Көпшілік тыңдауында - таңдау жасалынды
Тараз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауы комиссия төрағасы Марат Жұманқұловтың төрағалығымен өтті. Отырысқа қала депутаттары, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдерімен қоғам белсенділері қатысты. Күн тәртібіне, Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беруді талқылау қойылған.
-- "Қазақстан республикасындағы әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы " Қ.Р 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 2- бабының 5- тармағына сәйкес, облыстық маңызы бар қаланың халқы 400 мың адамнан асқан кезде, өзара ауданға бөлінуі тиіс делінген. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, бүгінгі таңда Тараз қаласында 435214 халық тұрады. Қала әкімінің 2023 жылғы 4 мамырдағы өкімімен " Тараз қаласындағы екі әкімшілік - аумақтық бірлікке атау беру бойынша жұмыс тобын құру туралы" қаламыздың ардагерлер, қоғамдық кеңестері, зиялы қауым өкілдерімен тарихшыларды қамти отырып жұмыс тобы құрылып, бірнеше отырыстар өткізілген. Қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қазақстан республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы бұйрығының талаптарына сәйкес Тараз қаласындағы екі әкімшілік - аумақтық бірлікке "Әулиеата" және "Жібек жолы" атауы ұсынылып отыр, - деп қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақыт Тоқсанбаева хабарлама жасады. Талқылауға қатысқан ардагер жазушы Елен Әлімжан, қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Сауранбек Жамалбеков, қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, қалалық қоғамдық қеңес төрағасы Сембек Сейдазимов және бірнеше қалалық депутаттары пікірлерін ортаға салды.
Әулиеата - казіргі Тараз қаласының 18-20 ғасырдағы тарихы атауы.
Жібек Жолы - ( Ұлы Жібек Жолы) Қытайдың Ши- ан деген жерінен басталып орталық Азия арқылы Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасаған тарихи ескерткіштердің бірі. Жаңа атаулар көпшіліктің қолдауына ие болып, республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданатын болды. Еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күніне орай Тараз тұрғындарына ұлкен тарту, құттықтаймыз!
Малтабар Жаманбаев
Обсудить
Блок в статье:
АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ДОДА
16 декабрь 2024, Понедельник
Баталы елге - бақ қонар
16 декабрь 2024, Понедельник
«Елім деп соғады жүрегім» атты кездесу өтті
16 декабрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)