Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » АҚЫЛМАНДАР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

АҚЫЛМАНДАР КЕҢЕСІ ҚҰРЫЛДЫ

08 август 2023, Вторник
130
0
Жыл басында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының жаңа тағайындалған басшысы Жанар Мықтыбекқызы Оспанова облыстық ардагелер кеңесіне арнайы келіп, белсенді қариялармен кездескен болатын. Сол кездесуде көтерілген басты мәселелердің бірі - денсаулық сақтау жүйесіндегі қызмет көрсетудің сапасы туралы болған еді. Әсіресе, еңбек демалысындағы қарттардың денсаулығына сапалы медициналық қызмет көрсетудің жай - күйі туралы сын - ескертпелер айтылған болатын. Емханаларда ұзын - сонар кезек, ауруханаларда үлкендерге арнайы бөлмелер жабдықталмаған.
Сол жолы басқарма басшысы Жанар Мықтыбекқызы облыстық ардагерлер кеңесіндегі жиында айтылған сын и пікірлеріңізді мүмкіндігіне қарай орындаға уәде берген еді. Жақында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерік Мұсабаев арнайы жиын өткізіп, облыстық басқарма жағынан ақылмандар кеңесінің құрылғандығын хабарлап, оның құрамын көпшілікке жария етті. 
Ақылмандар кеңесі құрамына денсаулық сақтау саласында ұзақ жылдар мінсіз қызмет жасаған, өз кәсіптерінің шыңына жеткен аға буын өкілдері шақырылды. Олар денсаулық сақтау қызметінің сапасына қоғамдық бақылау орнататын болады, айтылған сын - ескертпелерге денсаулық сақтау мекемелерінің назарын аударуға ықпал етеді.
Ақылммандар кеңесінің төрайымы болып денсаулық сақтау ісінің үздігі, осы саланың білгір маманы Жұмакүл Дәулетқызы Әбілғазина бір ауыздан бекіді. Сондай ақ, кеңес беруші, ақыл беруші кеңестің құрамына медицина ғылымдарының докторы, профессор Сағындық Ордабеков, саланың ардагері, белсенді азамат Сейітхан Жұмашев және басқа да аты елге белгілі ардагер дәрігерлер кіріп, қоғамдық негізде жұмыс істейтін болады.
Ақылдастар кеңесі облыстық, Тараз қалалық және аудандық ардагерлер кеңестерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, қызмет көрсетудің сапасын көтеруге қоғамдық негізде қолғабыс жасайды.

Тұрсынкүл ИЛЬЯСОВА,
облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы
тұрақты комиссия төрайымы.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры