Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ЖОҒАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ЖАҒДАЙЫНДА

ЖОҒАРЫ БЕЛСЕНДІЛІК ЖАҒДАЙЫНДА

25 июль 2024, Четверг
218
0
Ардагерлер ұйымдарының алдында маңызды науқан тұр. Бұл күндері бастауыш ардагерлер ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өтіп жатыр. Оған жақсы дайындық керек, жоғары белсенділік жағдайында өткізген дұрыс. Өткен аптада Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесі екі жарым жыл сайын өтіп тұратын бастауыш ардагерлер ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарына дайындық және өткізу мәселесін талқылаған семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңеске аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, 17 бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев есеп беру-сайлау жиналыстарының маңыздылығын атап өтіп, жиналысқа ардагерлерді көптеп жинап, ауылдық ардагерлер кеңестерінің мүшелігіне елге сыйлы, беделді, ардагерлерді соңынан ілестіре алатын ақсақалдарды сайлау керектігін айтты. Жиын барысында төрағаларға есеп беру-сайлау жиналыстарының өткізу кестесі, жиналыстың жүргізілу тәртібі, жиналыс хаттамасының үлгісі, кеңес төрағасы баяндамасының үлгі-нұсқалары таратылды. 
***
Сарысу ауданы, Тоғызкент ауылдық округіндегі бастауыш ардагерлер ұйымында есеп беру-сайлау жиналысы өтіп, төраға есепті мерзімде атқарылған жұмыстар туралы ұйым мүшелері алдында есеп берді.
Есеп беру-сайлау жиналысына облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Қ. Ильясов, Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Жұмаділдаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі Б. Үсенбаев қатысты. Ардагерлер ұйым жұмысына өздерінің оң бағасын берді.
Есеп беру-сайлау жиналысында ұйым төрағасы болып Төленді Еркінов бір ауыздан сайланды. 
***
Талас аудандық ардагерлер кеңесінде 14 ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымдары төрағаларының қатысуымен ауданда бастауыш ардагерлер ұйымдарында өтетін есеп беру-сайлау жиналыстарына дайындық мәселесі қаралған семинар-кеңес болып, оның жұмысына облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Қ.Қ.Ильясов қатысты.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Әсемов облыстық «Ғұмыр-Дария» газетіне 2024 жылдың екінші жартыжылдығына жазылу қорытындысын жариялап, тапсырыс бойынша  400 дананың орнына таластықтар 410 дана басылымға жазылғанын хабарлады.
***
Шу ауданының Бірлікүстем, Бірлік, Балуан Шолақ ауылдық округтері ардагерлер ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары өтті. Онда  төрағалар  есепті кезеңде атқарылған жұмыстары жайлы есеп берді.
Сондай-ақ, жиналыстарда ауылдық билер, әкелер, аналар кеңестерінің төрағалары атқарған  жұмыстары туралы қосымша хабарламалар жасады. Есеп беру-сайлау жиналыстарында кеңес мүшелері және ұйымдардың төрағалары қайта сайланды. 
«ҒҰМЫР-ДАРИЯ» – АҚПАРАТ
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры