БЕЛСЕНДІЛІК АРТЫП, ҰЙЫМДЫҚ ЖАҒЫНАН НЫҒАЯТЫН КЕЗЕҢ
Қазір біздер ардагерлер ұйым-дарындағы маңызды кезеңнің қарсаңында тұрмыз. «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің соңғы IX съезінде бекі-тілген ұйым Жарғысы талаптарына сай әрбір екі жарым жылда бастауыш ардагерлер ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары өтуге тиіс. Бұл – біздің қоғамдық бірлестігіміздегі өте маңызды шара болып табылады.
Өткен есеп беру-сайлау жина-лыстарынан бері қарай облыста 900-ден астам бастауыш ардагерлер ұйымы тіркелген деп есептеліп келді. Шындығында біз көп жағдайда көрсеткіш қуумен шектеліп, нақты жұмысқа көңіл аудармайтынымыз бар. Бастауыш ұйымдарындағы есеп беру-сайлау науқаны кезінде облыстық ардагерлер кеңесі алға мына төмендегі міндеттерді қойып отыр. Біріншіден осы есеп беру сайлау жиналыстары кезінде Тараз, Шу қалалық және барлық аудандық ардагерлер кеңестері бастауыш ардагерлер ұйымдарын нақтылауы керек. Бастауыш ардагерлер ұйым-дарының төрағаларын сайлағанда ұйым мүшелері олардың іскерлік қабілетіне, ардагерлер арасындағы беделіне назар аударғаны жөн. Орны бос тұрған бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағаларын қайтадан сайлау қажет. Сондай-ақ төрағаларды ардагерлердің назарына ұсынғанда олардың жасына, ардагерлерді соңынан ерте білетін көшбасшылық қасиетіне көңіл аударған дұрыс деп есептейміз.
Көп мәселеде жиналыстарға дайындық кезінде мұқият болған жөн. Мәселен жарғы бойынша қатарында ардагерлері көп ұйымдарда кеңес-тер сайланатындығын, ал шағын құрамдағы бастауыш ұйымдарында тек төраға мен оның орынбасары ғана сайланатындығын ескерген абзал.
Жиналыстарды өткізгенде арда-герлердің неғұрлым көбірек қа-тысуын қамтамасыз ету керек. Есеп беру-сайлау жиналысының өтетіні жөнінде алдын-ала хабарлануы тиіс. Жалпы бұл маңызды шаруадан ұйым ардагерлері тыс қалмағандығын ескергеніміз дұрыс.
Қазір облыстық ардагерлер кеңесі бастауыш ардагерлер ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстарын осы жаздың соңғы айларында, яғни шілде, тамыз айларында өткізіп жіберу жөнінде ұсыныстарын бар-лық қалалық, аудандық кеңестерге жолдады. Облыстық ардагерлер кеңесі жанынан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Шәріп Дәулетбаевтың жетекшілігімен арнайы топ құрылды. Топтың құрамына төралқа мүшелері Оңласын Есіркепов, Жаңабай Миллионов және облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты қызметкерлері енді. Олар қалалар мен аудандардағы есеп беру-сайлау жиналыстарына дайындықтың барысын қадағалайды және есеп беру-сайлау жиналыстарына тікелей қатысатын болады.
Бұл арада тығы да қайталап айтамын, бастауыш ардагерлер ұйымдарының саны нақтылануы керек. Жұмыс істемейтіндері, қағаз бойынша есепте тұрғандары қысқартылуы тиіс. Саны аз ардагерлер ұйымдарын біріктіру арқылы олардың жұмыс істеу белсенділігін барынша көтергеніміз жөн.
Қазір бұл бағытта Тараз, Шу қалаларында және аудандарда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Барлық қалалар мен аудандардағы бастауыш ардагерлер ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстарын өткізудің біріңғай кестесі жасалып, олар облыстық ардагерлер кеңесіне жіберілді. Мәселен Жамбыл ауданы бойынша 17 бастауыш ұйымда есеп беру-сайлау жиналыстары 5-10 тамыз аралығында өтетін болып белгіленіпті. Ал цехтық ардагерлер ұйымдарында 15-25 шілде аралығында жиналыстар өтетін болады. Аудандық ардагерлер кеңесі есеп беру-сайлау жиналыстарын өткізу жөнінде арнайы іс-шаралар жоспарын қабылдаған, әр бастауыш ұйымдарына аудандық ардагерлер кеңесі төралқа мүшелерін жауапты етіп бөлген.
Шу қаласы бойынша да бастауыш ардагерлер ұйымдарында есеп беру сайлау жиналыстарына дайындық біршама деңгейде жүргізілуде. 17 бастауыш ұйымда шілде және тамыз айларында ардагерлер ұйымдарының есеп беру сайлау жиналыстарын өткізу көзделген.
Тараз қаласы мен басқа аудандарда бастауыш ардагерлер ұйымдарының есеп беру сайлау жиналыстарына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Арнайы кесте жасалып. жауапты кісілер бөлінуде.
Бастауыш ұйымдарындағы есеп беру сайлау жиналыстарының ұйымшылдықпен жоғары деңгейде өтуі облыстық ардагерлер кеңесінің ұдайы назарында болады. Бұл қоғамдық науқаннан біздің күтеріміз көп. Облыстағы бастауыш ардагерлер ұйымдарының саны нақтыланады, жаңадан сайланатын бастауыш ұйым төрағаларының сапалық құрамы едәуір жақсарады және бастауыш ұйымдар ұйымдық жағынан нығайып, белсенділігі едәуір көтеріледі деген сенімдеміз.
Қонысбай ИЛЬЯСОВ,
облыстық ардагерлер кеңесі
ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі
Еңбектері бағаланған белсенділер
Өткен аптаның бейсенбісінде облыстық ардагерлер кеңесіне бір топ белсенді ардагерлер өздерінің кәсіби және қоғамдық қызметтегі ұзақ жылғы жемісті еңбектерінінің өтеуі ретінде түрлі марапаттар алу үшін жиналды. Оларды облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев арнайы қабылдап, осында жиналған белсенді ардагерлердің өткен өнегелі өмір жолдары туралы, қоғамдық қызметтегі белсенділіктері жайлы әңгімелеп берді.
Сейтхан Шералханұлы Жұмашев Жуалы аудандық ардагерлер ұйымын табысты басқаруда. Соңғы бірер жылда аудандық ұйымда атқарылып жатқан жұмыстар елдің көз алдында. Еркінбек Бейсенбекұлы Сейтхан Жұмашевқа «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің ең жоғары марапаты – «Құрмет белгісін» салтанатты жағдайда табыс етті. Мұндай құрметке Меркі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байсейіт Жылысбаев та ие болды.
Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының қолынан Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары – аудандық билер кеңесінің төрағасы Батырбек Бахтыбайұлы Сарышаев, Тараз қаласы «Жамбыл теміржолы» кәсіпорны бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Бауыржан Сейсенбайұлы Найманбаев, Мойынқұм ауданы Қызылтал ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәрсен Байділдәұлы Бейсенов «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің Құрмет грамотасын, Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Құндызай Сапарбайқызы Мейірманова, Сарысу ауданы Ақтоған ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Шәді Қасбақбайұлы Салықбаев, Меркі аудандық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі Рыспай Райысов «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің Алғыс хатын алды.
Осы жолы «Әулиеата» ансамблінің өнерпаздар ұжымына (жетекшісі Әбдірайым Сейдазымұлы Уашев), Т.Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымына (төрағасы Қырқынбай Әбденов), Қаратау қалалық ардагерлер ұйымына (төрағасы Арыстанбек Мұхашұлы Байхотжаев), Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымына (төрағасы Жомарт Мұхаммеджанов), Шу қаласындағы Шу локоматив жөндеу зауытының бастауыш ардагерлер ұйымына (төрағасы Қадырхан Жексенұлы Қарымсақов) «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі орталық кеңесінің Дипломы табыс етілді.
Сондай-ақ осы салтанатты басқосуда Өсер Әбдіжәлелұлы Нұрбаевқа, Сланбек Алдабергеновке, Идрис Юнусовқа, Әбдірайым Уашевқа, Талғат Жұмабекке, Батырбек Саршаевқа, Арқабай Төлмағанбековке, Нарынбек Оңлабековке, Хадиша Оспановаға «Еңбек ардагері» төсбелгісі тапсырылды.
Марапатталғандар өздерінің қо-ғамдық қызметтерін бұдан бұлай да жандандыра беретіндігі туралы айтып, өз ризашылықтарын білдірді.

«ҒҰМЫР-ДАРИЯ» – АҚПАРАТ
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)