ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР
Қарттарын қадірлеп, құрметтеу, оларды ардақтау – халқымызға тән тағылымды қасиет. Жуырда осындай игілікті де иманды іс-шара білім саласының ардагері Скачкова Тамара Васильевнаның 90 жылдығына орай ол кісінің өз үйінде болып өтті. Ардагер ұстазды мерейтойымен құттықтауға арнайы ат басын бұрған Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил қала әкімінің Құттықтау хатын табыстады. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова ұлағатты ұстаздың омырауына «Тараз қаласының Құрметті ардагері» төсбелгісін тақты. Жамбыл теміржол жүк тасымалдау бөлімшесі кәсіподақ ұйымының төрағасы Серік Ақшораев ақшалай сый-сияпат жасаса, теміржол көлік және коммуникация колледжі бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Күлжан Керменбаева және теміржол саласының ардагерлері Бейсенбек Қожамқұлов, Шәріпхан Рүстембеков, Татьяна Столярова, Топархан Маханова бағалы сыйлықтармен бірге гүл шоқтарын ұсынды. Алматы педагогикалық институтын бітірген жоғары білімді Тамара Васильевна №88 қалалық теміржол кәсіптік-техникалық училищесінде (қазіргі теміржол көлік және коммуникация колледжі) тәрбиеші болып 30 жылдан астам еңбек етіп, сол жерден құрметпен зейнеткерлікке шықты. Еңбек жолында жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде қосқан үлесі үшін бірнеше марапатқа ие болды. Ардагер ұстаз, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 65 жыл» және «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 70 жыл» мерекелік медальдарының иегері. Қазіргі таңда ұлы-келінімен бірге тұрып жатқан Тамара Васильевна – сүйікті немере-шөберелерінің ортасында отырған бақытты әже. Құрметті ардагер құттықтап келушілерге шын жүректен алғысын жеткізіп, ризашылығын білдірді. Алдаберді МАҚАШЕВ, Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
22 август 2024, Четверг
Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде бастауыш ардагерлер ұйымының есебі
Комментарии (0)