Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Маңызды кезең қарсаңында

Маңызды кезең қарсаңында

08 август 2024, Четверг
113
0

Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Жамбыл теміржол бөлімшесінің мәжіліс залында қалалық ардагерлер кеңесі мүшелерінің, бастауыш ардагерлер ұйымдары және тұрақты комиссиялар төрағаларының қатысуымен семинар-кеңес болып өтті.

Басқосуда  бастауыш ардагерлер ұйымы қызметінің мәні, құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және алдағы есеп беру-сайлау жиналыстарын ұйымшылдықпен өткізуге бағыт-бағдар беру мәселелері талқыланды.

Семинар-кеңесті ашқан Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова өз сөзінде ардагерлер қоғамдастығының саяси-қоғамдық өмірдегі өлшеусіз орны туралы айтты.

Аталған іс-шарада Тараз қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Малтабар Жаманбаев 2023-2024 жылдары атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасап, жоғары белсенділікпен, көптеген ізгілікті істерді жүзеге асырып келе жатқан қалалық ардагерлер ұйымының қоғамдық ықпалды қызметі туралы жиналғандарға толыққанды ақпарат берді. Өз кезегінде бастауыш ардагерлер ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналысына дайындық, оны өткізудің үлгі-нұсқалары туралы қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Сауранбек Жамалбеков хабарлама жасады.

– «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің соңғы ІХ сьезінде бекітілген ұйым Жарғысы талаптарына сай әрбір екі жарым жылда бастауыш ардагерлер ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өтуге тиіс. Бұл – біздің қоғамдық бірлестігіміздегі өте маңызды шара болып табылады.

Қазіргі таңда 48 мың зейнеткер есепте тұр. Олар 319 бастауыш ұйымға топтастырылған. Енді осы ұйымдардағы есеп беру-сайлау жиналыстарын ұйымшылдықпен өткізуіміз керек, - деген жауапты хатшы алдағы жиналыстарды өз дәрежесінде өткізуге байланысты тиісті бағыт-бағдарларды жан-жақты баяндап берді.

Семинар-кеңесте темір жол саласы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Б.Найманбаев атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде өзінің іс-тәжірибесін ортаға салды. Сонымен қатар тоғызыншы аумақтық округі ардагерлер ұйымының төрайымы Т.А.Монастырская, темір жол көлік және коммуникация колледжі бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы К.Керменбаева, облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Қ.Ильясов, Жамбыл темір жол бөлімшесінің бастығы А.Сейтенбетов және еңбек ардагері Х.Тұрсынбаев сөз сөйлеп, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағаларына алдағы есеп беру-сайлау жиналыстарын өткізуге бағытталған үлгі-нұсқа, іс-қағаздар папкасы таратып берілді.

Семинар-кеңес қорытындысында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Әбдікешова темір жол саласының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан бір топ еңбек ардагерлеріне Алғыс хат табыс етті.

Алдаберді МАҚАШЕВ,

Тараз қалалық ардагерлер 

Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры