Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Жанашырларымыз жарады

Жанашырларымыз жарады

28 декабрь 2024, Суббота
26
0
Тағы бір жылды тарих қойнауына жылжытып, атқарғандарымызды қорытындылаудамыз. Рухани дүниенің бағасы кеміп, баспасөзге деген көзқарас төмендеп тұрған қазіргі кезеңде ардагерлердің төл басылымы – "Ғұмыр-Дария" газетінің оқырмандары мен жанашырлары кезекті рет қуантып, таралымды жылдағы деңгейінен төмен түсірмеді. 
Басылымымызға жазылудың әлі толық қорытындысы шығарылған жоқ, дегенмен "Казпочта" АҚ облыстық филиалы ұсынған соңғы мәліметтерге қарағанда газетімізді келесі жылы алып оқитындардың саны 5752 болды. Бұған "Жамбыл-пресс", "Тараз-пресс", "Қыран-пресс" құрылымдары арқылы жазылғандарды қоссақ алты мыңдық межеден асамыз деп отырмыз. Әдеттегідей жекелеген аудандардың көрсеткіші тіптен көңіл қуантады. Бұл жолы да Қожайхан Бижанов, Сейтхан Жұмашев жетекшілік ететін Т.Рысқұлов, Жуалы аудандарының ардагерлер ұйымдары үлкен ұйымшылдық танытты. Тұрар Рысқұлов ауданы 706, Жуалы ауданы 622 дана "Ғұмыр-Дария" газетіне жазылып, көш бастады. Бақыт Сырлыбаев, Біржан Әлімбет, Байсейіт Жылысбаев басқаратын Жамбыл, Қордай, Меркі аудандық ардагерлер кеңестерінің ұйымдастыруымен бұл аудандарда тиісінше 586, 590, 546 дана газетке жазылуға қол жеткізді.  Байзақ ауданының ардагерлері көш басындағылардан қалыс қалмай, таралымды бесжүздік межеден асырды. Баспасөзге жазылу науқаны кезінде Шу қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мелис Бисенбаевтың зор белсенділік танытқанын атап айтуға тиістіміз. Тараз қаласы ардагерлер кеңесі "Ғұмыр-Дария" газетіне жазылу барысында үлкен жанашырлық танытты. Қала бойынша мыңға тарта кісі келесі жылы ардагерлер басылымын алып оқитын болады. Сарысу, Шу, Талас, Мойынқұм аудандарындағы жанашырларымызға да алғысымызды білдіреміз. 
Облыс аумағындағы екі қалалық және он аудандық ардагерлер ұйымын бөле-жара айта алмаймыз, бастауыш ардагерлер ұйымдарынан бастап, қалалық және аудандық ардагерлер кеңестеріне дейін газетке жазылу барысын бақылауда ұстап, басылымға үлкен жанашырлық танытты. Біздің басты жанашырымыз – облыстық ардагерлер кеңесінің барлық уақытта қолдау-көмегін сезініп отырдық. Қазан айында "Ғұмыр-Дария" газетіне алдағы жылға жазылудың жай-күйі облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа отырысында талқылынып, қалалық, аудандық ардагерлер кеңестеріне нақты міндеттер жүктелді. Жыл қортындысымен қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің жұмыстары сараланғанда міндетті түрде оларда "Ғұмыр-Дария" газетіне жазылу көрсеткіші есепке алынатын болады. 
Бір сөзбен айтқанда бұл жолы да оқырмандарымыздың сенімінен шығып, таралым деңгейін төмендеткен жоқпыз. Жанашырлық танытқан облыстық, қалалық, аудандық ардагерлер кеңестеріне өз ризашылығымызды білдіре отырып, газетіміздің мазмұнын мәртебелі оқырмандарымыздың өскелең талабына сай байытып, тақырып ауқымын кеңейте беретін боламыз. Біз сіздермен біргеміз, қымбатты оқырмандар!
Обсудить

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры