Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Алаш арыстары

Алаш арыстары

19 март 2021, Пятница
193
0
ХХ ғасырдың басындағы үлкен тарихи оқиғалардың бастысы – Кеңес өкіметінің орнауы болды. Патшаның зәрін көріп, қиналған қарапайым халыққа Кеңес өкіметінің орнауы әділеттілік, жақсылық әкелетіндей сезілді.Дегенмен, Кеңестік жүйе жағдайында халық арасы екіге бөлініп, іріткі салынды.  Бай мен кедей, ақ пен қызыл тәрізді жіктелу пайда болды.
Жаңа өкімет жаңа талаптар қоя бастады.Бұл талаптар қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен салт-дәстүріне,тілі мен дініне қарсы жасалынды.  Осынау аса күрделі тарихи  кезеңде, қазақтың көзі қарақты зиялы қауымы өлкеде қазақ халқын біріктіру мен болашақта мемлекеттілік дәстүрін қалпына келтіруді көздеген күшті ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысы пайда болды. «Алаш» – көптеген түркі халықтарының, соның ішінде қазақтардың, аңыздық ата тегі – адамдар бірлестігін , қазақ сөзінің баламасын білдірген.
1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынборда өткен бірінші жалпықазақ съезі ұлттық саяси «Алаш» партиясы құрылғанын жариялады. Сол «Алаш» партиясын құрған  көшбасшыларының бірі де бірегейі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов еді. Ұлы қайраткердің туғанына биыл 155 жыл толып отыр.
Әлихан Бөкейханов 1870 жылы 5 наурызда бұрынғы Семей облысы, Қарқара уезі ,Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүние есігін ашқан. Әлиханды 9 жасында молдаға оқуға бергенмен,зерделі бала молдадан гөрі мектепте білім алуды жөн көріп, өз еркімен мектепке ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының 3 жылдық училищесіне түсіп,оны үздік бітіріп шығады. 16 жасында Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады.Оны да жақсы бітіріп, 20 жасында Дала Генерал-губернатор кеңсесінің ұсыныс хатымен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдін астанасы Санкт-Петербургке барып,орман шаруашылығы институтына түседі. Сабағымен қатар, саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына араласып,студенттік толқуларға қатысады.Баспасөз беттерінде өзін «Қыр баласы» деп таныстырған, көпшілік, жұрт оны «Ұлт көсемі» деп білген,қазақ ұлтының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған «Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деп, ақтық демі қалғанша еліне адал қызмет еткен Әлихан Бөкейхановтың өнегелі өмір жолы тұтастай Қазақ мемлекеттілігінің қабырғасын қалауға арналды. Қараңғылықтан көзі ашылмаған халқына білім мен мәдениеттің қажеттілігін елі мен жері үшін қабырғасы қайысқан, кеудесінде сәулесі бар азамат жастайынан ұққан. Екі қолын бос қоймай оқуды бітіре салысымен Омбыға келіп, қаланың саяси –әлеуметтік, қоғамдық жұмыстарына белсене араласады. «Народная свобода» партиясының қатарына өтіп, қазақ зиялылары арасында партияның шағын тобын құрады.Ол өзін осы шақтан бастап саяси тұлға ретінде қалыптастырады. Ұлт көсемінің алғашқы саяси қызметтегі баспалдағы осылай басталады.Әлихан Бөкейхановтың бес ұстанымы болды:
1. Алаш ұлттық-демократиялық мемлекет болуы тиіс! Ол үшін ең алдымен «Жер, жер және жер» болуы керек, жерсіз Отан жоқ!
2. Алаш жерінің астындағы, үстіндегі,көгіндегі барлық байлық қазақтың өзіне қызмет етуі тиіс!
3. Қазақ жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі керек! Мемлекет, толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуі тиіс!
4. Қазақ мемлекетінде мемлекетқұрушы ұлттың тілі, діні, менталитеті өзге ұлттарға қарағанда үстем болуы керек!  
5. Ғылымға, соның ішінде тәуелсіз ғылымға, ұлттық дәстүрге, заңға негізделген қоғам құрылуы керек. 
Әлихан Бөкейханов Мәскеуге жер аударылып, он жыл үй қамақта отырып, 1937 жылы 67 жасында Мәскеу қаласында ату жазасына кесіледі. Әлихан Нұрмұхамедұлының қабірінің қайда екені жайлы мағлұмат айтылмады. Тек, 2007 жылы ғана жария етіліп, Бөкейхановтың сүйегінің Мәскеудегі Дон бауырластар зиратына көмілгені анықталды.Қазақ үшін қабырғасы қайысып, тек, Тәуелсіздікке ғана емес, ойдың, білімнің, мәдениеттің тәуелсіздігіне ұмтылған тұлғаның ғұмырнамасы осылай қайғылы аяқталды. 
Әлихан Бөкейхан – білікті журналист,публицист,ағартушы.Қазақстан тарихындағы алар орны ерекше. Заманында халықтың көшбасшысы қандай тұлға болу керектігін өз үлгісімен айқындап берді. «Өмірімнің соңына дейін қазақ халқына қызмет етемін» деген ұстанымына адал болды. 
Ерхан БОТАБАСОВА, 
№19 Бұлар Батыр атындағы орта
мектептің тарих пәнінің мұғалімі.

Обсудить

Похожие материалы:

Қазақ бол!
19 март 2021, Пятница
Қазақ бол!
АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ
20 март 2020, Пятница
АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ
АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ
20 март 2020, Пятница
АҢЫЗ БЕН АҚИҚАТ
Ізгілік – иманнан
20 март 2020, Пятница
Ізгілік – иманнан
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры