НЕМЕРЕ БАЛДАН ТӘТТІ ДЕСЕК ТЕ...

Менің айтайын дегенім, ұрпақ тәрбиелеу мәселесі турасында болмақ. Әкеміз ауылда тұрды, өзіміз ауылда өстік. Ол уақытта ауылда әр отбасында кемі 5-6 баладан болатын. Ал, алтын құрсақ аналардың алды 13-14 сәбиді дүниеге әкелетін. Сол перзенттердің бәрін өзі ыстық суығына көніп тәрбиелеп өсірді. Бірақ ол уақытта ата мен әжесі, әке-шешесі бір шаңырақта тұрып, көп жағдайда ортақ тәрбие берді. Ал, қазір ше? Бүгінде жағдай өзгеруде. Бүгінгі таңда жастар отау құра сала ата-енеден бөлек тұруды басты орынға қояды. Тіпті, кейбір пысық келіндер бөлек тұратынын босаға аттаған күні-ақ мәлім етіп, әңгіменің басын ашып алатын болды. Тағы бір айтарым, жас отбасылар бөлек кетуін кетіп алып, бір жыл өткен соң үлкен үйге бәрібір жалтақтайды. Себебі, кішкентай сәбилері өмірге келеді. Бала да, келін де жұмыста. Ал, 6-7 айлық кішкентай сәбиге қарайтын адам керек. Оған енесінен артық ыңғайлы адам тағы жоқ. Сондықтан, пысық келіндер шайын, матасын, әдемі көйлегін апарып жүріп, енесімен арасын дұрыстап қояды. Сөйтіп, баласын қарап отыруға шақырады. Өздері он бала өсірген әжелер ұлғайған шақта да баланың баласын бағып отыр. Жағдай осылай. Негізі, ата мен ене де адам. Олар да ет пен сүйектен жаралған. Қартайған шағында олар да еркін жүріп, уақтылы демалғысы келеді. Мүмкін болса шипажайға барып, ағайын-туысқа қыдырғысы келеді. Ал оған келіндер кезек-кезек қолқа салып, немере бақтырып қояды. Немеренің қылығы тәтті ғой. Бірақ, жасы үлғайған кісілерге демалыстың да керегі рас. Қазір бірнеше балалары бола тұра қартайған шақта бөлек тұруды жөн санаған ата мен апа көп. Себебі, өздерімен өздері болғанды жөн санайды. Ол туралы жасы үлкендердің өз айтары бар. "Менің атымды өзгертіп жаз. Менің жасым алпыс жетіде. Кемпірім екеуміз Тараз қаласынан үй алып бөлек тұрамыз. Өмір бойы Жуалы ауданында тұрып келдік. Шаруа қожалығым бар. Жағдайым жаман емес. Жас ұлғайған шақта келіннің алдында өзіңді ұстау, әдепті жүру ол да бір сын. Еркіндікке үйренген адамбыз. Ал, бөлек тұрсақ өзіңмен өзің. Балаң мен келінің оқта текте келеді. Арадан сый құрмет кетпейді. Баласын өздері қарап жатыр. Жас келген уақытта жұбайыммен бірге қыдырып жүруге де қарсы емеспін. Қазақтың атасы мен әжесі бала деп, немере деп өмір сүреміз. Ол да дұрыс шығар. Бірақ өз өміріміз барын ұмытпаған жөн", – дейді ақсақал Дәулет Жаңбыров. Бұған сіз не дейсіз? Немереңіз қалай өсіп жатыр? Кім қарап жүр?
Бидәулет ЖУАСБАЕВ, еңбек ардагері
Обсудить
Блок в статье:
Ұлы Жеңіске - 80 жыл
05 май 2025, Понедельник
Ұлы Жеңіске - 80 жыл
05 май 2025, Понедельник
Ғибрат
05 май 2025, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)