Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Қарттарым, аман-сау жүрсін!

Қарттарым, аман-сау жүрсін!

13 июнь 2025, Пятница
7
0
Бақ пен дәулет, қызмет һәм билік дегенің – өткінші. Иә, ұртың толып, мұртың майлануға қол жеткен азды-көпті ғұмырыңдағы байлық – бір Жаратушының құзырында тұрған, көзді ашып-жұмар өмірдегі  әп-сәттік құбылыс. Бұл талқыға түспес – ақиқат. 
      Осы ретте, «Сыпатай батыр» ЖШС-нің директоры Қанат Шайхиевтің Атымтай жомарттыққа сай келетін қайырымды тірліктері – серіктестік еңбеккерлеріне деген жанашырлығы мен көмегі, аудан көлеміндегі түрлі демеушіліктері, тіпті, көпшілікке ұмыт бола бастаған шүлен тарату дәстүрін жаңғыртуы, әрине, ел есінен шықпас жақсылықтар қатарына жатқызуға болады.  
Жуырда ғана 18 адамнан тұратын бір топ ардагерлердің өз ағамыз – өзбектің жеріне, Тәшкен шаһарына саяхаттап қайтуына да осы Қанат ағамыздың демеушілік әрекеті мұрындық болды. 
Ардагер кәсіпкер жалдаған көлік қарияларды «Қапланбек» шекара бекетіне жеткізген соң, көпшілікті алдын-ала келісім бойынша қарсы алған өзбек ағайындар жол бастады.  
Арнайы бөлінген жолбасшы (гид) маман Ташкент қаласына дейінгі әсем де көрікті жерлермен жан-жақты таныстырып, сұрақ-сауалдарға да жауап беріп отырды. Ал, ел астанасы – Ташкент қаласы өзінің көрікті әрі тазалығымен көпті таңғалдырып, өзбек халқының бауырмалдығы мен мейірімі саяхаттаушыларды тәнті етті. Меркілік ардагерлер көне шаһардағы телемұнара ғимараты мен музыкалық субұрқақтың сұлулығын тамашалады.  
Қазақтың маңдайына біткен дара тұлға – Төле бидің кесенесі де меркілік ардагерлердің келесі тәу етер орны болды. Мұнда бабамыздың рухына бағыштап құран оқылған соң, садақа берген ардагерлер келесі алты Алаштың ардақ тұтар данасы туралы тарихи естеліктерімен бөлісті.
Келесі күні Өзбекстан Президентінің резиденциясымен танысып, қала төріндегі Тәуелсіздік алаңын тамашалаған соң, Ұлы Отан соғысы боздақтарына арналған Мәңгілік алауда болып, бір кезеңде ортақ Отанымыз үшін жанын пида еткен жауынгерлерін еске алу рәсімі жасалды.
Әмір Темірге қойылған өте биік әрі көркем архитектуралық ескерткіш те ел есінде қаларлық екен. Аталған тарихи тұлғаның екі қабатты мұражайында болған ардагерлер иісі мұсылман үшін ардақты саналатын қайраткер турасында көптеген ақпараттарға қанық болып, таныстырушыларға алғыс айтты.
Әрине, ала шапанды өзбек ағайындардың жеріне табан тіреген соң, атақты Тәшкен базарына бас сұқпау да мүмкін емес. Меркілік ардагерлер көрші елді өзгеден ерек көрсететін бұл кереметтің де куәгері болды. Мұндағы кәсіп иелерінің  өзіне тән мәдениетіне тәнті болды. Міне, осылайша көрші елге екі күндік саяхаттан мол әсер алған ардагерлеріміз оның демеушісі Қанат Шайхиевке деген үлкен алғыстарын айтып, ауданымызға үлкен рухани жігермен оралды. 

Әлихан НҰРАЛИЕВ, 
«Меркі тынысы» газетінің бас редакторы, 
аудандық ардагерлер  кеңесінің мүшесі
Обсудить
Блок в статье:
руханият 13 июнь 2025, Пятница
Ұлағат 13 июнь 2025, Пятница
Өнеге 13 июнь 2025, Пятница

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры