БЕЛСЕНДІЛІК АРТЫП КЕЛЕДІ
Өткен аптада Тұрар Рысқұлов аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудандық ардагерлер кеңесінің 2023 жылдың жұмыс қорытындыларын қараған кезекті пленумы өтіп, оның жұмысына Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев, Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ерғазы Жұмабекұлы Еспенов, аудандық соттың төрағасы Айдарбек Ағабайұлы Замбаев, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, ауылдық округтер әкімдері, ауылдық округтер ардагерлер кеңестерінің төрағалары, басқа да бірқатар жауапты тұлғалар қатысты.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов аудан ардагерлер ұйымдарының өткен жылғы жұмыс қорытындылары жайлы баяндама жасады. Төраға өзінің баяндамасында бастауыш ардагерлер ұйымдары жұмысының жандана түскендігін, ардагерлердің белсенділігі артып келе жатқандығы, олардың қоғамдық жұмысқа қатысу көрсеткішінің жоғарылағандығын айта келіп, қарт адамдарға әлеуметтік қолдау мен медициналық қызмет көрсету сапасының біршама жақсарғанын тілге тиек етті. Негізгі көрсеткіштердің бастысы болып табылатын ардагерлер басылымына жазылу жағынан аудан көш ілгері алда келеді. Ардагерлердің төл басылымы «Ғұмыр - Дария» газетіне жазылу көрсеткіші 700 данаға жақындады.
– Соның айқын нәтижесі болар, ардагерлер ұйымдарының қоғамдық қызмет көрсету көрсеткіштерінің барлық түрі бойынша аудандық ардагерлер кеңесі облыста үздік деп танылып, бірінші орынды жеңіп алдық, – деп түйіндеді сөзін Қожайхан Қазыбайұлы.
Ол, сондай - ақ, биылғы жылы алда тұрған міндеттерге де тоқталды. Ардагерлер кеңесінің және бастауыш ардагерлер ұйымдарының жұмыс белсенділігін төмендетпеуіміз керек. Қатарымызға белсенді ардагерлерді көбірек тарта бергеніміз жөн. Жалпы, аға буын өкілдері үйлерінде отырып қалмауы тиіс. Олар отбасындағы тәрбиеден бастап өз көшелеріндегі, ауылдарындағы, аудандағы болып жатқан шаралардан тыс қалмағаны жөн.
Пленумда Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы аясында ауданда «Бастау» және «Дәнекер» жобаларының жүзеге асырылу барысы және 2023 жылы билер кеңесінің атқарған жұмыстары туралы аудандық билер кеңесінің төрағасы Серік Өтегенов баяндама жасады.
Пленумда сөз сөйлеген ауданлық соттың төрағасы Айдарбек Замбаев билер кеңестеріне өздерінің тарапынан қолдау бола беретінін атап көрсетті.
Пленум жұмысына қатысып, арнайы баяндама жасаған аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Айқан Назарбеков, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Раушан Көшербекқызы Жұманқұлова жасы ұлғайған кісілерге әлеуметтік көмектің және медициналық қызмет көрсетудің барысы туралы баяндады. Өз кезегінде осы қос баяндамашыға пленумға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды, ұтымды ұсыныстар айтылды, сын - ескертпелер де болмай қалған жоқ.
Басқосуда аудандық аналар алқасының төрайымы Түзел Сенбайқызы Алакөзова баяндама жасап, белсенді аналар тарапынан ұйымдастырылып жатқан ауқымды шаралар жөнінде айтып берді.
Жарыссөзге шығып сөйлеген аудан имамы Сұлтан - Шәріп Жадыраев және тарихшы, өлкетанушы Әлі Бекқұлы Әліұлы аудандық ардагерлер кеңесінің жұмысына оң баға берді.
Пленум жұмысын қорытындылаған Еркінбек Солтыбаев аға ұрпақ өкілдерінің белсенді және тиімді қоғамдық қызметіне өзінің ризашылығын білдірді.
Пленумда ауданның бірқатар белсенді билері, аналар алқасының мүшелері, бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары бағалы сыйлықтармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Қонысбай ІЛИЯСОВ,
облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.
Обсудить
Блок в статье:
АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
04 октябрь 2024, Пятница
СЫЙ СИЯПАТ
01 октябрь 2024, Вторник
АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ
01 октябрь 2024, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)