ЖАҚСЫ ТӘРБИЕ ӨСКЕН ОРТАСЫНАН ҚАЛЫПТАСАДЫ
Қазір, Аллаға шүкір, заман жақсы, ел аман, жұрт тыныш. Анау айтқандай бәріміз бірдей байып кетпесек те, жалпы елдің жағдайы жаман емес.
Мына қымбатшылық қытыққа тиіп, жүйкені жұқартып тұрғаны да рас. Бұл енді қашанғы созылар дейсің, әлі-ақ алдағы уақытта «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман келер дейміз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанды құруды қолға алып отырған жоқ па?!
Осындай жақсы заман орнату үшін біз бүкіл ел болып Президентіміздің саясатын қолдап, бір кісідей жұмылуымыз керек. Менің айтпағым бұл емес. Мені мазалайтын, толғандыратын – жастарымыздың, біздің балаларымыздың, немерелеріміздің тәлім-тәрбиесі. Өйткені, жастардың мінез-құлқы мені қатты толғандырады. Біздің қазақи әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз көп жағдайда жастар арасында сақтала бермейді. Қазір, басқасын айтпағанда, тәртіп мәселесі кемшін болып тұр. Былтырғы қаңтар оқиғасын айтпай-ақ қояйын. Бүгінде мектеп жасындағы оқушылар тәрбиесі жайлы айтар болсақ (әсіресе қалалық жерде), ойланатын жағдайлар бар. Кеше ғана теледидардан көрдік бір қызды үш қыз жабылып ұрып-соғып, тепкілеп, емханаға түсірген. Одан қалса, екі-үш қыз полиция көлігінде темекі шегіп, былапыт сөз айтып, мәре-сәре отырғанын көріп сұмдық түңілдік.
Түңілмей қайтеміз, бұрын-соңды, тіпті, сонау Кеңестік заманда да бұндай сұмдықты көрмеген бізге қатты әсер етті. Ол заманда, бұл заман қыздар төбелескенін кім көріпті?! Бұл біз көрген бір ғана оқиға. Аруларымыз-қыздарымыз, болашақ аналар осылай өсіп, бойжетіп жатса, болашағымыз не болады?
Меніңше, бірінші себеп баяғыдай «қызға қырық үйден тыю» деген ата-ана тәрбиесінің болмауынан, екінші шетелге еліктеушілік, түрлі түсірілімдерді ұялы телефоннан көруі, үшінші ру-хани байлық – кітіп, газет-журналдар оқымауынан-тоқымауынан, төртінші қазақи құндылықтар – ибалылықтың, инабаттылықтың, әдептің сақталмауынан жастар арасында әдепсіздік әрекеттер көрініс беруде.
«Тәрбие – талбесіктен басталуы керек» дегенді көп айтамыз. Әрине, бала тәрбиесіне біріншіден, ата-ана, екінші мектеп жауапты. Қазір жасыратыны жоқ ата-ана үнемі ақыл-кеңес беріп отырмайды, оны тыңдауға кейбір жастардың құлқы да жоқ. Беттен алып, төске шабатындары да бар. Ал, мектепте ше? Қазір мектепте баяғыдай қыздар комитеті деген жоқ. Көңілдеріне келмесін, бәріне бірдей топырақ шашпаймын, оқушылар тәрбиесіне ұстаздар үстірт қарайтын болды. Олардың өзі газет-журнал оқымайды, қоғамдық жұмыстардан шеттеп қалды. Ата-аналар күнкөрістің қамымен жүр, мұғалімдер тек өз пәнімен, ҰБТ-мен әлек. Ал, сонда оқушылар тәрбиесіне жауапты кім? Бұл – үлкен сұрақ. Қазір тек білім жағынан көрсеткіш қуу әдетке айналған. Бар мақсаттары алдағы болатын ұлттық бірыңғай тестке дайындалу, жоғары көрсеткішке жету. Ол да керек шығар. Тәрбие мықты болса, неге мектептерде тәртіпсіздік белең алып жатыр? Осындайда Ұлы ұстаз Әбу-Насыр әл-Фарабидің мына бір сөздері еске түседі.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» деген екен ұлы ойшыл. Қазір, Құдайға шүкір, мемлекетіміз жастарға қамқорлықтарын аяп жатқан жоқ, қаланы айтпағанның өзінде, бүгінде әрбір ауылда спорт залдары, алаңдар, саябақтары бар. Ұл-қыздарымыз салауатты өмір салтын ұстап, сондай жерлерге барып өздерін шынықтырып, жатса құба-құп.
Қыз қылығымен, инабатымен, тәрби-есімен құнды. Қай кезеңде де керемет аруларымыз болды. Олар жарастықты тұрмыс құрып, үйленгенде де өнегелі ісімен, тәлім-тәрбиесімен көзге түсіп, өмірге небір мықты ұрпақ әкелгенін білеміз.
Қазіргі қыздар басқа планетадан келген жоқ, тек оларға ұлттық тәлім-тәрбие отбасынан, білім ошағынан берілуі керек. Болашағынан зор үміт күтетін ұл-қыздарымызды әр отбасынан кездестіруге болады. Біздің айтарымыз, солардың қатары селдіремесе, «бір құмалақ бір қарын майды бүлдірмесе екен» деген тілек.

Пана РАХМАНБЕРДІҰЛЫ,
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі.
Талас ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
Адамгершілігі бар адам –арлы адам
25 октябрь 2024, Пятница
ІСТІҢ АДАМЫ
25 октябрь 2024, Пятница
Әке аманаты
25 октябрь 2024, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)