Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Белсенді қариялар еңбегінің өтеуі

Белсенді қариялар еңбегінің өтеуі

25 октябрь 2024, Пятница
25
0
Ұлттық мерекеміз 25-қазан – Республика күні қарсаңында облысымыздың ардагерлер ұйымдарының қоғамдық қызметіне белсене араласып жүрген бір топ ардақты ақсақалдар "Ardagerler ortalygy" ғимаратында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаевтың қолынан мәртебелі марпаттарға ие болды. Жылдағы дәстүр бойынша облысымыздың белсенді ардагерлеріне облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының шешімімен "Жамбыл облысының Құрметті ардагері" атағы мен төс белгісі салтанатты жағдайда тапсырылды. Мәртебелі марапатқа облыстық ардагерлер кеңесі тұрақты комиссиясының төрағасы Мұхаметілда Жазықбайұлы Байшонов, «QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы ардагерлер кеңесінің төрағасы Хамит Әбдірұлы Орынбеков, Мойынқұм ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Мұханбетқұл Сабыров, Т.Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылдық
округі бастауыш ардагерлер ұйымының жанынан құрылған
билер кеңесінің төрағасы Қадірбек Жапарқұлов, Жуалы ауданының белсенді ардагері Байұзақ Қонашулы Серкебаев, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің жанынан кұрылған әкелер кеңесінің төрағасы Абдуғали Әбделіұлы Ералиев, Шу қаласының белсенді ардагері Елисей Юрьевич Ли, Жамбыл ауданының белсенді ардагері Бауыржан Ешметов, қаржылық мониторинг органдары ардагерлері ұйымының төрағасы  Мейрамхан Сейдәзімов, медицина ғылымдарының докторы, академик, кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының директоры Сейітхан Жошыбаев, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ардагер ұстазы Михайл Николаевич Сенников, Меркі ауданының белсенді ардагері Исабай Қалысбаев, облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған билер кеңесінің мүшесі Талғат Ахатұлы Жұмабек, Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Малтабар Қаратайұлы Жаманбаев лайықты деп танылды. 
Еркінбек Бейсенбекұлы марапатталғандарды Республика күнімен шын жүректен құттықтап, қоғамдық қызметтеріне табыс тіледі.
Жамбыл облысының Құрметті ардагері атағына ие болғандар өздерінің қоғамдық қызметін жоғары бағалағаны үшін облыстық ардагерлер кеңесіне ризашылығын білдірді.

"ҒҰМЫР-ДАРИЯ"–ақпарат
Обсудить
Блок в статье:
Әке аманаты 25 октябрь 2024, Пятница

Похожие материалы:

ҚҰРМЕТ
19 сентябрь 2024, Четверг
ҚҰРМЕТ
ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫС
20 август 2024, Вторник
ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫС
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
28 июль 2022, Четверг
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
Жиналыс
19 август 2024, Понедельник
Жиналыс
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры