоныс аударып, бір бөлмелі пәтер алғанда Талас-Ажар және мен болып құтты болсын айтып бардық. Алматыға жол түскен сайын Талас үшеуміз бас қосып шүйіркелесуші едік. Бір-бірімізбен хабарласып амандықтарымызды білісіп тұрдық. Сол кезде осылай сыйласып  жүре беретіндей сезімде болдық, өмірдің өткінші екеніне ақыл тоқтата қоймасақ керек. Өмірдің қамшының сабындай қысқа екенін кім білген? 
Атабаев Қамбар 1977-1981 жылдары Жамбыл гидромелиорация құрылыс институтының ғылыми коммунизм кафедрасының оқытушысы, 1981-1989 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының СОКП тарихы кафедрасының аға оқытушысы болып істеді. 1982 жылы тарих ғылымдарының докторы, профессор Г.Ф.Дахшлейгердің жетекшілігімен тарих ғылымдарының кандидаты диссертациясын сәтті қорғады. Ғалым 1984-1989 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының «Ғылыми коммунизм» кафедрасында доценттік қызмет атқарды. 1989-1992 жылдары Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде СОКП тарихы кафедрасында ұстаздық қызметін жалғастырды. 1991-1992 жылдары «32-нің зұлматы» тақырыбында ғылыми-көпшілік үйірмесін құрып, студенттердің республика көлемінде жаппай ашаршылық құрбандары куәгерлерінен мәліметтер жинауын ұйымдастырды. 1998 жылдың қыркүйегінде Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих факультетінде «Деректану және тарихнама» кафедрасы ашылып, Қамбар Махамбетұлы осы кафедраның меңгерушісі болып  2011 жылға дейін қызмет етті. Ұзақ жылдарғы ізденістерінің нәтижесінде 2000 жылы «Мерзімді басылымдар – Қазақстан тарихы-ның дерек көзі (1870-1918 ж.ж)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2003 жылы профессор атағы берілді. Қамбар Атабаев Орынбор қаласындағы «Қазақ» газетінің редакциясы орналасқан үй мен Қазақтардың І және ІІ съезі өткен үйді ұзақ уақыт іздестіру нәтижесінде тауып, осы ғимараттардың болашақ ұрпақ үшін тарихи маңызын тереңнен көрсететін «Орынборда екі үй бар...» деген «Қазақ әдебиеті» газетіне 2005 жылы мақала жазып, қазақ оқырмандарын қуантты. «Осы тарихи екі үйді іздестіріп табуда көп сабылдым» деген еді маған. Кейін осы екі үйге Қазақстаннан арнайы делегация барып, мемориалдық ескерткіш тақта орнатылды. Мұның өзін Қамбар сияқты тарихшы ғалымының ізденісті еңбегінің нәтижесі деп білеміз. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.М.Атабаев Қазақ тарихы ғылымының дамуы жолында 4 ғылым докторы мен 7 ғылым кандидатына жетекшілік етті. Деректану ғылымы саласы бойынша дайындалған бірқатар магистрлік диссертацияларға жетекшілік жасады. Ғалым ұзақ жылдардағы ұстаздық еңбегінің нәтижесінде 2009 жылы Қазақ Ұлттық университетінің және 2010 жылы Қазақстан жоғарғы оқу орындарының үздік оқытушысы атанды. «Қазақ жеріндегі тарихты жасаған бірден-бір ұлт-ол қазақ ұлты», – деп айтудан бір танған емес тарихшы ғалым. Қазақстан тарихының басты объектісі – қазақ тарихы болуы керек деген ұстанымнан өмірден өткенше айнымай кетті. 
2014 жылы 8 қаңтар күні Алматыда тұратын институтта бірге оқыған Қайырбек дос хабарласып, Қамбардың қайтыс болғанын жеткізді, мен Мая мен Әлішерге көңіл айту жеделхатын жолдап, дос жайлы естелік жазып жібердім. Қолдан келер шара бар ма?! Қамбар достан осылайша капияда айырылып қала бердік. 
Ғалым, ұстаз, азамат Қамбар Атабаевтың артында мол мұрасы қалды, атқарған айтулы істері елдің есінде. Оның жолын жалғап жатқан ұрпағы бар. Шәкірттері болса ұстаздары жайлы тебірене еске алады. Олай болса Қамбар достың рухы бізбен бірге жасай беретіндігіне сенімдіміз.

Айтмаханбет Тышқанбаев,
Қазақстан Республикасы 
Білім беру үздігі,
ардагер ұстаз.
Байзақ ауданы.


Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Алаш арыстары
19 март 2021, Пятница
Алаш арыстары
Ұстаздық еткен жалықпас
09 март 2022, Среда
Ұстаздық еткен жалықпас
Зерде. Таным
16 август 2021, Понедельник
Зерде. Таным
Жазылым – 2020
27 май 2020, Среда
Жазылым – 2020
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры