Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ҚАЗАН – ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ АЙЛЫҒЫ

ҚАЗАН – ҚАРТТАРҒА ҚАМҚОРЛЫҚ АЙЛЫҒЫ

10 октябрь 2024, Четверг
47
0
 «Аялайық қарттарды» айлық акциясы аясында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әмедияқызының Әбдікешова бастаған бір топ ардагерлер 103 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Г. Нещеретневтің үйіне барып, қарттар күні мерекесімен құттықтап сый - сияпат жасады. Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институтында Халықаралық қарттар күніне орай өз ардагерлерін құттықтау, марапаттау іс-шаралары өтті. Ардагерлерге қалалық құрмет грамоталар, институттың әкімшілігі тарапынан төс белгісі және Алғыс хаттар тапсырылды. Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет, аналар алқасы төрайымы Роза Қағазбай еңбек ардагері, Қордай ауданының Құрметті азаматы, Құрметті ардагері Шөпен Молдақалыков қарияның үйіне барып халықаралық Қарттар күнімен және туылған күнінмен құттықтап, иығына шапан жауып, азық-түлік себеті мен Алғыс хат табыстады. Халықаралық Қарттар күніне орай Қазіргі заман гуманитарлық–техникалық колледжінің директоры Фарида Нақыш бастаған бір топ білімгерлер ардагерлер орталығына келіп, ардагерлерді қарттар күнімен құттықтады.15 ардагерге азық-түлік себеті тарту етілді. Тараз қалалық белсенді ұзақ өмір орталығында қарттар күніне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Қарттардың құрметіне арналған концерттік бағдарлама ұсынылды. Ісшараға қатысқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әмедияқызы Әбдікешова ардагерлерді мерекелерімен құттықтады. Қызмет алушы қарттар орталық басшылығына алғыс сезімдерін білдірді. Мойынқұм аудандық бұхаралық спорт және іс - шаралар орталығы мен аудандық ардагерлер кеңесінің бірлесіп ұйымдастыруымен Мойынқұм ауылы ардагерлерінің арасында спорттық ойындардан жарыс өткізілді. Жамбыл ауданы, Аса ауылындағы дене шынықтыру сауықтыру кешенінде 1 қазан - Қарттар күні мерекесіне орай Жамбыл ауданының ардагерлері арасындағы аудандық спартакиада өткізілді. Қатысушылар 6 спорт түрінен қатысып өзара бақ сынасты. Халықаралық Қарттар күніне орай Меркі ауданының орталығында «Белсенді ұзақ өмір» орталығы салтанатты түрде ашылды. Орталықтың мақсаты – зейнеткерлердің бос уақытын жүйелі ұйымдастыру, өмір сүру сапасын жақсарту, шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау. Жаңа нысан 60 адамға шақталған. Мұнда әлеуметтік сауықтыру, медициналық, психологиялық, педагогикалық, мәдени, еңбек, тұрмыстық бағыттар бойынша 24 түрлі қызмет көрсетіледі. Айта кетейік, өткен жылдың қараша айында «Белсенді ұзақ өмір» орталығы Тараз қаласында ашылып, зейнеткерлердің игілігіне берілген болатын. Әлеуметтік нысан аудандар арасында алғаш рет Меркіде бой көтеріп отыр. Жамбыл ауданында Халықаралық Қарттар күніне орай аудан ардагерлерін қабылдау және марапаттау рәсімі өтті. Іс- шараға қатысқан облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі, облыстық «Ғұмыр – Дария» газетінің директорыбас редакторы Жаңабай Миллионов, аудан әкімінің орынбасары М.Досымбекова, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Р.Бегалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев бір топ ардагерді облыстық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасымен, аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен, «Жамбыл ауданына сіңген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Сөз сөйлеген Жаңабай Миллионов ардагерлерді құттықтай келе, той өткізудегі, қаза болған адамды соңғы сапарға жөнелтудегі аста-төк дарақылық, ысырапшылдық, жиын-тойларымызды, астарымызды тәртіпке келтіру туралы сөз қозғады. Жуырда Талас ауданы Ойық ауылында өткен облыстық семинарда барлық ардагерлер ұйымдарына жолданған Үндеумен таныстырды.
Обсудить

Похожие материалы:

«Қарияға құрмет мұсылмандық асыл міндет»
30 сентябрь 2024, Понедельник
«Қарияға құрмет мұсылмандық асыл міндет»
ҚҰРМЕТ
19 сентябрь 2024, Четверг
ҚҰРМЕТ
Даңқ
20 март 2020, Пятница
Даңқ
ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР
14 сентябрь 2024, Суббота
ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры