ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР ҰЛЫҚТАЛДЫ

Қамшыны қазақ алқалы жиындарда, ұлттық құрылтайларда сөз сұрау, сөз алу үшін ишарат құралы ретінде пайдаланған. Сол замандардан бері бізбен бірге жасасып келген ұлттық жәдігерлерді қастерлейік, әр қазақтың үйінде қамшы мен домбыра қатар ілініп тұруы керек. «Нағыз қазақ – домбыра» деген қағиданы да ұмытпаңдар, балалар! – деді.
Келесі кезекте асық атудан көрініс көрсеттік. Асық атудан облыс чемпионы, ардагер спортшы, осы жолдардың авторы шебердік сағатын өткізді. Бүлдіршіндер де атасынан қалыспады.
Кездесу барысында бүлдіршіндер де үлкендерге ілтипат көрсетіп ән салды, би биледі, мәнерлеп өлең оқыды. Осы іс – шараны ұйымдастырған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шолпан Төлегенованың тәжірибелі, ысылған өз ісінің маманы екеніне ақсақалдар риза болды. Бір қызығы, кездесуде ұстаздар да, оқушылар да, ардагерлер де бұрыннан таныстар секілді еркін отырып, ашық пікір алмасты.
Мектеп директоры Жанат Ұзақбайұлы Әлиасқаров қонақтарға ризашылығын білдіріп, оқушыларға ұлттық құндылықтардың маңызын, мәнін түсіндіріп бергендері үшін рахмет айтты. Шу ауданының Құрметті ардагері Әнафия Шабанбаев ақсақал бүлдіршіндерге салт – дәстүр туралы оқу құралдарын сыйға таратты.
Жылқыбай ҚОЙШЫБЕКОВ,
Шу аудандық әкелер
кеңесінің мүшесі
Обсудить
Блок в статье:
ӘЖЕнің ӘЛДИІМЕН ӨСеді ҰРПАҚ
18 апрель 2025, Пятница
ӘЖЕнің ӘЛДИІМЕН ӨСеді ҰРПАҚ
18 апрель 2025, Пятница
Кітап фестивалі
17 апрель 2025, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)