ӨМІРІМІЗДІҢ, ӨҢІРІМІЗДІҢ РУХАНИ ШЕЖІРЕСІ
Төл газетіміздің шыға бастағынына осы маусым айында 11 жыл болады екен. Шынымды айтайын бұл газет – бірегей басылым! Ардагерлерге арналған тарихи-танымдық, тәрбиелік бағыттағы мұндай басылым еліміздің басқа аймағында жоқ.
Газетіміз облыстың ақпарат кеңестігінен бүгінде өзінің лайықты орнын ойып тұрып алып отыр. Таралым жағынан облыстың бас басылымы «AQ JOL» газетінен кейін екінші орында келеді. Демек – «Ғұмыр-Дария» өзінің тұрақты оқырмандары бар, олар іздеп жүріп оқитын газетке айналды деген сөз. Мен республикалық, облыстық бірқатар басылымдардың тұрақты оқырманымын және оларға өміріміздің өзекті мәселелері туралы мақалалар жазып та жүрмін. «Ғұмыр-Дариямен» де байланысым сондай. «Ғұмыр-Дария» туралы пікірімді әр жерде айтып та жүрмін. Әрине жақсы жағынан.
Осы 11 жыл ішінде бұл басылым шын мәнінде бүкілхалықтық газетке айналды десем, шындықтан алысқа кете қоймаспын. Газеттің әр нөмері тартымды, қызықты, мағыналы болып шығады. Айына екі мәрте шығатын, көлемі жағынан шағындау газет болғанымен көзге тап-тұйнақтай, полиграфиялық орындалуы көз тартарлық, тақырып ауқымы кең, әр мақаласынан тұнып тұрған тағылым, ғибрат тоқығандай боламын.
Біздер – үлкендер жағы көргеніміз, көңілге түйгеніміз біршама болғандықтан да, өмір белес-терінде үлкен мектептерден өткендіктен де, әр деңгейдегі басшылық, қосшылық қызметте жүріп елдің жай-күйін басқалардан гөрі тереңірек білгендік-тен де бүгінде тәрбие саласындағы олқылықтарға қарнымыз ашатыны рас. Көпшілікпен кездескенде, жиналыстарда, басқосуларда бұл жағдайды айтып та жүреміз. Осы орайда «Ғұмыр-Дария» газеті біздердің, қариялар қауымының ойынан дөп шығады. Газет саясатқа көбірек бармайды, оқырмандарын жалықтырмауға тырысады. Бірінші беттегі Абайдың «... Ары бар, ұяты бар үлкенге сен, өзі зордың болады ығы да зор.» деген дана сөзінен, «Адырна» айдарымен берілетін қазақтың ежелгі және кейінгі көрнекті ақын-жырауларының інжу-маржан жыр жолдарынан, «Апта афоризмі» айдарымен берілетін бүгінгі күннің өткір мәселелерінен бастап, ардагерлер ұйымдары-ның тыныс-тіршілігін қаузайтын, облысымыздың, аймағымыздың кешегі-бүгінгі ардақ тұтар тұл-ғаларының өнегелі өмір жолдарын баяндайтын, ұлттық салт-дәстүрлерімізді, құндылықтарымызды тереңнен қозғайтын, өлке тарихын, ел шежіресін кеңінен шерітетін мақалаларды оқи отырып, шын мәнінде ой-өрісіміз кеңейе түседі, тіптен тынысы-мыз ашылып, рахаттанып демалғандай әсер аламыз. Бұл газетті аға буын өкілдерімен қатар, жастар тәрбиесімен айналысатын ұстаздар мен тәрбиешілер, тарихшылар, мәдениет саласының қызметкерлері де қызығып оқып жатады. Қысқаша тұжырымдап айтқанда бұл газет туралы пікірім осындай.
Газеттің шығармашылық ұжымына жазар көбейсін, таланттарыңыз шағылмасын деген тілек-пен сөзімді аяқтағым келеді. Құрметті оқырман қауым, алдағы жартыжылдыққа жазылу науқаны-ның аяқталуына санаулы күндер қалғандықтан, мен де қатардан қалмайын деп бүгін барып сүйікті газетіме жазылдым.
Сіздерді де өзіміздің төл газетіміздің оқырмандарының қатарынан көргім келетіндігін естеріңізге салғым келеді.

Қасымхан ТӨЛЕНДИЕВ,
Жамбыл облысының Құрметті азаматы,
облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі
Обсудить
Блок в статье:
БӨЛТІРІКТІҢ БЕДЕРЛІ БЕЛЕСІ
28 ноябрь 2024, Четверг
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)