Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Ұлы Жеңіске - 80 жыл

Ұлы Жеңіске - 80 жыл

05 май 2025, Понедельник
24
0
Сол күні Тілеуқабыл Төребековтің туғанына 100 жыл толуына   арналған "дөңгелек үстел" отырысы  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеттің "Тәуелсіздік" залында ол кісінің көзін көрген замандастарының, зиялы қауым өкілдерінің және жастардың қатысуымен өтті. 
Басқосуды кіріспе сөз сөйлеп ашқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев майдангердің және қоғам қайраткерінің елге сіңірген еңбегі мен майдандағы ерлігі туралы баяндады. 
Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова өзінің құттықтау сөзінде Тараз қаласын кезінде 13 жыл басқарып, шаһардың республикадағы ең бір көрікті қалалардың қатарына қосудағы Тілеуқабыл Төребекұлының қажырлы еңбегіне тоқталды. 
Қарымды қайраткер Тілеуқабыл Төребеков туралы  облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жаңабай Миллионов баяндама жасады. Ол өз сөзінде қайраткердің ұйымдастырушылық қасиетіне, адами болмысына нақты мысалдар келтіре отырып тоқталды. 
Салтанатты жиында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Шырын Мамасерікова, кезінде мерейтой иесімен бірге қызмет атқарған қоғам қайраткері Салауат Дембай, Т.Төребеков қалалық атқару комитетінің төрағасы болған жылдары қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болған Меделбай Қатаев, "Днепро" украин этно-мәдени орталығының төрағасы Федор Клименко, профессор Исан Тілегенов, Тараз қаласындағы №5 мектептің директоры Нұралі Сейдахметов сөз сөйледі.  
Салтанатты жиын соңында Т.Төребековтің қызы Света Төребекова сөз сөйлеп, әкеcіне құрмет көрсетіп, әруағын әспеттеп жатқан облыстық, қалалық ардагерлер кеңестеріне және облыс, қала басшылығына өз ризашылығын жеткізді. 

"Ғұмыр-Дария" – Ақпарат

CУреттерді түсірген: Төлепберген сейітқадіров

Обсудить
Блок в статье:
Ұлы Жеңіске - 80 жыл 05 май 2025, Понедельник
Ұлы Жеңіске - 80 жыл 05 май 2025, Понедельник
Ғибрат 05 май 2025, Понедельник

Похожие материалы:

Ұлы Жеңіске - 80 жыл
05 май 2025, Понедельник
Ұлы Жеңіске - 80 жыл
ТӨРЕБЕКОВТIҢ ЕРЛIГI МЕН ӨРЛIГI
30 апрель 2025, Среда
ТӨРЕБЕКОВТIҢ ЕРЛIГI МЕН ӨРЛIГI
Ардагерлермен ақылдасты
01 июль 2022, Пятница
Ардагерлермен ақылдасты
Бірлік пен жасампаздық жолымен
27 май 2024, Понедельник
Бірлік пен жасампаздық жолымен
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры