Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » БАРЛЫҚ ІСТЕ БЕЛСЕНДІ

БАРЛЫҚ ІСТЕ БЕЛСЕНДІ

28 февраль 2025, Пятница
55
0
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің өткен аптада болған кезекті пленумында 2024 жылы атқарған жұмыс қорытындылары және алда тұрған міндеттер талқыланды. Бұл жөнінде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әмедияқызы Әбдікешова баяндама жасады. Баяндамада ұйымның қоғамдық қызметіне кеңінен талдау жасалды. Бүгінгі таңда қала аумағында 50 мыңнан астам зейнеткер тұрса, олардың дені 320 бастауыш ұйымда топтастырылған. Сондай-ақ, қалада тұрып жатқан 5 Ұлы Отан соғысының ардагері мен 616 тыл еңбеккеріне деген құрмет айрықша. 
Күләш Әмедияқызы өзінің баяндамасында қала ардагерлерінің белсенділігін көтеру, олардың қоғамдық, мәдени-көпшілік іс-шараларға барынша көптеп қатысуын  қамтамасыз ету, қарт адамдардың медициналық, мәдени-тұрмыстық қызмет алу сапасын көтеруге ықпал жасау жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Пленумда ардагерлердің барлық қоғамдық жұмыстарда алдыңғы қатардан көрініп  жүргендігі атап көрсетілді. Тараздық спортшы қариялардың, өнерпаз ардагерлердің тамаша табыстары тілге тиек етілді. 
Пленумда Тараз қалалық әкелер кеңесінің төрағасы Сейтхан Тотаев, қалалық аналар кеңесінің төрайымы Жанат Төленқызы Сарыбекова қосымша баяндама жасады. 
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге байланысты іс-шаралар жоспары туралы қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Малтабар Жаманбаев хабарлама жасады. 
Баяндаманы талқылауға Тараз қалалық билер кеңесінің төрағасы Сатыбалды Досымбеков, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі жанындағы денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Жұмагүл Әбілғазина, мәдениет, спорт және ұлтаралық қатынастар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрайымы Людмила Ивановна Чекалина, Тараз теміржол көлігі және коммуникация колледжі бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы Күлжан Керменбаева қатысты. Пленумда Тараз қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Шолпан Малшыбаева ардагерлерге қарастырылған әлеуметтік қолдаулар туралы баяндап, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. 
Пленумға облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жаңабай Миллионов қатысып, сөз сөйледі. Пленумның жұмысына, сондай-ақ облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Қонысбай Ильясов, қала әкімдігінің бірқатар бөлімдерінің жауапты қызметкерлері қатысты.
Обсудить
Блок в статье:

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры