МЕРКІЛІКТЕР НЕДЕН МҮДІРДІ?
Әупірімдеп жүріп облыс қарияларының жалғыз басылымы – "Ғұмыр-Дария" газетіне екінші жартыжылдыққа жазылу науқанын аяқтаған сияқтымыз. Облыстық ардагерлер кеңесі бас болып, төл басылымымызға жазылуға күш салғанымыз айқын. Дегенмен, дәл осы жолы өткен он жылдық тарихымызда көрсеткішіміз бұған дейін болмаған жағдайға құлдырап, газетіміздің таралымын үш жарым мың данаға дейін түсіріп алдық.
Не себеп болғанын өздері білер, тоғыз жыл бойы көш бастап, әр жазылым науқанында 500-700 данадан түсіп көрмеген меркілік белсенділеріміз бұл жолы 50-60 газет төңірегіндегі көрсеткішті қанағат тұтыпты. Әрине, бүгінде газетке тізеге басып жаздыру деген жоқ, әркімнің өз еркіндегі шаруа дегенді сылтау ететініміз тағы бар. Десек те, "Ғұмыр-Дарияның" басты жанашыры болып табылатын аудандық ардагерлер кеңесі дәл осы жолы тізгінді босатып алғандығы ақиқат.
Сонымен, бұрынғысынша бұл жолы да Жуалы ауданының ардагерлер кеңесі жазылым бойынша көш бастағандығын айрықша айтуға тиістіміз. Аудандық ардагерлер кеңесінің жаңадан сайланған төрағасы Сейітхан Жұмашев мырза өзінің іскер азамат екендігін бұл жолы тағы да дәлелдеп берді. Жазылым басталғаннан кейін, айналасы 5-10 күн ішінде "Ғұмыр-Дарияға" жылдың екінші жартыжылдығына жазылуды аяқтап-ақ тастады. Қысқа мерзімде ауданда 536 кісі "Ғұмыр-Дарияға" жазылып, облыс бойынша көш бастады. Рахметтен басқа айтарымыз жоқ. Сондай-ақ, Жамбыл, Қордай, Байзақ, Т.Рысқұлов аудандарының ардагерлер ұйымдары төл газеттеріне жазылуды тап-тұйнақтай етіп ұйымдастырды.
Біз талай жиындарда айтып та жүрміз, газетіміздің бетінде жазып та жатырмыз, бүгінде "Ғұмыр-Дария" газеті ардагерлер ұйымдарының қызметімен біте қайнасып кетті, тіптен, қоғамдық қозғалыстың жандандырушы күшіне айналды деуге де болады. "Ғұмыр-Дария" газеті не жазды екен?" деп қарияларымыз елеңдеп отыратын болды. Төл басылымдарының әр санын күтіп отыратынын да біз жақсы білеміз. Белсенді ардагерлеріміз бізді көтермелеуін көтермелейді ғой, кезі келгенде "мынандай мәселелерді ұмыт қалдырып жатырсыздар" деп сын айтатын үлкендеріміз де аз емес. Оқырман сөзі біз үшін заң. Шағын шығармашылық ұжымымыз қолдан келгенінше олардың айтқан ұсыныс-пікірлерімен санасып, газет тақырыбын ауқымды етуге күш салуда. Бірде оқырман ойынан шығып жатамыз, кейде олардың дегеніне жете алмай қалатын кездеріміз де аз болмайды.
Біздің басты қолдаушыларымыз да, демеушілеріміз де – ардагерлер ұйымдары. Күн сайын шиеленісіп жатқан халықаралық геосаяси жағдайларға байланысты бүгінде қымбаттамай жатқан зат жоқ. Наннан бастап адамға қажеттінің бәрінің бағасы өсуде. Ал, газеттің "наны" болып табылатын қағаздың бағасы күн сайын өсуде, онымен бірге біздің газетімізді басатын баспахананың шығыны да артып жатыр. Осы қиындықтан бізді алып шығатын тек қана газет таралымы.
Қыр астында күз тұр. Амандық болса, қазыналы қазан айынан бастап келесі жылдың жазылым науқаны да басталады. Сіздер осы уақытқа дейін бізге сеніп келдіңіздер. Біз сіздерге, сіздердің қолдауларыңызға кәміл сенеміз. Жақсы күндерде кездесе берейік, қадірменді оқырмандарымыз!

«ҒҰМЫР-ДАРИЯ» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)