Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » АСҚАРОВ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН

АСҚАРОВ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН

29 сентябрь 2022, Четверг
173
3
Ел дамуының жаңа кезеңін айқындаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынған «Жаңа Қазақстан» жобасын іске асыру үшін қоғамның тұтастығы, елдің бірлігі және адамдарды біріктіретін ортақ ұлттық  құндылықтардың болуы қажет. Өйткені, елімізде ұлт сапасын арттырмай, адам санасын өзгертпей, игі құндылықтарды игермей жаңа мемлекет – әділетті  Қазақстанды құру мүмкін емес.
Әр қоғамда әлеуметтік қатынастар жүйесін қолдайтын және өзін өзі іштей ұдайы реттеу арқылы оның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін жасампаз тұлғалар қажет. Себебі, қоғамның жетілуі – оның әр мүшесінің бойындағы жоғары адами құндылықтарға байланысты. Яғни, қоғамда қандай құндылықтар басым болса, мемлекет те солай дамымақ, оған қазіргі уақытта барлық қазақстандықтың көзі жетіп отыр. Сол құндылықтарды тудыратын – адамдар, әсіресе, олардың дүниетанымы мен ішкі болмысы. 
Осындай игі мақсаттарды іске асыруда халқымыздың тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың өмірі, қызметі мен бай мұраларын зерделеудің және насихаттаудың орны ерекше. Кез-келген қоғамның қай уақытта, қай кезеңде болмасын өркендеуі халықтың әл-ауқаты, тұрмысы, тыныс-тіршілігі және биліктің әділ, ашық болуына байланысты болатындығы ақиқат. Ал, бұл ұстанымдардың іске асуы әрдайым билік және оның басындағыларға байланысты.
Сондықтан, Асанбай Асқаров айтқандай, «Тұлғалы адамның төмендеп кетуге құқы жоқ. Бұл принциптен жалтару саяси жағынан өзін-өзі жоюға әкеліп соғады. Кез келген саяси қайраткердің күші өзінен бұрынғының бәрін жамандай беруде емес, халықтың қолдауына ие бола отырып, белгіленген бағдарламаларды жүзеге асыруға жағдай жасай білуінде болса керек». Бұдан шығатын қорытынды не? Әрине, бұл халқымыздың басынан өткен кешегі Кеңес дәуіріндегі ғана емес, бүгінгі тәуелсіз еліміздің тарихында орын алып келген келеңсіз құбылыстармен тікелей сабақтастығында.
Алдағы уақытта әлеуметтік жағынан халықтың жікке бөлінуіне жол беруге болмайтындығын әрқайсымыз жадымызда ұстауымыз керек. Сондықтан, Мемлекет басшысы ірі бизнес өкілдерімен кездесу кезінде ел байлығының жартысын бар-жоғы 162 адам иеленіп келгендігін, ал халықтың 50 пайызының табысы 50 мың теңгеден аспайтындығын ашық айтып, осы бір аса күрделі мәселені шешуге бағытталған реформаларды қолға алуда. Бұл мәселені А.Асқаров өз еңбектерінде күйреген кеңес дәуірінде орын алған әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктің сал-дарын, басшыларының ойланбай істеген іс-әрекеттерінің тақсіретін ең алдымен, халық тартатындығымен сабақтастыра отырып,  талай нақты фактілермен көрсеткен болатын.
Мемлекетті басқару, жалпы басшылық қызметте А.Асқаров «Үлкен бол, кіші бол, басшы қызметте жүргеннен кейін сен үнемі көпшіліктің көзінің алдындасың. Сенің әрбір қадамың есептеліп, әр сөзің еленіп-екшеленіп отырады» деген қағиданы өмір бойы басшылыққа алған. Асанбай ағамыздың өзі «Ең бастысы абыржымай, бәріне табандылық көрсетіп, қоғамдағы өз орныңа лайықты болуың керек деген ой мені іштей жетелеп әрі қамшылап отырды. Соның арқасында мен өмірдің сондай қатал сынынан ойдағыдай өткен сияқтымын» деп қорытындылайды. Бұл ұстанымдар бүгін ең алдымен билікте жүрген азаматтар үшін, әділетті Қазақстан үшін басты қағида болуы керек.    
Жаңа Қазақстанға алғашқы қадамдар жасалуы туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы Жолдауларында Жаңа экономикалық саясатқа жан-жақты тоқталды. Бұл турасында Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Қарапайым халықтың мүддесі үнемі елене бермейді, кейде, тіпті, әділетсіздік мемлекеттік аппарат өкілдері тарапынан да жасалып жатады. Азаматтардың мемлекеттік мекемелерге сенімсіздігі осыдан туындайды» деп, халыққа әлеуметтік әділдік жетіспейтінін мойындау керектігін, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстанудың аса маңыздылығын баса айтуы тегін емес. Осы тұрғыдан келгенде А.Асқаров «Тағдыр» атты әдеби-мемуарлық еңбегінде «...әрбір адамның әлеуметтік жағдайын түбегейлі жақсартудың бүкіл қоғамның әлеуметтік жағдайын өзгертусіз жүзеге аспасы белгілі. Демек, әрбір индивидиумның әлеуметтік жағдайын қандай әдіспен жақсартуға болады, мәселе осында» деп пайымдай келе, «Кез-келген қоғамдық формацияда адамдардың ерік-жігеріне тәуелсіз обьективті экономикалық жүйе өмір сүріп және әрекет етеді. Әңгіме қоғамның бұл заңдарды қалай қолдана алуында болып жатыр. Бір нәрсе анық, кез-келген қоғамда бұл заңдарды бұрмалаушылықтың зиянды салдары болуы ықтимал» деген болжам жасайды. Асанбай ағамыздың  кезінде жасаған пай-ымдаулары үстіміздегі жылдардың басында орын алған «Қасіретті қаңтар» оқиғаларына әкелген ішкі себептерден көруімізге де болатын сияқты. Осы еңбегінде «мен біздің жүйемізде көптеген нәрсенің ескіргенін, саясатқа және экономикаға деген көзқарасты өзгерту керектігін, адамдардың әлеуметтік жағдайына көбірек көңіл бөлу қажеттігін сездім» деп тұжырымдайды. Бұл тұжырымды толығымен бүгінгі күнге әкеліп қойсақ, ешкімде қарсы бола қоймас.
Қайраткер, ғалым, қоғам дамуының тамыртасы болған Асанбай Асқаровтың жан-жақты, терең пайымдалған ойлары мен тұжырымдарын бүгінгі жаңа, әділетті Қазақстан жағдайында ғалымдар жаңа тұрғыдан зерттеп-зерделеуі керек деп ойлаймын. Бұл болашақ ұрпақ, жаңаратын мемлекетіміз үшін аса қажет. Солардың ішінде, Ұлы Тұран, ұлттық тіл, тарих пен әділет туралы айтқан пайымдауларынан тиісті қорытындылар шығаруымыз қажет. Бүгінгі геосаяси күрделі жағдайға байланысты Тұран елдерінің ынтымақтастығы мен бірлігінің тек рухани жағынан ғана емес, саяси тұрғыдан тұтастығының қажет екендігін әрдайым ескеруіміз қажет. Әлемде көптеген мемлекеттерде өмір сүріп жатқан 200 миллиондай түркі тілдес халықтардың әлемдік өркениетте алған, алатын орнын болашақ ұрпақ жақсы білулері керек. Бүгінде түбі бір, тарихы мен тамыры ертеден бастау алатын түркі елдерінің рухани-мәдени, саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді бірлесе шешуде, қажет болған жағдайда күш біріктіру қажеттілігі анық байқалуда. Дегенмен, осыны алдын-ала болжай білгендей, А.Асқаров тарихшы болмаса да, бітім болмысы ғылымның осы саласын жақсы меңгергендігін «Ұлы Тұранның ұлдары» іргелі  тарихи-танымдық еңбегінде жан-жақты көрсетеді. Қасиетті Тұран топырағынан шыққан 70 ұлы ғұлама қайраткер туралы  ғылыми ойларын нақты тарихи фактілермен бере білген.


Жаңа, әділетті Қазақстан тарихында бүгінгі таңға дейін әділ бағасын алмаған тағы бір үлкен мәселе – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі. Бұл Асанбай Асқаров секілді ағаларымыз бен құрбан болған, жазықсыз зардап шеккен бауырларымыздың алдындағы, ең бастысы ұлт тарихы алдындағы баршамыздың міндетіміз деп санаймын. 
А.Асқаров бүгінгі еліміздегі жүріп жатқан саяси, экономикалық және рухани өзгерістерді өз көзімен көрген жағдайда, еңбектерін сөз жоқ, басқа тұрғыда жазатындығына еш күмән жоқ. Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығында жазылған «Тағдыр», «Көзқарас», «Жұмақ пен Тозақ» және басқада шығармаларында қоғамда орын алып отырған әділетсіздік туралы айтары бұдан да мол болар еді.

Асқар АБДУАЛЫ, 
тарих ғылымдарының докторы, 
профессор.


Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (3)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Bernadine
Bernadine Гости 26 сентября 2024 20:51
luxury tastic oh504,https://www.affordbag.ru,luxury tastic uy091
Joan
Joan Гости 24 октября 2024 21:08
Replica Sneakers po934 Replica Sneakers for women,Replica Sneakers ru982
Hulda
Hulda Гости 26 октября 2024 13:07
Fake Shoes dq496 discountshoesmart,Replica Sneakers Dirty White ci011
Сотрудники
Партнеры