ТҮЗЕЛМЕЙТІН ТІРЛІК ЖОҚ
Газетіміздің 2022 жылғы 14 шілдедегі санында (№13) «Жазылым-2022» айдарымен «Меркіліктер неден мүдірді?» атты талдау мақала жарияланып, онда облыс ардагерлерінің төл басылымы «Ғұмыр-Дария» газетіне 2022 жылдың екіншіжартыдығына жазылу қорытындысы туралы сөз болған. Мақалада бұрындары жазылым көрсеткішін 500-700 данадан түсіріп көрмеген меркіліктердің бұл жолы небәрі 50-60 дананы қанағат еткені сынға алынған болатын.
Газет сынынан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің белсенділері жедел жиын өткізіп, кемшілікті жолға қою жайын кеңесіпті.
«Ғұмыр-Дария» газетінің шолушысы Болат Жаппарұлы қатысқан жиында бірінші болып сөз алған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Шырын Мамасерікова:
– Бұл жолы кешірілместей кемшілікке жол беріп алдық. Оған ешқандай сылтау айтып ақталудың жөні жоқ. Дұрысы – кемшілікті тезірек жою. «Ғұмыр-Дария»– бәріміздің сүйікті газетіміз. Ол әрқашан оқырмандар ойынан шығып келеді. Тақырып алуандығы, аймақты қамту ауқымы да жан-жақты. Кемшілік кетті. Өкініштен пайда жоқ, жазылу көрсеткішін көтеру керек, – деді.
– Газет-журнал оқымау – рухани аштық. Біздің ұрпақ солай түсінеді, солай тәрбиеленген. Қазір идеология жалаңсөзден аса алмай жатыр. «Ғұмыр-Дария» – ардагерлердің ғана емес, баршаға ортақ басылым. Одан жастар жақсы тағылым алатындай мақалалар да оқуға болады. Газет әр жанұяның жақынына айналып, өз материалдарымен олардың қызық-қуаныштарына ортақтасар болса, оның оқырманы да, таралымы да көп болатыны сөзсіз. Мұны мен өз отбасымның мысалынан айта аламын. Біз «Ғұмыр-Дарияның» әр нөмірін асыға күтіп отырамыз. Бәріңізді қариялардың төл басылымына жазылуға шақырамын! – деді келесі сөз иесі Қайнаркүл Тәтіғұлова.
– Мен өзім ғана емес, айналамдағы аналарды да «Ғұмыр-Дарияға» жаздыратын боламын, – деп қысқа да нұсқа қайырды айтарын ауылдық аналар алқасының мүшесі Нұрия Баубекова.
– Баспасөзге жазылу науқанына кейбір іс-шаралар тұспа-тұс келіп, кемшілікке жол беріп алғанымыз рас. Олқылықтың орнын толтырамыз, – деді аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Дүйсен Тәжібеков.
Сөйлегендер заңды бетке ұстап, баспасөзге жазылудан қашқақтайтын мұғалімдер мен газет-журналдарды уақтылы жеткізіп бермей отырған пошташылар атына әжептеуір сын айтты.
– «Қазпошта» «бір қарын майды шіріткен бір құмалақ» болып отыр. Ауыз жарымайтын айлыққа жұмыс істеп жүрген хат тасушыларды кінәлауға болмайды. Балық басынан шіриді, бәле аудандық, облыстық, республикалық пошта қызметінің басшыларында. Аудандағылармен өзіміз айналыса жатармыз. Жоғарыда отырғандарға сіздер де құлаққағыс жасасаңыздар екен. Ал, «Ғұмыр-Дарияға» жазылым мәселесі жақсы жолға қойылатын болады, – деп уәде бере сөйледі жиынды қорытындылаған аудандық ардагерлер кеңесінің жаңа сайланған жетекшісі Байсейіт Сабырұлы Жылысбаев.
Ең бастысы сын садағы көздеген нысанаға тиіп, меркіліктер сыннан қорытынды шығаруға сөз беріп отыр.

«ҒҰМЫР-ДАРИЯ» – АҚПАРАТ»
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (1)