Біздің мақтанышымыз
Есімі тек біздің өңірде ғана емес республикаға танымал ғалым-дәрігер Сағындық Ордабеков бүгіндері 75 жасқа толып отыр.
Сағындық Ордабекұлы 1950 жылы желтоқсанда Сарысу ауданы Үшбас ауылында дүниеге келген. Ол – жоғары санатты хирург және денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Нью-Йорк Ғылым академиясының және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Жамбыл облысы мен Сарысу ауданының Құрметті азаматы.
Медицина саласындағы еңбек жолын Алматы медицина институтының 4-ші курсында жүріп Алматы қалалық №2 клиникалық ауруханасында орта буын медицина қызметкері (медбарат) болып бастап, 1975 жылы дәрігер-хирург мамандығы бойынша емдеу факультетін үздік тәмамдады.Жамбыл облыстық ауруханасында дәрігер-хирург, Жамбыл қалалық жедел-жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары және 20 жылға жуық Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының бас хирургі қызметін атқарды. Негізгі жұмысынан қол үзбей жүріп, 1987 жылы Мәскеуде «Бауыр эхинококкозы және оның хирургиялық емі» тақырыбы бойынша кандидаттық, 1997 жылы академик-хирург М.Әлиевтің жетекшілігімен «Ішкі ағзаларының асқынған эхинококкозының хирургиялық емдеу тәсілдері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғап шықты.
1988 жылы Тараз қаласында эхинококкоз ауруын зерттейтін республикалық ғылыми орталық ашты. 1998 жылдан бастап Тараз Мемлекеттік М.Х.Дулати атындағы университетінің биология кафедрасының, 2007 жылдан бастап Қазақ Ұлттық С.Асфендияров атындағы медициналық университетінің интернатура кафедрасының профессоры, «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледжіндегі оқытушы қызметін негізгі жұмысымен қатар алып жүр. Ғылыми зерттеу еңбегін тәжірибе барысында пайдаланып жүрген ғалым 400-ден астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 9 монографияның, 18 оқулықтың, 4 патенттің және 12 өнертабыстық ұсыныстың авторы. Оның жетекшілігімен 5 кандидаттық, 16 магистрлік диссертация қорғалды.
Сағындық аға қашан көрсең де маңайындағыларды сырбаз да салиқалы мінезімен, салмақты да ойлы әңгімесімен, зерделілігімен баурап алады. Ол ешқашан асып-таспайды, үлкенге - ізетті, кішіге - қамқор.
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сағындық Ордабековтің проблемалық мақалалары, суреттемелері мен эсселері облыстық, республикалық газеттердің беттерінде тұрақты жарияланып тұрады. Ол "Көкіректегі күмбірлер", "Іште қалған сөз де жетім", "Беймаза дүние", "Әріптестер әлемі", "Мың құбылған тіршілік", «Көсегенің Көкжоны», «Ойтолқын» кітаптарының авторы. Еңбектегі табыстары «Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін", «Қазақстан хирургиясын дамытуға қосқан еңбегі үшін», «Авицена», «Академик М.Әлиев» төсбелгілерімен, бірнеше мерекелік медальдармен және Құрмет грамоталарымен аталып өтілген. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ол еліміздің ең үздік «Жыл дәрігері» болып, «Алтын адам» атағына ие болды. Сағындық әріптесіміз республикалық «Денсаулық», «Ординатор», «Қазақстан хирургиясы» журналдарының редакция алқасының мүшесі. Профессор, көрнекті кардиохирург Сейтхан Жошыбаевпен бірлесе отырып «Әулиеата денсаулық сақтау ісінің хабаршысы» атты республикалық журналын шығаруды қолға алды.
Әке жолын қуған ұлы Ербол Сағындықұлы Алматы медицина институтының түлегі, дәрігер-хирург, Тараз қалалық көпсалалы ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары. Немерелері Әлімжан мен Әзімхан қаладағы Н.Назарбаев атындағы дарынды балалар мектебін озат бітіріп, екеуі де Астана медициналық институтына түсті. Келешекте олар ата жолын қуып, дәрігер болуды мақсат етіп жүр. Қызы Айнұр ҚазҰМУ-ін тәмамдаған, мамандығы- заңгер. Алматы қаласында еңбек етуде. Келіні Феруза Асқарбекқызы Ниязәлиева де дәрігер.
Әрдайым ізденісте, толғаныста жүретін ғалым-дәрігердің халықаралық және республикалық конференцияларда жасаған тартымды баяндамалары, айтқан пікірлері көпшілікті қызықтырады, тың ойларға жетелейді. Оның қаламынан шыққан монографиялары мен оқу құралдары әріптестері мен студенттер арасында әрдайым сұранысқа ие. Дәрігерлікпен қатар қаламгерлікті тең ұстап, негізгі қызметінің ауырлылығы мен жауапкершілігіне қарамай, қашан да шаршамай-шалдықпай, жеке шығармашылыққа уақыт тауып жүрген профессорды республика халқы тек көрнекті хирург-ғалым ретінде ғана емес, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі ретінде журналистік зерттеу еңбектерінен де жақсы біледі. Оның медицина тарихына жазған мақалалары мен танымдық кітаптары («Жамбыл облысының медицина тарихы», «Қазақтың алғашқы дәрігерлері» және де басқа) отандық денсаулық сақтау ісін зерттеушілерге таптырмайтын құнды дүниелер.
Ауылда туып, балалық шақты сонда өткізіп, сонда жетіліп-өскендіктен болар, Сағындық Ордабекұлы туған ауылын, туған топырағын ешқашан естен шығарған емес. Қолы қызметтен сәл қалт етсе киелі Сарысу өңіріндегі Көсегенің Көкжоны Үшбас ауылына ат басын бұрады. Ағайын-жұртпен жақын дидарласып, олардың жағдайларымен танысып, туындаған проблемаларын шешуге қолұшын беріп отырады. Оның ұсынысы мен қолдауымен ауылдың кіре берісіне көрнекті қақпа, орталығында ауылдық мешіт, оның қасынан 200 орындық асхана ғимараты бой көтерді. Ежелден келе жатқан «Қамыр әулие» бейітіне өтетін жол және өзенге көпір салынды. Алма бағы жаңартылып, жас көшеттермен толықтырылды.
Ол - сонысымен қадірлі, сонысымен сыйлы. Әріптесіміз Сағындық Ордабеков – кәсібінің шыңына шыққан білікті дәрігер, ұлағатты ұстаз және қаламы жүйрік, ойы терең қаламгер, әлеуметтікке қол ұшын беріп, қамқор болып жүретін қайырымды жан, қоғамнан тыс қалмайтын, айтар ойы, жөн сілтер ақыл-парасатқа ие зиялы жан.
Жамбыл облысының хиругтер қауымдастығы атынан:
Жандос Рысқұлов, Қайрат Әбдықұлов,
Ержан Әлімов, Жандос Сейдахметов,
Нұрлан Жайимбаев, Жантөре Молдашев.
Тараз қаласы

Обсудить
Блок в статье:
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»
03 январь 2025, Пятница
Кеңес беріп, ем-дом жасады
02 январь 2025, Четверг
Адамның бір қызығы бала деген...
02 январь 2025, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)