Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

Ұлағат

13 июнь 2025, Пятница
7
0

Қазір қоғамда азық-түліктің қымбатшылығы жайлы көп айтылып қалады. Дегенмен, ол   көппен бірге көретін жағдай. Жаратушы әр адамның нәсібін тауыспасын. Менің айтайын дегенім, адамның адамдығы мен кісілігі  ішім-жемнен жоғары тұруы керек. 
Өмірге адам болып келген соң, төңірегіңе ақ пейіліңді, ізгі көңіліңді көрсетіп өмір сүру қандай ғанибет. «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деді емес пе хакім Абай. 
Мен 75 жастағы қариямын. Жас кезімізде Талас, Мойынқұм ауданында құрылыс саласында басшылық қызметте болдым. Дінмұхамед Қонаев, Айтбай Назарбеков секілді үлкен кісілердің ықыласын көрдім. Ол басқа  әңгіме. Сол заманда  әр азамат байлығы мен жиған малына қарап емес, адамгершілігіне қарап бағаланатын. 
Ал қазір  адамның кісілігі, адамгершілігі екінші орында қалды. Бұл жағдай жастарға берер тәрбиемізге де кері әсер етіп жатыр. Біз бұл көзқараспен жастардың тәрбиесіне селкеу түсіреміз. Қазір көп замандастарым немерелеріне ізгі қасиет, адамгершілік, адалдық туралы айтпайды. Тек жақсы өмір сүру, бай болу керек екендігін миына құяды. Әр немересінің 2-3 дипломымен мақтанады. Сол қос-қос дипломы бар азаматтар бір қызды бақытты етіп, отбасына береке сыйлай алмай жүр. Отау құрған күнде де қайынжұрт жағын менсінбей, такаппарлана қарау байқалады. Құдалар да бір-бірімен адамгершілік туралы емес, балаларының, немерелерінің жетістіктері туралы сөйлеседі.  «Менің немере қызымның 3 дипломы бар. Магистратура, доктарантура бітірген» деп сөйлейді. Оның орнына «Менің немере қызым біздің адалдық, ізгілік туралы тәрбиемізді алған. Сіздерге адал қызмет ете алады. Бізден алған тәрбиесін сіздерге көрсете алса қуанамыз. Сіздер де жылы пейілмен қарап, кейбір балалық мінездерін кешіріңіздер» деп кішілік пен кісілік танытса, қос құданың арасындағы сыйластық мың жылға жалғасатыны анық еді. 
Сөз соңында айтарым үлкенге де кішіге де, әр отбасы мүшелеріне керегі – адамгершілік. Адамгершілігі, жанашырлығы, мейірімі бар адам әрқашан құрметті. 

Ерубай АБДАШИМОВ,
еңбек ардагері

Тараз қаласы

Обсудить
Блок в статье:
руханият 13 июнь 2025, Пятница
Ұлағат 13 июнь 2025, Пятница
Өнеге 13 июнь 2025, Пятница

Похожие материалы:

НЕМЕРЕ БАЛДАН ТӘТТІ ДЕСЕК ТЕ...
04 май 2025, Воскресенье
НЕМЕРЕ БАЛДАН ТӘТТІ ДЕСЕК ТЕ...
НЕМЕРЕ БАЛДАН ТӘТТІ ДЕСЕК ТЕ...
29 апрель 2025, Вторник
НЕМЕРЕ БАЛДАН ТӘТТІ ДЕСЕК ТЕ...
«АТАҢА НЕ ІСТЕСЕҢ ...»
29 сентябрь 2024, Воскресенье
«АТАҢА НЕ ІСТЕСЕҢ ...»
ӨМІРДІҢ  МӘНІ  САҚАЛДА МА?
23 март 2025, Воскресенье
ӨМІРДІҢ МӘНІ САҚАЛДА МА?
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры