Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

Қоғам

13 июнь 2025, Пятница
9
0

Тарихи Тараз қаласының іргесі кеңейіп, шаңырағы биіктеп жатыр. Жаңа жылдан бері қарай шаһардың тынысы кеңеюіне. Көршілес жатқан Жамбыл, Байзақ аудандарының бірнеше ауылдары қала аумағына өтіп, тұрғындар саны едәуір көбеюде. Қала аумағынан Әулиеата және Жібек жолы аудандары құрылып, олардың әкімдері тағайындалып, жұмыс жүргізуде. 
Іргемізге ел қосылып, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы өндірісінің көлемі артып, әлеуметтік салалардағы тіршіліктің тамырына қосымша қан жүгіріп жатқанда Тараз қалалық ардагерлер кеңесі ортақ шаруадан қалыс қалмауда. Өйткені бүгінде қалаға қосылған елді мекендер есебінен зейнеткерлердің санының өзі 157 мыңнан асып жығылатын жағдайға жетті. Тиісінше қала ардагерлер ұйымы жаңадан 14 бастауыш ардагерлер ұйымымен толықты. Оның 11-і Жамбыл ауданынан, 3-еуі Байзақ ауданынан. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова бастаған ұйым жетекшілері қала аумағына қосылған ауылдарды аралап, олардағы бұған дейін аудандар құрамында жұмыс істеп келген бастауыш ұйымдарының қызметімен танысып, ардагерлермен кездесіп, қоғамдық қызметтің жаңа бағыттарын айқындауда.   
«Елге ел қосылса құт» дейді дана халқымыз. Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты қызметкерлері шаһарға Байзақ ауданынан қосылған елді мекендердің ардагерлерімен кездесу өткізіп қайтты.  
 Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Малтабар Жаманбаев және білім саласы жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Баймұрат Жақсыбеков өткен аптада «Қызыл Жұлдыз» ауылындағы Н. Ақшабаев атындағы орта мектебінде, Талас ауылындағы Н.В.Гоголь атындағы орта мектебінде осы ауылдың қарияларымен келелі кездесу өткізді.            Тараз қаласына елді мекендердің қосылуына байланысты олардың бұған дейін жұмыс істеп келген бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары қоғамдық қызметтерін одан әрі жалғастыра беретін болды. Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар қаладағы ардагерлермен жүргізіліп жатқан жұмыстардан хабардар етіліп, алдағы атқарылуға тиісті іс- шаралармен таныстырылды.
Елді мекендер ардагерлері Тараз қаласына қосылғалы бері облыс, аудан әкімдері тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарға өз ризашылықтарын білдіріп, қалалық ардагерлер кеңесі тарапынан ұйымдастырылатын жатқан іс- шараларға белсене қатысатындықтарын тілге тиек етті.  
Кездесулер барысында "Қызыл жұлдыз" ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы  Назым Қуанышбаева, Талас тұрғынжай алқабы ардагер ұйымының төрағасы  Мамед Сулейманов төрағалық қызметтерін алдағы уақыттарда жалғастыра отырып, белсенділікті төмендетпейтіндерін білдірді.
Ал, Н.Ақшабаев атындағы орта мектеп бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы болып Гаухар Сейдуалиева, Н.В.Гоголь атындағы орта мектеп бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы болып Райхан Шайхсламова сайланды. Кездесу барысында ұйым төрағалары облыстық «Ғұмыр-Дария» газетіне биылғы жылдың екінші жартыжылдығына жазылуды белсенді түрде ұйымдастырылтындығына сендірді. 
Өткен аптада Жамбыл ауданынан қосылған Ақбұлым ауылындағы Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-  гимназиясында ауыл ардагерлерімен, ардагер ұстаздармен «Өнегелі өмір иесі – ардагер ұстаз» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы болып өтті. Кездесуге Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әмедияқызы Әбдікешова, орынбасары Малтабар Қаратайұлы Жаманбаев, білім саласы жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі Ардақ Рысбаева қатысты. Ақбұлым ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Төребеков, мектеп- гимназия бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Салима Нұрғалиқызы қоғамдық қызметтерін одан әрі жалғастыра беретін болды. Сондай-ақ, олар  Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелігіне ұсынылды. Ардагерлер белсенділік танытып, бірқатар мәселелерді талқылап, ұсыныстар жасады. Ардагерлермен болған жиында облыс ардагерлерінің төл басылымы – «Ғұмыр-Дария» газетіне биылғы жылдың екінші жартыжылдығына жазылу жөнінде әңгіме өрбіп, ауылдықтар жылдағы межеден көрінетіндіктеріне сендірді. 

«ҒҰМЫР-ДАРИЯ» – АҚПАРАТ

Обсудить
Блок в статье:
руханият 13 июнь 2025, Пятница
Ұлағат 13 июнь 2025, Пятница
Өнеге 13 июнь 2025, Пятница

Похожие материалы:

БАРЛЫҚ ІСТЕ БЕЛСЕНДІ
28 февраль 2025, Пятница
БАРЛЫҚ ІСТЕ БЕЛСЕНДІ
Көпшілік тыңдауында - таңдау жасалынды
15 декабрь 2024, Воскресенье
Көпшілік тыңдауында - таңдау жасалынды
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры