Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » ЖАРЫС ЖОЛЫНДА КҮШТІЛЕР МЕН ЕПТІЛЕР

ЖАРЫС ЖОЛЫНДА КҮШТІЛЕР МЕН ЕПТІЛЕР

29 апрель 2025, Вторник
75
0

Өткен аптаның жұмасында "Тараз-Арена" спорт кешенінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған облыстық ардагерлер кеңесінің жəне облыс əкімдігі спорт жəне дене шынықтыру басқармасының ұйымдастыруымен "Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі" атты спорттың жеті түрінен ардагерлер арасындағы дəстүрлі спартакиада жалауын көтерді. Байрақты бəсекенің ашылу салтанатында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев жарысқа қатысушы ардагер спортшыларға сəттілік тіледі. Тараз қаласынан жəне барлық аудандардан келген жандарына сергектікті серік еткен ардагер спортшылар жастарының ұлғайғанына қарамастан шеберлік танытып, бəсеке бəсін қыздырды. Жекелеген спорт түрлері бойынша волейболдан Тараз қаласының, Жамбыл, Байзақ аудандарының, үстел теннисінен ерлер арасында Тараз қаласының, Қордай, Жамбыл аудандарының, əйелдер арасынан Тараз қаласының, Қордай Жамбыл аудандарының, дойбыдан ерлер арасында Тараз қаласының, Қордай, Шу аудандарының, əйелдер арасынан Жуалы, Талас, Байзақ аудандарының, асық ату бойынша Тараз қаласы, Т.Рысқұлов, Жуалы аудандарының, шахматтан ерлер арасында Тараз қаласының, Жамбыл, Меркі аудандарының, əйелдер арасынан Тараз қаласының, Жуалы, Қордай аудандарының, тоғызқұмалақтан ерлер арасында Тараз қаласының, Талас, Сарысу аудандарының, əйелдер арасынан Сарысу ауданының, Тараз қаласының, Меркі ауданының спортшылары жеңіс тұғырына көтеріліп жүлдегер атанды. Бильярдан Тараз қаласының, Шу, Қордай аудандарының командалары шеберлік танытты. Жалпыкомандалық есеп бойынша бірінші орынды Тараз қаласының, екінші орынды Жамбыл ауданының, үшінші орынды Қордай ауданының спортшылары иеленді. Жалпыкомандалық есепте жəне жекелей спорт түрлері бойынша жеңімпаз атанғандарға облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыс əкімдігі спорт жəне денешынықтыру басқармасының басшысы Ернар Ибраймов сертификаттар, кубоктар, мен дипломдар тапсырды. "ҒҰМЫР-ДАРИЯ"–АҚПАРАТ
Обсудить
Блок в статье:
ӘСКЕРИ ПАРАДҚА АТТАНДЫ 05 май 2025, Понедельник
Даналыққа барар жол 05 май 2025, Понедельник
«Ғұмыр Дарияға» қариялар алғысты 05 май 2025, Понедельник

Похожие материалы:

спорт
29 апрель 2022, Пятница
спорт
СЕРГЕКТІКТІ ЖАНЫНА СЕРІК ЕТКЕН
27 апрель 2023, Четверг
СЕРГЕКТІКТІ ЖАНЫНА СЕРІК ЕТКЕН
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры