Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Дала академигі

Дала академигі

01 июль 2022, Пятница
140
0
Біз де біраз жасқа келдік. Талайды көрдік. Осы өңірдің "менмін" деген ардақты азаматтарының батасын алдық, сөзін естідік, ісін көрдік. Осы Ойық ауылында біз көргендердің ішіндегі тұлғалысы, мерейі үстемі Әнуарбек Тәжімбетов болатын. Кезінде қадірін білдік пе, біле алмадық па, оған бір Алла төреші. Десек те, бүгінде осы көкелерімізді сағынышпен еске алып отырамыз. 1957 жылы ұмытпасам, 12 ақпанда осы өңірдегі майда колхоздардың басын біріктіру арқылы "Ойық" совхозы құрылды. Ол кезде жаңа ұйымдасқан совхозда бар болғаны 500 сиыр, 300 жылы, 27 000 қой, 75 түйе, техникадан 15 трактор, 4 комбайн, 6 автокөлік болатын. 
Ал, Әнуарбек Тәжімбетов басқарған жылдарда осы совхоз адам танымастай өзгерді. 1980 жылы қойдың саны 60 000-ға, сиыр 1000 басқа, жылқы 500-ге, түйе 180-ге жетіп, совхозымызда 70 трактор, 63 автокөлік болды. Жыл сайын өндіріліп жататын ет пен сүттің, астықтың көлемі артып отырды. Ауылда 13 түзу көше болатын, 800-ге тарта тұрғын үй бар еді. Алты мыңнан астам тұрғын есепте тұратын. Бір совхоздың өзінде тұрақты жұмысы бар 700-ге тарта кісі бар болатын. Бүгінгі өлшеммен қарап отырсақ, мұның бәріне сену қиын. Бүгінгі жастарға осының бәрін айтсаң, ертегі естігендей қабылдайды. 
Ауылдың әлеуметтік келбетінің өзі керемет өзгеріп жататын. Совхоз құрылған жылы әр адамның орташа жалақысы 60 сом болса, 80-інші жылдары 173 сомды құрады. Ол кездегі ақшаның құны деген керемет болатын. 50 орындық аурхана, әйелдер босанатын перзентхана, емхана, орта мектеп, балалар бақшасы, асхана, стадион, монша салынып, ауызсу жүйесі тартылды.
Ол жылдары совхозымыз 4 бөлімшеден тұратын.  Сол ауылдардың тұрғындары сол заманның өркениетінің барлық игіліктерін көрді десек, артық айтқандық болмас. Совхоз орталығынан бөлек үш ауылда да сегізжылдық мектеп, дәрігерлік пункт, клуб, балабақш, кітапхана, монша, көшпелі киноқондырғы жұмыс істеп тұрды. Үйлер телефонмен, радиомен қамтамасыз етілді. Елдің сол жылдардағы ауызбірлігі мен ұйымшылдығын айта берсек үлкен әңгіме.
Осы игіліктердің орнығуының басы-қасында тікелей өзі жүрген Әнуарбек ағамыз Талас ауданының ең іргелі совхозын 23 жыл басқарыпты. Осы жылдарда 11 Социалистік Еңбек Ері шығыпты. Білікті басшы қарапайым еңбек адамдарының еңбегінің бағаланғанын қалайтын еді. Сонша Еңбек Ері шыққан шаруашылықты басқарған өзіне неге осы атақ берілмеді екен?! Бұл енді үлкен сұрақ. Елге болсын деген азамат осылай етсе керек. Мына бір дерекке назар аудару керек шығар. Әнекең сан-салалы үлкен шаруашылықты ондағын жылдар басқара жүріп бір рет сөгіс, немесе ескерту алмаған екен. 
Сол асыл азамат көтерген, көркейткен ауылдар кешегі тоқсаныншы жылдары азып-тозып кеткенін көзіміз көрді. Ес жидық, етегімізді жаптық, бүгінде ауылымыз қалпына келіп жатыр. 
Бір өкініштісі, сондай асыл азаматтың, тарихтан ойып тұрып орын алар тұлғаның ауылдастары, ел-жұрты қадіріне жетіп жүр ме? "Тау алыстаған сайын биіктей береді" деген халық даналығы бар. Әнуарбек Тәжімбетов бізден алыстаған сайын ол кісінің аяулы бейнесі айқындала түсері анық. Бүгінгі ұрпақ оның азаматтық болмысынан үлгі алып өссе деген тілегіміз бар. Біздің білім саламызда да неше түрлі реформалар жүріп жатыр ғой. Ендігі жерде айналып келіп мектептерге еңбек сабағы қайта енгізіліп жатыр. Еңбек сабағында, тарих пәнін оқытқанда, сынып сағаттарында өзіміздің өр тұлғалы асыл азаматымыз, арда ұлымыз Ә.Тәжімбетовтің еңбегін өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі етіп отырсақ, жараспай ма. Осындай-осындай жақсы шаруаларды неге ұйымдастырмасқа?! Бізде жастар ұйымдары бар, мектепте "Жас ұлан" қозғалысы құрылып жатыр. Менің айтып отырған бастамаларымды солар іліп әкетіп жатса, жарасып-ақ кетер еді. 
Мектеп дегеннен шығады, білім ошақтарында біздің дәл қазіргі кезде кенжелеп қалған тәрбие жұмысында көп шаруа атқаруға болады ғой. Біздің ұстаздарымыз пәндік сабақтардан тыс тәрбие жұмысына көбірек көңіл бөлсе деген тілегіміз бар. Дала акадамигі болған Әнуарбек Тәжімбетов ағамыздың есімі де, ісі де ұмытылмайды. 

Пана РАХМАНБЕРДІҰЛЫ,
Ойық ауылдық округі ардагерлер
кеңесінің төрағасы, 
Талас ауданының Құрметті азаматы.
Обсудить

Похожие материалы:

Ауылымыз көркейіп келеді
13 март 2020, Пятница
Ауылымыз көркейіп келеді
ТАНЫМ
19 март 2021, Пятница
ТАНЫМ
Ер есімі - ел есінде
08 апрель 2020, Среда
Ер есімі - ел есінде
Үлгілі ауыл жобасы
29 июль 2020, Среда
Үлгілі ауыл жобасы
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры