Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ТӨРЕБЕКОВТIҢ ЕРЛIГI МЕН ӨРЛIГI

ТӨРЕБЕКОВТIҢ ЕРЛIГI МЕН ӨРЛIГI

30 апрель 2025, Среда
42
0

Сәуір айында Ұлы Отан соғысының ардагері, қоғам қайраткері Жамбыл облысының Құрметті азаматы, бірнеше ордендер мен медальдардың иегері, 13 жыл үздіксіз Жамбыл (Тараз) қалалық атқару комитетінің төрағасы, 20 жыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып табысты қызмет атқарған Тілеуқабыл Төребеков 100 жасқа толды. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығымен қатар келген аяулы азаматтың 100 жылдық мерейтойын жерлестері лайықты атап өтуде. Тілеуқабыл Төребековтің туғанына 100 жыл толуына орай, ол кісі өмірінің соңғы 21 жылын өткізген Тараз қаласындағы Көшеней көшесіндегі №11 "А" үйге ескерткіш тақта орнатылды. Салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров қатысып сөз сөйледі. Облыс ардагерлер ұйымына 20 жыл жетекшілік еткен қарымды қайраткер туралы облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев айтып берді. Бұдан кейін ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжбек Олжабай, Жамбыл облысының Құрметті азаматы Амангелді Карентаев, Тараз қаласының Құрметті азаматы Мырзахан Бұрханов, Т.Төребековтің қызы Света Төребекова сөйледі. Қабырғаға қойылған ескерткіш тақтаның бетіндегі ақ жамылғыны облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев және қалалық мәслихаттың төрағасы Кенжебек Олжабай салтанатты жағдайда ашып берді. Сол күні Тілеуқабыл Төребековтің туғанына 100 жыл толуына арналған "дөңгелек үстел" отырысы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеттің "Тәуелсіздік" залында ол кісінің көзін көрген замандастарының, зиялы қауым өкілдерінің және жастардың қатысуымен өтті. Басқосуды кіріспе сөз сөйлеп ашқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев майдангердің және қоғам қайраткерінің елге сіңірген еңбегі мен майдандағы ерлігі туралы баяндады. Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова өзінің құттықтау сөзінде Тараз қаласын кезінде 13 жыл басқарып, шаһардың республикадағы ең бір көрікті қалалардың қатарына қосудағы Тілеуқабыл Төребекұлының қажырлы еңбегіне тоқталды. Қарымды қайраткер Тілеуқабыл Төребеков туралы облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Жаңабай Миллионов баяндама жасады. Ол өз сөзінде қайраткердің ұйымдастырушылық қасиетіне, адами болмысына нақты мысалдар келтіре отырып тоқталды. Салтанатты жиында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Шырын Мамасерікова, кезінде мерейтой иесімен бірге қызмет атқарған қоғам қайраткері Салауат Дембай, Т.Төребеков қалалық атқару комитетінің төрағасы болған жылдары қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болған Меделбай Қатаев, "Днепро" украин этно-мәдени орталығының төрағасы Федор Клименко, профессор Исан Тілегенов, Тараз қаласындағы №5 мектептің директоры Нұралі Сейдахметов сөз сөйледі. Салтанатты жиын соңында Т.Төребековтің қызы Света Төребекова сөз сөйлеп, әкеcіне құрмет көрсетіп, әруағын әспеттеп жатқан облыстық, қалалық ардагерлер кеңестеріне және облыс, қала басшылығына өз ризашылығын жеткізді.

ҒҰМЫР-ДАРИЯ" – АҚПАРАТ CУРЕТТЕРДІ ТҮСІРГЕН: Төлепберген СЕЙІТҚАДІРОВ
Обсудить
Блок в статье:
Ұлы Жеңіске - 80 жыл 05 май 2025, Понедельник
Ұлы Жеңіске - 80 жыл 05 май 2025, Понедельник
Ғибрат 05 май 2025, Понедельник

Похожие материалы:

Даңқ
20 март 2020, Пятница
Даңқ
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
28 июль 2022, Четверг
МЕРКІДЕ ТӨРАҒА АУЫСТЫ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры