«Қарияға құрмет мұсылмандық асыл міндет»


Кездесуге №4 «Балжан Бөлтірікова» атындағы мектептің 7 – сынып оқушыларымен, аудандық Әкелер кеңесінің төрағасы Сегізбаев Дүкенбай және аудандық «Аналар алқасы» кеңесінің төрайымы Қағазбай Роза қатысты.

Әкелер кеңесінің төрағасы Д.Сегізбаев оқушыларға мұражайдың маңызы туралы және балаларға білімді болу қаншалықты маңызды екеніндігін атады. Аудандық «Аналар алқасы» кеңесінің төрайымы Р.Қағазбай балаларға ата-әжелерге тиісті құрмет көрсетілу керектігі туралы айтып, мұражай қорын бірге толықтыруға шақырды. Іс-шараға қатысқан оқушылар қонақтарға құттықтауларын айтып, өлең жолдарын арнады. Жиын соңында Мұражай директоры Кампитов Бектур Аманович балаларды мұражайға жиі келуге шақырып, келе жатқан мейраммен құттықтап, Әкелер кеңесінің төрағасы Д.Сегізбаевпен «Аналар алқасы» кеңесінің төрайымы Р.Қағазбайға сыйлықтарын тапсырды.
Қордай аудандық Ардагерлер кеңесі
Обсудить
Блок в статье:
ЖАС КӨШБАСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
22 май 2025, Четверг
КЕЗДЕСУ
21 май 2025, Среда
Құрмет
21 май 2025, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (0)