МЕНІҢ ӨМІРІМНІҢ БІР БӨЛШЕГІ
"Ғұмыр-Дария" газеті туралы түйіндеп айтқанда осылай деуге де болар. Мен бұны мақтану үшін айтып отырған жоқпын. Адамның рухани өмірінде елеулі орын алатын, өзі бағалайтын, сүйсінетін жағдайлар болып жатады.
Осыдан дәл он жыл бұрын облыста ардагерлерге арналған газет шыға бастапты дегенді естідік, артынша оның алғашқы нөімірін қолымызға да алдық. Баспасөз құралыдары аз емес қой. Арнайы үлкендерге, аға буынға арналған басылымның шыға бастауын көргеніміз де, естігеніміз де осы. Әлі есімде 2013 жылдың 5 маусымы күні "Ғұмыр-Дария" газеті "Ассалаумалейкум" деген беташар тақырыппен біздің қолымызға тиді.
Бұған дейін де айтқанмын, ардагерлер басылымының сол алғашқы күннен бастап күні бүгінге дейінгі тігіндісі менің үйімнің төрынде сақтаулы. Анда-санда газеттің сарғайған беттерін парақтап қарап қоятыным бар. Кешегінің барлығы бүгінгі күні тарихқа айналғанына сонда көзім жеткендей болады. Кешегі осы газеттің ашылуына қолғабыс жасаған, демеу-көмегн аямаған бірталай ағаларымыз бүгінде арамызда жоқ. Олардың орнына біздер келіп жатырмыз.
Газет-журналға құмарлықтың өзі бізге бала кезімізден жұғысты болды ғой. Газеттерді жата-жастана оқып, ержеткен ұрпақ өкіліміз. Содан рухани нәр алып өстік.
Он жылдық белесіне көтерілген "Ғұмыр-Дария" газетіне келер болсақ, бұл басылымның біз үшін жөні бөлек. Ауыл ақсақалдары жиі бас қосып тұрамыз ғой. Бүгінде айтылатын әңгіме көп, елдің бәрінің көзі ашық, көкірегі ояу, жаңалықтарды оқитын, еститін ақпарат көздері жеткілікті. Солай болса да, ардагерлер басылымында жарияланған тағылымды материалдар жайлы пікір алмасып отырамыз. Онда жарияланған тұшымды, ғибраты мол мақалалар туралы пікір алмасамыз. Әрине, өзіміздің төл газетіміз деп меншіктей айтатынымыз да бар. Дегенмен, шынайы бағасын айтар болсақ, "Ғұмыр-Дария" жалпыұлттық мәселерді қозайтын, қазақ тарихының ашылмаған беттерін қаузайтын, бүгініміз бен ертеңіміздің проблемаларын жазатын газетке айналғандығын айтуға тиістімін. Бұл жалғыз менің пікірім емес, үлкендеріміздің көпшілігі солай айтады, сондай баға беріп жүр.
Газетте жастар, жасөспірімдер тәрбиесі туралы, жалпыұлттық тәрбие бағатында көптеген материалдар жарияланып жүр. Осы орайда айтатыным, газетке біздің ұстаздар қауымы көбірек жазылса нұр үстіне нұр болар еді.
Қазір бәсекелестік заманы. Кім өз ісін дұрыс ұйымдастыра алады, сол жеңеді. "Ғұмыр-Дария" ақпарат кеңістігіндегі бәсекелестікте бәсі жоғары болады деген сенімдеміз.
Ниязхан БЕЙСЕНОВ,
Түймекент ауылдық округінің белсенді ардагері,
ардагер ұстаз.
Байзақ ауданы
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)