Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » БИЛІК ПЕН БАСТАУЫШ ҰЙЫМ: БІРЛЕСКЕН ІСТЕ БЕРЕКЕ БОЛАДЫ.

БИЛІК ПЕН БАСТАУЫШ ҰЙЫМ: БІРЛЕСКЕН ІСТЕ БЕРЕКЕ БОЛАДЫ.

28 сентябрь 2023, Четверг
78
0
Өткен аптаның бейсенбісінде облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Байзақ ауданында Тараз, Шу қалалық және аудандық ардагерлер кеңестерінің, бастауыш ардагерлер ұйымдарының, билер кеңестері мен аналар алқалары төрағаларының қатысуымен «Бастауыш ардагерлер ұйымдарының жергілікті атқарушы билікпен бірлесе  жұмыс істеу тәсілдерін жетілдіру бағытындағы іс-тәжірибелері»  тақырыбында облыстық көшпелі семинар-кеңес өтті. Облыстың түкпір - түкпірінен келген ардагерлер ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері алғаш ат басын аудандағы берекесі тасыған, ынтымағы жарасқан Ынтымақ, Мырзатай ауылдарына бұрды. Мұнда ауылдық округтер әкімдері мен бастауыш ардагерлер ұйымдары арасында бірлесе іс-қимыл жасаудың игі дәстүрі қалыптасқан, жақсы тәжірибесі жинақталған. 


Мұны семинарға қатысушылар өз көздерімен көрді. Ауылдар мұнтаздай таза, көшелер көкке көмкерілген, қариялары белсенді, ана-әжелері ақжарқын. Ең алдымен ел үлкендерінің бастамашылдығы, үлгі - өнегесі арқасында ауылдардағы тұрғындардың әл-ауқаты жаман емес, көңілдері көтеріңкі, мұнда өнегелі жастар өсіп келеді. Ауыл мәдениеті ауыз толтырып айтарлықтай. Семинарға қатысушыларға осы екі ауылдық округтің әкімдері М.Ноғаев пен Н.Омаров, ауылдық округтер ардагерлер кеңестерінің төрағалары А.Оспаналиев пен Ш.Жанұзақов өздерінің іс – тәжірибелері туралы айтып, ардагерлер кеңестері мен ауыл билеріне арналған бөлмелердің жабдықталуымен таныстырды. Ауыл адамдарының тұрмыстық табысын көтерудегі жұмыстары жайлы ақпараттар берді.
Ауылдық округтерді аралап, бастауыш ұйымдардың қызметімен танысқаннан кейін көшпелі семинар-кеңеске қатысушылар Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылындағы мәдениет үйі алдындағы бұдан екі жыл бұрын Қайнар елді мекенінің аумағына орналасқан әскери бөлімде болған жарылыс салдарынан  қаза болғандарға қойылған  ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қойды және Байзақ ауданы ардагерлерінің қолымен жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесін тамашалады.
Аудандық мәдениет үйінің мәжіліс залында өткен көшпелі семинар-кеңестің қорытынды мәжілісін Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев кіріспе сөз сөйлеп ашты.
Еркінбек Бейсенбекұлы Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауынан туындайтын ардагерлер ұйымдарының алдында тұрған міндеттер туралы баяндама жасады.
Байзақ аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамалов өз сөзінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары жайлы баяндады.
Байзақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков аудан ардагерлер ұйымдарының ардагерлердің қоғамдық жұмыста белсенділігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы, өкілді органдармен, азаматтық қоғаммен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп атқарған жұмыс тәжірибелері туралы қонақтарға баяндап берді.
Байзақ аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған аналар алқасының төрайымы Шырын Қапарова аналар алқаларының халық арасындағы тәрбие жұмыстарын жүргізуі, салт-дәстүрлерді, отбасы құндылықтарын жастардың бойына сіңіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстары төңірегінде әсерлі әңгімеледі.
Келесі кезекте Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Саққұлова, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Г.Мамырбаева, аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.Мамадияров, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Н.Есіркепов сөйлеп, өздері басқарып отырған салаларда ардагерлерге қамқорлық көрсету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.
Облыстық көшпелі семинар-кеңестің жұмысына облыс әкімінің қоғамдық-саяси жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі Берік Дүйсенбайұлы Бегалиев қатысып, сөз сөйледі.  Мазмұнды және тағылымды болып өткен облыс ардагерлері жиынының соңы ауданның өнерпаз әжелерінің концертіне ұласты. Семинар-кеңеске қатысушылар аудандық ардагерлер қеңесі, аналар алқасы орналасқан «Қоғамдық келісім» орталығы ғимаратында болып, ауданның қоғамдық құрылымдарының қызметіне жасалып отырған қолайлы жағдаймен танысты.

Қонысбай ИЛЬЯСОВ,
облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.
Суреттерді түсірген
Төлепберген СЕЙІТҚАДІРОВ.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры