ЖАҢАТАСТЫҢ АЛҒАШҚЫ СОТЫ
Өткен аптада Жамбыл облысының 85 жылдығы мен Жаңатас қаласының 55 жылдығы мерейтойлары аясында аудандық сот ғимаратының алдында сот және әділет саласының ардагері Ескермес Жұмажановқа арналған мемориалдық тақтаның ашылу рәсімі өтті.Шараға
Ермағанбетов, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев және Астана мен Тараз қалаларынан құрметті қонақтар қатысты. Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы сөз сөйлеп, Жаңатас қаласының тұңғыш халық судьясы және алғашқы Жаңатас қалалық сотының төрағасы қызметін атқарған Ескермес Жұмажановтың өнегелі өмір жолы туралы ой қозғады. Мұнан кейін, Жамбыл облысының ардагер судьялары кеңесінің төрағасы Асылхан Дармұрзаев, Жамбыл облыстық сотының судьясы Оспан Мамытбеков, Астана қаласының адвокаттар алқасының адвокаты Альмира Шайхина, Жамбыл облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Дәурен Дайрабаев та сөз сөйлеп, сот саласының ардагері туралы естеліктерімен бөліссе, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Бергентай Нұрмаханұлы жүрекжарды өлеңін арнады. Ескерткіш тақтаның лентасы салтанатты жағдайда қиылып, жиналғандар гүл қойып, тағзым етті.
Сот және әділет саласының ардагері Ескермес Жұмажанов – Жамбыл облысының және Сарысу ауданының сот жүйесінің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан сарысулық аға буын өкілдерінің бірі. Саналы ғұмырын әділет, сот саласына арнаған Ескермес Жұмажанов 1936 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Коммунар ауылында дүниеге келген.
1956 жылы Байқадам қазақ орта мектебін бітірген соң, еңбек жолын осы жылы Сарысу аудандық сотының хатшысы болып бастаған. 1958-1970 жылдары аралығында Сарысу, Талас аудандық соттарының сот орындаушысы, Талас аудандық заң кеңесінің меңгерушісі, Талас ауданаралық прокуратурасының тергеушісі, Сарысу аудандық кеңесі атқару комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.
Қызметтен қол үзбей жүріп, Қазақ Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1970 жылы 29 желтоқсанда Ескермес Жұмажанов қала халқының сайлауымен Жаңатас қаласының алғашқы халық судьясы болып сайланды. 1982 жылы 20 маусымда Жаңатас қалалық сотының алғашқы төрағасы болып сайланып, осы жауапты қызметті 1986 жылға дейін атқарды. Жаңатас қаласының тұңғыш халық судьясы және алғашқы Жаңатас қалалық сотының төрағасы болып 16 жыл қызмет атқарды. 1986-1998 жылдары Жамбыл облыстық әділет басқармасында сот жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бас кеңесшісі, Жамбыл облыстық әділет басқармасының сот орындаушылар департаментінің директоры болып қызмет атқарды.
1998 жылдан зейнетке шыққанға дейін Жамбыл облыстық сот әкімшілігінің басшысы, кадр бөлімінің бастығы болып қызмет етті.
2004 жылы 5 қазанда дүниеден озды.
Ескермес Жұмажанов есімі Жамбыл облысының белгілі тұлғалары туралы жазылған «Кто есть кто» кітабына енгізілген.
1999 жылы Жаңатас қаласының Құрметті азаматы атанды.
Самат ТОҚПАНОВ, журналист Жаңатас қаласы

Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)