Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » БЕЛСЕНДІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

БЕЛСЕНДІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

14 июль 2023, Пятница
106
0
Жуырда Тараз қалалық ардагерлер кеңесінде ел тәуелсіздігінің нығаюына, ардагерлер қозғалысының қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосып, айрықша еңбек сіңірген бір топ белсенді ардагерлерге «Тараз қаласының Құрметті ардагері» төсбелгісі салтанатты түрде табыс етілді.
Жиында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова:
– Біздің халқымыз ежелден адамгершілік, сыйластық пен сыпайылық қасиеттерді өз бойына сіңіре білген, салиқалы, от ауызды, орақ тілді қарттарымызды құрметтеген. Бүгінде біздің ардагерлеріміз де сондай құрметтен кемде емес. Орындары – төрде, өздері– алдыңғы сапта. Сіздердің Отан алдындағы айтулы ерен еңбектеріңізді әрқашанда жоғары бағалаймыз. Ардагерлер – біздің мақтанышымыз. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, шаңырақтарыңызға игілік пен амандық тілеймін! – деп марапатталған ардагерлерді жүрек жарды сөзімен құттықтады.
Құрметке ие болған спортшы ардагерлер Сейдахмет Туғанбаев, Мадиярбек Орынбеков, қаржы саласының ардагері Әнуар Доланбеков және мәдениет саласының ардагері Нұржамал Пралиева қалалық ардагерлер кеңесінің басшылығына еңбектерін бағалағаны үшін ризашылықтарын білдірді.
Алдаберді МАҚАШЕВ,
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Нұр тараған Наурыз тойы
19 март 2021, Пятница
Нұр тараған Наурыз тойы
Жүз жасаған жауынгер
09 март 2022, Среда
Жүз жасаған жауынгер
спорт
29 апрель 2022, Пятница
спорт
Даңқ
20 март 2020, Пятница
Даңқ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры