Батамен басталған істің берекесі болады
Дана қазақ «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер» деп бекер айтпаса керек. «Сөздің басы бисмилла, биссмилласыз іс қылма» деген де қазақ атам. Кешегі Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің дәуірінде де батаның маңызы жоғары болған. Осы құндылықты дамыту қазіргі қоғамның да басты мәселесіне айналып отыр.
Әр аймақтың, әр ауылдың жасы келген елге құрметті, сыйлы ақсақалдары болады. Олар өз әулетінен сый көреді, елдің құрметіне бөленеді. Бірақ, батаға келгенде сол үлкендеріміздің біразының кібіртіктеп қала беретіні шындық.
Облыстық ардагерлер кеңесі ұлттық құндылықтарды жаңғырту, бата беру дәстүрін жандандыру мақсатында төрт жылдан бері «Батамен ел көгерер» атты облыстық батагөйлер байқауын өткізіп келеді. Нәтижесі жаман емес. Қазіргі таңда әр ауыл, әр көшеде бата жаттап жүретін қариялардың қатары көбейді. Ол – жас ұрпаққа тәрбие. Батамен басталған істің берекесі болатыны анық.
Аталған байқаудың облыстық кезеңі биыл облыстық ардагерлер кеңесі мен Қордай ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қордай аудандық мәдениет үйінде өтті. Іс-шараның ашылу салтанатында Қордай ауданының әкімі Бекзат Болатбеков сөз сөйлеп, әр ауданнан келген батагөй, парасатты аталарға сәттілік тіледі.
– Өздеріңіз білесіздер, бұл Қордай – қасиетті өңір. Кешегі Өтеген батыр, Ноғайбай биі, Кенен ақының табанының ізі қалған жер. Талантты жазушы Несіпбек Дәутайұлымен, белгілі айтыскер Күміскүл Сәрсенбаевамен мақтанамыз. Алдыңғы толқын ақсақалдардың бүгінгі тағылымды іс –шарасын қолдаймыз. Байқауға сәттілік тілеймін. Шын үздіктің дара келуіне тілектеспін, – деді ол.
Мұнан соң сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев:
– Қадірлі көпшілік! Бата деген – қасиет, бата деген – өсиет. Қазақ халқы шынайы тілек, ізгі батаға ерекше мән берген. Кешегі жаугершілік заманда да, талай қиын қыстау жылдарда да батаның бағасы биік болған. Сондықтан, бүгінгі байқау – маңызы жоғары іс-шара. Батагөй ақсақалдардың баршасы – қазына. Айтары – өнеге. Қасиетті Қордай сахнасында өнер көрсету де – үлкен жеңіс. Сіздерге жақсы көңіл күй, сәттілік тілеймін, –деді.
Мұнан соң белгілі айтыс ақыны, өңірдің мақтанышы Күміскүл Сәрсенбаева жырдан шашу шашып, ардагерлердің өнегелі істерін өлеңмен өрнектеді.
«Сіздер берген салмақты батаменен,
Жастардың көсегесі көгеріп жүр» – деп толғады. Байқаудың қазылар алқасын белгілі журналист, облыстық Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығының директоры Жасұлан Әбдіхалық басқарса, танымал журналист, Қордай ауданының Құрметті азаматы Құрманғали Әлімжан, облыстық билер кеңесі төрағасының орынбасары Талғат Жұмабек, Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет қазылар құрамынан табылды.
Байқаудың шарты бойынша ұлттық салт-дәстүрге бағытталған, жеребе арқылы алған тақырыппен белгілі тұлғалардың батасын жатқа айту, ұлттық салт –дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап беру керек болды.
Жыл сайын өткендіктен болар, байқауға қатысушылардың жауапкершілігі жоғарылап келеді. Оны бірден айтуға тиіспіз. Байқауға қатысушылардың мамандығы әртүрлі болғанымен, ойлары мен тілек – баталары бір арнаға тоғысып , жастарға берер тағылымы үйлесімін тауып жатты. Мәселен, тараздық қатысушы Сауранбек Жамалбековтың мамандығы – химик. Дегенмен, ол батадан да, сұрақтан да сүріне қойған жоқ. Жамбыл ауданынан келген Бегалы Сқақовтың мамандығы – құрылыс инженері. Ол да өзінің үлкен дайындықпен келгенін көрсетті. Берілген баталарды тиянақты, кеңінен қамтып, тынысының кең екенін байқатты. Жуалы ауданынан қатысқан Сейітқазы Медетбек – «Жуалы» мешітінің бас имамы. Бірнеше кітаптың авторы. Оның байқауда көрсеткен өнері де ешкімнен олқы болған жоқ. Сейітқазы Медетбектің облыстық, республикалық байқауларда бас жүлде алып, топ жарғанын білеміз. Ол өзіне берілген міндеттен бөлек, Қыбырай бидің батасын да жатқа айтып берді.
Қордайлық қатысушы Еркін Құттықов – өнерпаз екен, домбырашы, музыкант. Суретші-әрлеуші өнеріне де машықтанған. Байқауда көрсеткен өнері көптің көңілінен шықты. Оның жастарға берген батасы сәтті шықты.
Байзақтық қатысушы инженер – механик Ерназар Монтыбаев та, Т.Рысқұлов ауданынан келген еңбек ардагері Есенғали Құралбаев та шамаларына қарай өнер көрсетті. Мойынқұмдық орман шаруашылығының маманы болған Бодаубек Жүндібаев ақсақал, меркілік байланыс маманы Белгібай Айнақұлов, сарысулық ағаш шебері болған Дарханбек Ишанов жеңіс жолында аямай тер төгіп, өнер көрсетті. Таластық қатысушы Серік Әбдібеков, шулық қатысушы Мейірхан Балықбаев та барынша жауапкершілік танытты.
Қазылар алқасының шешімімен байқау жеңімпазы болып қордайлық Еркінбек Құттықов танылды. Жеңімпазға арнайы лента тағылып, диплом және 300 мың теңге ақшалай сыйлық берілді. Жүлделі екінші орынды Жамбыл ауданынан келген Бегалы Сқақов иеленсе (200 мың теңге), жүлделі үшінші орын тараздық 79 жастағы Сауранбек Жамалбековке (100 мың теңге) бұйырды. Қыбырай бидің батасы үшін тағайындалған арнайы жүлде залдан шығып өнер көрсеткен Ерғазы Бозшаев ақсақалға бұйырды. Қатысушылардың баршасына 50 мың теңгеден ынталандыру сыйлықтары берілді.
Есет ДОСАЛЫ,
Қордай ауданы

Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)