Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Қазіргі қазақ баспасөзінің көші қайтсе түзеледі?

Қазіргі қазақ баспасөзінің көші қайтсе түзеледі?

30 июнь 2025, Понедельник
324
1
Бүгінгі басылымдардың басты проблемасы, әрине, баспасөзге жазылу мәселесі. Бұл әбден айта-айта жауыр болған мәселе. Иә, соңғы жылдары барлық өңірлерде газет-журналдарға жазылу науқаны бірте-бірте бәсеңдеп келеді. Баспасөзге жазылу мәселесінде етектен тартып тұрған басты мәселенің бірі – пошта қызметінің нашарлығы екені айтылып жүр. Аудан, ауылдар түгілі облыс орталығының өзінде газет-журналдар жазылушыға 2-3 күн кешігіп жетеді. Бір кездегі пошта желісінің барлығы дерлік күйреген. Ал, ауылдарда екі аптада, тіпті айына бір рет жинап алатындар бар. Осы мәселе оқырманның газетке жазылуға деген құлшынысын төмендетіп тұр. Осы сылбырлығына қарамастан пошта мекемесі газет құнының 40 пайызын қалтасына басады. 
 Әрине, газетке жазылушылар қатарының азаюының бұдан басқа да түрлі себептері бар. Оның ең бастысы – қазіргі оқырман ақпаратқа зәру емес. Қолындағы ұялы телефон арқылы әлемнің жаңалығын сәт сайын біліп отыр. Былайша айтқанда газетке деген зәрулік аз.
Ақпарат саласының тағы бір мәселесі – кадр тапшылығы. Қазір іргелі оқу орындарының барлығы дерлік журналист мамандығын дайындайтын болса да редакциялар шығармашылық қызметкерлерге қатты зәру. Жоғарғы оқу орнын бітіре салып, журналист дипломымен редакцияға келіп жұмысқа орналасып жатқандар өте сирек. Ал аудандық газеттерге дипломмен келетін жастар толқыны тіптен тоқтаған десе де болады. 
 Осыдан кейін облыстық газеттер қолынан жазу келеді-ау деген басқа саланың мамандарын жұмысқа қабылдауға мәжбүр. Есесіне жасыратыны жоқ, зерттеу жүргізіп, ізденіп сараптама жазатын, оқырманды баурап алатын ерекше стильмен қалам сілтейтін журналистер қатары күрт азайды. Тілшілер көбінесе ақпарат жазумен ғана шектеледі.  
 Журналистің деңгейі оның ізденуіне, талаптануына байланысты жоғарылай беретіні анық. Бірақ бүгінде газетке келген кейінгі толқынның көбісі «Жиналыс өтті, анау сөйледі, мынау сөйледі, соңында түгенше қорытындылады» дегеннен аса алмай жатқаны жасырын емес. 
Енді алдағы уақытта журналист мамандығына да арнайы квота бөлініп, аудандық, аймақтағы ақпарат құралдарына дипломды мамандар жіберіліп, журналистикадағы кадр мәселесін редакция, әкімдіктер және оқу орындары бірлесіп шешпесе, бірнеше жылдан кейін редакцияларда тіптен қаламы жүйрік тілші қалмайтын түрі бар. Енді бюджеттік газет-журналдардың алдағы бес-он жылдағы тіршілігі қалай болады? Меніңше еліміздің ақпарат және мәдениет министрлігі, жергілікті ақпарат және қоғамдық даму басқармалары осыған байланысты нақты талдау жасап, арнайы тұжырымдама бекітуі керек деп ойлаймын. 
Жалпы алдағы уақытта бізге газеттің таралымын көбейткен дұрыс па, жоқ әлде сайттарды жандандыруға күш салып, газет журналистерін біртіндеп сайттарға ауыстыра бастау қажет пе? Таралымды көбейтудің қандай жолдары бар?  
Шынында газеттердің мәселесін түбегейлі талдап, зерделеп бір шешімге келетін кез келді. Егер біздің мемлекет газеттер керек деп тапса онда барлық жағынан, әсіресе таралым жинау жағынан қолдау көрсетуі қажет. Егер газеттерден құтылу керек, бірте-бірте сайттарға ауыстыру керек десе, онда жоспарлы түрде нақты іске кірісу керек. Қалай айтсақ та бюджеттік газеттер биліктің көмегіне өте мұқтаж. «Газеттің таралымы азайып жатыр екен» деп оның бюджетін де, қызметкерлерін де қысқартудың қажеті жоқ. Былайша айтқанда, «Оқырмандары азайып келе жатыр» деп газет-журналдардың болашағына, тағдырына селқос қарамаған жөн.  
 Тегінде қандай заман, қандай жағдай болса да журналистердің басты міндеті – тек ақиқатты жазу. Лайым, Отанымызға адал қызмет ете берейік!

Обсудить
Блок в статье:
Құланнан ұшқан қыран 30 июнь 2025, Понедельник
сын қайда, шын қайда? 30 июнь 2025, Понедельник

Похожие материалы:

Баспасөз
29 июль 2020, Среда
Баспасөз
ТҮЗЕЛМЕЙТІН ТІРЛІК ЖОҚ
28 июль 2022, Четверг
ТҮЗЕЛМЕЙТІН ТІРЛІК ЖОҚ
Жанашырларымыз  жарады
28 декабрь 2024, Суббота
Жанашырларымыз жарады
МЕРКІЛІКТЕР НЕДЕН МҮДІРДІ?
14 июль 2022, Четверг
МЕРКІЛІКТЕР НЕДЕН МҮДІРДІ?
Добавить комментарий
Комментарии (1)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Judy
Judy Гости Сегодня, 07:29
wellness aarschot wellness aarschot sauna aarschot
Сотрудники
Партнеры