Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ – ЖОҒАРЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕ

ЖҰМЫС НӘТИЖЕСІ – ЖОҒАРЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕ

08 июнь 2023, Четверг
109
0
Жақында облыстық Тараз, Шу қалалық және аудандық ардагерлер кеңестері төрағаларының, облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы тұрақты комиссиялар жетекшілерінің, «Казпочта» АҚ қоғамы Жамбыл облыстық филиалы басшыларының қатысуымен ардагерлер кеңесінің төралқа мәжілісі өтіп, онда облыстық ардагерлер кеңесі мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің арасында өзара бірлескен іс-қимыл туралы меморандумына қол қойылды. Сондай-ақ, төралқа мәжілісінде Мойынқұм аудандық ардагерлер кеңесінің ардагерлерге тұрмыстық, әлеуметтік, медициналық қызмет көрсету жөніндегі атқарған жұмыстары туралы 2022 жылғы 25 қарашадағы облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының қаулысының орындалу барысы туралы мәселе қаралды.
Төралқа отырысында республикалық «Ардагерлер айнасы» және облыстық «Ғұмыр-Дария» газеттеріне, «Қарахан» журналына 2023 жылдың екінші жартыжылдығына жазылуды ұйымдастыру және Тараз, Шу қалалық және аудандық ардагерлер кеңестерінің жұмысы жөнінде мәселе ортаға салынды. 
Облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген отырысында ардагерлер ұйымдары қызметіне қатысты басқа да бірқатар мәселелер сөз болды. 
Төралқа мәжілісін облыстық арда-герлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев қысқаша сөз сөйлеп ашты. Төралқада қаралатын бірінші мәселе бойынша жиынға  арнайы шақырумен қатысқан М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің жаңадан тағайындалған әлеуметтік мәдени даму жөніндегі проректоры Аслан Еділханұлы Тұрлыбек ардагерлер алдында қысқаша сөз сөйлеп, бұдан былай қарай облыстық, Тараз қалалық ардагерлер кеңестерімен тығыз байланыста жұмыс атқарылатындығын және университетте алдағы күндерде ардагерлер ұйымы құрылып, оған лайықты төраға сайланатындығын, жаңадан құрылған ардагерлер кеңесіне университет басқармасы тарапынан жан-жақты қолдаулар болатындығын мәлім етті. 
Өз кезегінде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев бұл жұмысты кешіктірмей ұйымдастыру керектігін айта келіп, университет ғалымдары мен оқытушыларының ғылыми-рухани әлеуетін жастар тәрбиесіне кеңінен пайдаланудың маңыздылығына тоқ-талды.  
Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің проректоры Аслан  Тұрлыбек өзара іс-қимыл жөніндегі меморандумға қол қойды. 
Төралқа отырысында Мойынқұм аудандық ардагерлер кеңесінің ардагерлерге тұрмыстық, әлеуметтік, медициналық қызмет көрсету жөніндегі атқарған жұмыстары туралы 2022 жылғы 25 қарашадағы облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының қаулысының орындалу барысы туралы Мойынқұм аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұманияз Көдеков баяндама жасады. 
— Қазіргі таңда аудан бойынша зейнеткерлердің қатары 3258 адамды құрап отыр. Тек қана мамыр айының өзінде ардагерлер қатары 36 зейнеткермен толықты, – деп атап көрсеткен Жұманияз Көдеков ауданда арлагерлер кеңесі тарапынан үлкендерге әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру бағыт-ында атқарылып жатқан кешенді жұмыстарға тоқталды.
Аудан ардагерлер ұйымының есебінде тұратын зейнеткерлердің әлеуметтік картасы жасалған. Биылдың өзінде емханаларда 96 зейнеткер тегін тексеруден өтіп, 43 кісі ақысыз емделген, 28 егде адамға тегін дәрі-дәрмек үлестірілген. Меркі ауылындағы "Мейірім" шипажайында 16 зейнеткер тегін сауықтырылса, "Айша бибі" шипажайынан 5 ардагер өздерінің денсауылығын оңалтып оралған. 
Өткен жылы облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының Мойынқұм аудандық  ардагерлер кеңесінің жұмысы туралы қаулысын жүзеге асыру бойынша тиісті іс-шаралар  жоспары жасалып, оның орындалуы бақылауда болған. Әрбір мемлекеттік және кәсіби мерекелер кезінде ардагерлер назардан тыс қалмайды. Мереке күндерінде ардагерлерге мекемелер мен кәсіпкерлік нысандар арқылы қолдау-көмектер көрсетіліп тұрады. Ардагерлер арасында спорттық, мәдени-көпшілік жұмыстар жоспарлы жүргізілуде. Үлкендер арасында спорттың бірнеше түрінен жарыстар жоспарлы түрде ұйымдастырылуда. А р д а г е р л е р мәдени-көпшілік жұмыстарға қатысып қана қоймайды, олардың өздері де ән айтып, би билейді, сөйтіп, халықтың рухын көтеруге белсене атсалысады. 
Осы мәселе бойынша сөйлеген төралқа мүшелері мен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев аудандық ардагерлер  кеңесінің жұмыс тиімділігінің әлі де болса төмендігіне, ардагерлерге қызмет көрсетудегі жұмыстың әлсіз тұстарына назар аударды.
Ардагерлер басылымдарына биыл-ғы жылдың екінші жартыжылдығына жазылудың маңыздылығына тоқтал-ған облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі, облыстық "Ғұмыр-Дария" газетінің директоры-бас редакторы Жаңабай Миллионов облыс ардагерлерінің төл басылымы – "Ғұмыр-Дария" газетінің қолдаушысы да, қорғаушысы да, қамқоршысы да қалалық және аудандық ардагерлер кеңестері екендігін, ардагерлер басылымына жазылу олардың қоғамдық қызметтерінің басты көрсеткіші болып табылатындығын атап көрсетті. 
Осы мәселе бойынша сөйлеген облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа  мүшесі, облыстық билер кеңесінің төрағасы Оңласын Қарабайұлы Есіркепов қалалық, аудандық арда-герлер кеңестерінің төрағаларын бұл мәселеде жауапкершілік танытуға шақырды. 
— "Ғұмыр-Дария" газеті бүгінде елдің газетіне айналды. Қандай жағдай болғанда газет таралымын да қазіргі деңгейінен түсіріп алмауымыз керек. Ол үшін ардагерлер арасында ұйымдастырушылық жұмыс-ты жандандырғанымыз дұрыс болар еді, – деп сөзін түйіндеді Оңласын Қарабайұлы.
Төралқа отырысын қорытын-дылаған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы қазіргі жағдайда қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің және бастауыш ардагерлер ұйымдарының алдында тұрған кезек күттірмейтін міндеттерін саралай келе, басқосуға қатысып отырған төрағалардың алдына нақты міндеттер қойды, әсіресе, ардагерлер басылымдарына жазылуды ұйымдастыруда оларды жоғары жауапкершілік танытуға шақырды.
Қаралған мәселелер бойынша облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мәжілісі тиісті қаулылар қабылдады.

"Ғұмыр-Дария" – ақпарат.
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ 28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ 20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ 18 ноябрь 2024, Понедельник

Похожие материалы:

Ардагерлер өмірінің жаршысы
01 июль 2022, Пятница
Ардагерлер өмірінің жаршысы
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
28 июль 2022, Четверг
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
Қоғам
30 май 2022, Понедельник
Қоғам
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры