Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » ОТБАСЫ БІРЛІГІ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

ОТБАСЫ БІРЛІГІ БӘРІНЕН ҚЫМБАТ

30 январь 2024, Вторник
77
0
Қазіргі таңда қарттарымыздың барлығы болмаса да, біразы қоғамдық жұмыстарға бел шешіп араласып келеді. Пайдалы, өскелең ұрпақ үшін де қариялардың қазыналы тәрбиесі керек - ақ. Әрбір үйдің төрінде ақыл - кеңесін, өткен - кеткен тәжірибе - тәлімін айтып ата – әжесі отырса, жаман ба? Құдайға шүкір, қазір заман жақсы. Президентіміз де Жаңа Қазақстан, жаңа заман құрамыз деп айтып жатыр. Тоқсаныншы жылдардың тоқырау кезеңінде экономика дедік, бала шағаны асырау дедік, әйтеуір, толып жатқан қиындықтармен бас қатырып жүріп бала тәрбиесіне көңіл бөлінбей қалды. Өткенге салауат, өтті - кетті. Ендігі жерде ұрпақ тәрбиесіне баса назар аударар кез келді. Бүгінде жасыратын несі бар, жас отбасылардың тыныштығы бұзылып, ажырасу көбейіп кетті. Баяғыда жетіспеушіліктен ажырасып жатушы еді. Бүгінде не жетпейді, былай қарасаң, бәрі түгел сияқты, әңгередей үй, ішім - жем, көлік десең, көлік бар. Оған дәлел ретінде бір - екі мысал келтірейін. Ауылымызда көпбалалы өтбасы болды. Ерлі - зайыпты екеуі де өнерлі, балаларының бәрі де сабақты жақсы оқиды, олар да өнерден құралақан емес еді. Жақсы үлкен үйі бар, тіпті, жеке дүкені де, машинасы да, қораларында малы да бар. Тату - тәтті тұрды, бүкіл ауыл, ауылға ғана емес, ауданға белгілі керемет отбасы болды. Тіпті, облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегері де атанды. Осы отбасыға сөз тиді ме, көз тиді ме, жақында ғана ерлі - зайыпты арасында кикілжің болып, уақытша болса да ажырасып кетті. Екеуінің арасына қандай сайтан кіргенін кім білсін? Ауыл әкімі болып, билер кеңесі болып, оларға түсіндіріп көрдік. Ақылға, жөнге келмейді. Бұл жағдай бәрімізді ойландырып тастады. Сонда артындағы шиеттей бала - шаға тағдырын неге ойламайды, олардың болашақ тағдыры, келешегі не болды? Енді бір отбасы туралы айтайын. Орта жасқа келген ерлі - зайыптылар арасында кикілжің туындады. Әйелі тамаша мұғалім, мінезі де салмақты, бала тәрбиесіне үнемі көңіл бөлетін асыл ана, ері де бір қарағанда көңіл толатын әп - әдемі азамат. Ал, ішкі дүниесі атың өшкір арақтан тозған, жеңілген адам. Пәленбай жыл бір шаңырақ астында өмір сүріп келген отбасы орта жастан асқанда ажырасуға бет бұрып отыр. Сонда бұл не?
Міне, айта берсе мұндай - мұндай келеңсіздіктерді көзіміз көріп отыр. Кімді кіналәймыз? Қоғамды ма, адамды ма, жоқ әлде ақыл - кеңес бермеді деп қарттарды ма? Жоқ! Жоғарыда айтылған екі отбасында ерлі - зайыптылар өзара үйлесім таба алмады. Ертеңгі күні балаларының тағдыры не болады, соны ойлады ма екен ерлі - зайыптылар? Ойлаған да жоқ! Міне, осындай отбасылар тек біздің ауылда ғана емес, барлық жерде бар. Отбасыларының ажырасу көрсеткіші жағынан біздің еліміз көш басында. Олай болса, қазіргі таңда қазыналы қарттарымыз болып, түрлі қоғамдық ұйымдар болып, аналар кеңестері болып, бала, отбасы тәрбиесімен шындап айналысуымыз керек. Қағаз жүзінде емес. Шыны керек, әрбір үйленген үш отбасының біреуі ажырасады екен. Ал, енді, «жер ортасы Көктөбеге» келгенде ажырасып жатқандар қаншама?! Біздер мұндай - мұндайларға салғырт қарайтынымыз шындық «Әй, не болса, ол болсын» дейтіндер де табылады. Тіпті, күлкі қылып өсектейтініміз де рас. 
Менің айтарым: отбасының бірлік - берекесіне бей - жай қарауға болмайды.

Пана РАХЫМАНБЕРДІҰЛЫ
Ойық ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Талас ауданының Құрметті азаматы.
Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры