Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » сын қайда, шын қайда?

сын қайда, шын қайда?

30 июнь 2025, Понедельник
4
0


Бұрындары қалам ұстаған әріптестеріміз "төртінші биліктің өзінен боламыз" деп өздерін өздері көтермелеп жататын. Билік жасап жапырып тастамаса да журналистер қауымынан әкімқаралар әжептеуір ығатын. Мақсат – біреуді қорқыту емес қой. Келеңсіздіктерді журналистер аямай жазатын. Жазғандары және аяқсыз қалмайтын. "Жазып едік, қорытындысы қандай", "Газет сынынан кейін" деген айдарлармен берілген сын-материалдардың жауабы көп кешіктей жарияланып жататын. 
Шындықты мойындауымыз керек, қазіргі баспасөз беттерінен сын мақала, фельетон дегенді таппай қалдық, жазылмайтын болды. Жазыла қалған күннің өзінде оған құлақ түріп жатқан ешкім жоқ. 
Мен өзім 1984-1991 жылдары жүзден аса фельетон жазыппын. Солардың барлығына тиісті орындардан жауап келіп жататын. 
Бүгінде баспасөздің қадірі кетіп жатыр, ел газетке жазылмайтын болды, оқымайтын болды деп көп айтамыз. Бір шындықты айтайтын,  билік басындағылар "Газетке жазылыңдар" деп айта алмайтын жағдайға жетті. Мәжбүрлеуге болмайды екен. Менің ойымша, мұның барлығы жауапкершіліктен қашу. 
Президентіміз жыл сайынғы Жолдауларында, Ұлттық Құрылтай жиындарында оқитын ұлт қалыптастыру жөнінде алдымызға зор міндеттер қойып жүр. Менің биліктегі бауырларым өкпелемес деп ойлаймын, бүгінде олардың жұмыс үстелінің үстінен газет көрмейтін болдық. Олардың өзі газет оқымайды. Ал енді ұрпақ тәрбиелеп отырған ұстаздардың қолдарына газет ұстауларына болмайды екен. "Мұғалім мәртебесі туралы" Заңда солай жазылыпты- мыс. Заңдардан ондай талапты біз көрген жоқпыз. Бәлкім мәжбүрлеуге болмайтын шығар, бірақ газет оқуға шақыруға, үгіттеуге болады ғой деп ойлаймын. 
Ілгеріректе бүгінде келмеске кеткен Кеңес Одағының бір көсемі "Кітапханалар жабыла бастаса, түрмелерді көбейту керек болар" деген екен. Оқымаған, рухани жағынан жүдеген  адамдарды жамандық атаулы да көбірек төңіректейтіні рас. Сондықтан Президентіміздің оқитын ұлт қалыптастырайық деген талабын орындауымыз керек. Білімнің, тәрбиенің бір көзі – баспасөзде екендігін ұмытпағанымыз жөн.  
Обсудить
Блок в статье:
Құланнан ұшқан қыран 30 июнь 2025, Понедельник
сын қайда, шын қайда? 30 июнь 2025, Понедельник

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры