Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » БІЗ ОҚЫРМАНДАРЫМЫЗҒА СЕНЕМІЗ!

БІЗ ОҚЫРМАНДАРЫМЫЗҒА СЕНЕМІЗ!

30 январь 2024, Вторник
88
0
Маңызды оқиғаларға толы болған тағы бір жылды шығарып салуға әзірленіп жатырмыз. Жаңа – ұлу жылы да есік қағып тұр. Журналистер үшін қызметіміздің басты көрсеткіші - біздің оқырмандарымыз. Газетімізге жазылушылар қатары кемімей, тіптен, көбейіп жатса, біздің жұмысымыздың нәтижелі болғаны. Ал, оқырмандарымыздың қатары ойсырап жатса, біздің шығармашылық жұмысымызға үлкен сын болары анық.
2024 жылдың алғашқы жартыжылдығына жазылу науқанының түпкілікті нәтижесі бүгінгі күнге дейін шыға қойған жоқ. Дегенмен, алғашқы қорытындыны жасауға болады. Біздің есебіміз және "Қазпочта" АҚ облыстық филиалының, Тараз, Шу қалалық, аудандық ардагерлер кеңестерінің мәліметтеріне сүйенетін болсақ, "Ғұмыр - Дария" газетіне жазылу көрсеткіші бүгінге дейін 5000 данадан асып кетті. Баспасөзге жазылуға келгенде барлық деңгейдегі билік атаулы қырын қарап отырған қазіргі түсініксіздеу заманда бұл көрсеткіш бізді толық қанағаттандырады.
Әрине, әрбір жұмыста көшбасшылары болады және ортақ көрсеткішті артқа тартатындар да кездесетіні шындық. Он аудандық және екі қалалық ардагерлер кеңестерінің "Ғұмыр - Дария" газетіне жазылуды ұйымдастыру бағытындағы жұмыстарын бөле - жармаймыз. Жоғарыдағы ортақ қомақты көрсеткіште олардың әрқайсысының үлесі бар. Дегенмен де, Жуалы, Тұрар Рысқұлов аудандарының Сейітхан Жұмашев және Қожайхан Бижанов басшылық жасайтын ардагерлер кеңестерінің қариялардың төл басылымына жазылуды ұйымдастырудағы қызметтерін жоғары бағалаймыз. Аталған екі ауданда "Ғұмыр - Дария" газетіне жазылым көлемі 600 данадан асты. Сөз жоқ, бұл – бағалауға тұратын еңбек. Сондай - ақ, Байзақ, Жамбыл, Меркі, Қордай аудандарында әдеттегідей төл басылымға жазылуда жақсы белсенділікті байқадық. Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің биылғы жылғы жұмысын атап айтуға болады. Әрине, біраз кісілердің жазылған газеттері техникалық себептерге байланысты осы айдың көрсеткішіне кірмей қалды. Дегенмен, жалпы алғанда Тараз қаласындағы бір мыңнан аса оқырмандарымыз ақпан - тамыз айларында "Ғұмыр - Дария" газетін 6 ай бойы алып оқитын болады. Баспасөзге жазылу науқаны кезінде Шу қалалық ардагерлер кеңесінің белсенді қызметін атап өтуімізге болады. Шу ауданындағы бір ғана Шоқпар ауылында сол жердегі бастауыш ардагерлер ұйымы мен аналар алқасының ұйтқы болуымен алдағы жылы 32 ардагер "Ғұмыр - Дария" газетін жаздырып оқитын болды. Облыс көлемінде бұндай - мұндай мысалдар көп.
Бұл нені көрсетеді? Жыл сайынғы "Ғұмыр - Дария" газетіне жазылу көрсеткіштеріне талдау жасайтын болсақ, оқырмандарымыздың қатары 5000 дана көлемінде сақталып келеді екен. Бұл дегеніміз – осы көлемде біздің тұрақты оқырмандарымыз бар деген сөз. Біздің міндетіміз - сол тұрақты оқырмандарымыздың сенімінен шығу, осы уақытқа дейін қалыптасқан газеттің жақсы дәстүрінен ауытқымау, мазмұны мен тақырып ауқымын төмендетпеу. Бізге төрт жарым - бес жарым мың оқырманымыз сенім артады екен, біз сол сенімнен шығуга тиістіміз.
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Береке - бірлігіміз артсын! Сіздерді тағылымды мақалалармен, жақсы жаңалықтармен Жаңа жылда қуанта беретін болайық.

Жаңабай МИЛЛИОНОВ,
"Ғұмыр - Дария" газетінің директоры - бас редакторы, Қазақстанның Құрметті журналисті
Обсудить

Похожие материалы:

Ардагерлер өмірінің жаршысы
01 июль 2022, Пятница
Ардагерлер өмірінің жаршысы
МЕРКІЛІКТЕР НЕДЕН МҮДІРДІ?
14 июль 2022, Четверг
МЕРКІЛІКТЕР НЕДЕН МҮДІРДІ?
ТҮЗЕЛМЕЙТІН ТІРЛІК ЖОҚ
28 июль 2022, Четверг
ТҮЗЕЛМЕЙТІН ТІРЛІК ЖОҚ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры