Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Өзгерістер өз қолымызбен жасалуда

Өзгерістер өз қолымызбен жасалуда

14 январь 2025, Вторник
35
0
Өзімнің туған ауданымда денсаулық сақтау саласында үздіксіз қызмет етіп келе жатқаныма 50 жылдан асыпты. Аз уақыт емес. 2015 жылы зейнетке шыққаннан кейін де функционалды диагностика дәрігері ретінде өзім сүйген мамандағым бойынша еңбек жолымды жалғастырудамын. 
Біздің жасымыздағы кісілер өздерінің өткен өмір жолдарын бір мезгіл ой елегінен өткізіп отыратындығы заңдылық. Қанша жерден сынасақ та, мінесек те тәуелсіздік жылдарында көп оң өзгерістер болды. Денсаулық сақтау саласындағы жаңалықтар біздің көз алдымызда болып жатыр. Салада жаңа құрылымдар пайда болды, медициналық құрал-жабдықтардың неше түріне қолымыз жетті. Аудан орталығынан үш қабатты емхана ғимараты салынып, пайдалануға берілді. Бұрындары әр жерде шашыранқы орналасқан бірнеше медициналық алдын алу және емдеу мекемелері осы жаңа емханаға топтастырылды. Мұның өзі емделушілерге өте қолайлы жағдай туғызды. Соңғы жылдары аудан көлеміндегі 14 дәрігерлік амбулотория, 14 фельдшерлік-акушерлік пункт, 10 медициналық пункт жаңа ғимараттарға жайғастырылды. 
Осы аталған медициналық мекемелер аудандағы 44 елді мекенде тұрып жатқан 88 мыңнан астам тұрғындарға дәрігерлік қызмет көрсетуде. Бұған қоса аудан аумағында екі жекеменшік медициналық сауықтыру орталығы бар. Бұлармен қатар «Меркі» шипажайы мен «Ақниет» сауықтыру орны аудан халқымен қоса республиканың, облысымыздың түкпір-түкпірінен демалушыларға қызмет көрсетуде. 
Біздегі болып жатқан айтулы өзгерістердің бұлар басты-бастылары ғана. Мен өзім 1922 жылы қаңтар айында аудандық орталық аурухананың жанынан құрылған ақылмандар кеңесінің төрағасы ретінде денсаулық сақтау қызметінің оңтайлы жүруіне және сапалы атқарылуына белсене араласамын. Біздің құрамында жеті тәжірибелі ардагер дәрігер қамтылған ақылмандар алқасының емделушілердің сапалы қызмет алуына барынша ықпал етуде. Денсаулық сақтау саласының ардагерлері еңбекте де, қоғамдық өмірде де белсенді. Мәселен 11 зейнеткеріміз өздерінің кәсібі бойынша жұмыс істеп, жастармен өз тәжірибелерін бөлісуде. Онға тарта дәрігеріміз жекеменшік медициналық орындарда қызмет жасауда. 
Ауданның денсаулық сақтау саласы күн өткен сайын қанатын кеңге жайып келеді. Өткен жылдың жазында аудандық ауруханамыз көпбейінді орталық аурухана деген мәртебеге ие болды. Мұнымен қоса аурухана ғимаратының шатыры ауыстырылып, сырты әшекейленуде. Сондай-ақ, қосымша екі қабатты ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. Мұнда травмотология, нейро-хирургия, кардио-хирургия, оңалту орталықтары жұмыс атқаратын болады. 
Бір сөзбен айтқанда оңды өзгерістер біздің, аға буын өкілдерінің көз алдында жүзеге асуда. Өзіміз көп жыл қызмет атқарған, еңбегіміз сіңіп, теріміз төгілген денсаулық сақтау саласында болып жатқан жаңалықтарға қуанамыз. 
Бошқай САБЫРОВ, 
Меркі аудандық 
көпбейінді орталық ауруханасы 
ақылмандар алқасының төрағасы
Обсудить
Блок в статье:
Жерлес жазушының жаңа туындысы 14 январь 2025, Вторник

Похожие материалы:

ТҰҒЫРДАН ТҮСПЕГЕН
13 октябрь 2022, Четверг
ТҰҒЫРДАН ТҮСПЕГЕН
Қайырымдылық
29 июль 2020, Среда
Қайырымдылық
Біздің мақтанышымыз
29 декабрь 2024, Воскресенье
Біздің мақтанышымыз
АҚЫЛМАНДАР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ
08 август 2023, Вторник
АҚЫЛМАНДАР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ
Кеңес беріп, ем-дом жасады
02 январь 2025, Четверг
Кеңес беріп, ем-дом жасады
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры