МЕРЕКЕ КҮНІ «ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕР» АТАҒЫ БЕРІЛДІ
Мойынқұм ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Мұханбетқұл Сабыров «Жамбыл облысының Құрметті ардагері» атағына ие болды. Мәртебелі атақ 25 казан – Республика күніне орай «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының №24 өкімімен берілген.
Мұханбетқұл Сабыровтың өмір жолы жас ұрпаққа үлгі боларлықтай ұлағат пен өнегеге толы. Биылжетпіс үш жасқа толып отырған ардагер ақсақал 1951 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Қылышбай (бұрынғы Карл-Маркс) ауылында дүниеге келген. 1968-1973 жылдары Алматы малдәрігерлік институтында оқып, зоотехник мамандығын алған.
Еңбек жолын 1973-1975 жылдары Көкшетау облысы Куйбышев аудандық әскери комиссарының көмекшісі болып бастаған. 1975-1976 жылдары Мойынқұм аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1976–1978 жылдары Мойынқұм ауданы Байтал қаракөл қой совхозында бөлімше зоотехнигі, 1978-1979 жылдары Мойынқұм ауданы СПТУ-62 бастауыш комсомол ұйымының хатшысы, 1979-1982 жылдары Алматы қаласы Қазақ ғылыми зерттеу институтының етті мал тұқымын өсіру бөлімінің бас зоотехнигі, 1982-1984жылдары халық депутаттары Мойынқұм аудандық кеңесі атқару комитеті ұйымдастыру бөлімінің инструкторы. 1984-1987 жылдары Мойынқұм аудандық халықтық бақылау комитетінің инспекторы, 1987-1990 жылдары Мойынқұм ауданы халық депутаттары Фурманов ауылдық Кеңесі аткару комитетінің төрағасы. 1990-1991 жылдары Мойынқұм ауданы Хантау совхозы партия ұйымының хатшысы, 1991-1992 жылдары Хантау совхозының бас экономисі, 1992-1994 жылдары Биназар ауылдық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы, Биназар ауылдық округінің әкімі. 1994-1995 жылдары Мойынқұм ауданы әкімшілігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі. Ал 1995 жылы аудандық ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, 1995-1997 жылдары Талдыөзек ауылының әкімі, 1997-1999 жылдары Мойынқұм ауданы ауылшаруашылығы саласы қызметкерлерінің аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1999- 2006 жылдары Мойынқұм аудандық аумақтық басқармасының бас инспекторы, 2006-2008 жылдары Мойынкұм аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы, 2008-2012 жылдары аудан әкімі аппаратының бас инспекторы және 2012- 2014 жылдары Мойынқұм ауылдық округі әкімінің орынбасары жауапты қызметтерін абыройлы атқарған.
2014 жылдың 5 қарашасынан бастап зейнетке шығып, қазіргі кезде Мойынқұм ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы. Сонымен қатар ардагер, шығармашылықпен айналысып, халықтың мәдениетін дамыту және өңір тарихын зерттеу бағыттарындағы өзекті жобаларды жүзеге асырып, аудан айнасы «Мойынқұм таңы» газетіне мақалалар жариялап келеді. Сондай-ақ елімізде төтенше жағдай болып, су тасқыны орын алғанда «Құлсарыға әлеуметтік көмек» апарғандардың қатарында. Ал қазір ауданымыздың 60 - жылдығына орай аудан тарихын қағаз беттеріне түсіруде екен.
Ардагер ақсақал сонымен қатар Жамбыл облысына «Еңбегі сіңіргендігі үшін» төсбелгісімен марапатталса, Мойынкұм ауданының Құрметті азаматы атағы бар. Сонымен қатар аудандық қоғамдық кеңестің мүшесіретінде өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуына қатысты мәселелердің шешім табуына жіті араласып, орайлы ұсыныстарын ортаға салып отырады.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы және Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы болған Мұханбетқұл Сабыров енді облысымыздың Құрметті ардагері атанып, үлкен мерейге бөленіп отыр. Лайықты марапатыңыз құтты болсын, ата!
Қуаныш ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ,
Мойынқұм ауданы
Обсудить
Блок в статье:
БИЛЕРДІҢ ҚОҒАМҒА ТИГІЗЕР ПАЙДАСЫ ЗОР
09 ноябрь 2024, Суббота
Таулар алыстаған сайын биіктей береді...
08 ноябрь 2024, Пятница
«ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ – ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМДЕ»
08 ноябрь 2024, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)