ҚУДАЛАУДЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН
Бүгінде өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының көпшілігі ақталып, есімдері халқымен қайта қауышты. Оның бірден бір себебі – тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары тарихшылардың, мәдениет қайраткерлерінің, елдің зиялы қауымның ұзақ жылғы ізденістерінің, табанды түрде талап етулерінің нәтижесі деп білеміз. 1993 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заң қабылданды. Ал, кейінірек 1997 жылдың 31 мамыры «Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні" болып жарияланды. Міне, содан бері 22 жыл уақыт өтіпті. Одан бері қарай да тарих ақтаңдақтарын зерттеушілер бос жатпады. Талайғы тарихты қопарып, жаңа деректерді анықтап, елге жеткізіп жатты. 2020 жылы 24 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мақсатында Мемлекеттік комиссия құрылып, тағы да ауқымды жұмыстар атқарылды. Мүмкіндігінше бұрындары қол жете бермейтін аса құпия құжаттарға жол ашылып, зерттеушілер қолына жетіп, тың ақпараттар жариялай бастады.
Өткен ғасырдың 30-40 жылдарында қудалауға ұшырағандардың есептік мәліметіне келер болсақ, кейбір дерек көздері сұрқия саясаттың салдарынан Қазақстанда сол бір қасіретті жылдары 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап, олардың 25 мыңдайы атылғаны айтылады. Ал, Жамбыл жерінде саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар саны 5 мыңнан асады, оның 850-і атылды деген мәлімет те келтірілген. Бұл – 2014 жылғы дерек көздерінен жинақталған ақпарат. Бүгінде бұл сандарға өзге де тарихи оқиғалардың мәліметі қосылып, қуғынға ұшырағандардың саны біршама көбейген. Оларға күштеп жер аударылғандар, тәркіленгендер және өзге де ақталмай қалған азаматтар деректері қосылуда. Соның ішіндегі ең үлкен тарау – Алаш қайраткерлеріне арналады. Өйткені олар қазақ деген елдің тұтастығы мен мемлекеттілігі үшін еңбек еткен еді. Сол үшін де жазықты болды. Бұл идеяны Әулиеатада да қолдағандар баршылық болатын. Соның бірі – Сыдық Абланов.
Ол қазақ даласында оқу-ағарту ісіне белсене араласқан, Әулиеата өңірінде көптеген мектеп-интернаттар ашқан. «Халық мұғалімі» атанған ұстаз. Журналист-драматург, қайраткер. 1916 жылы патша жарлығымен әскердегі қара жұмысқа алынып, одан кейін көзқарасы үшін Сібірге жер аударады. Өкінішке орай, оның осы кезеңдегі іс-әрекетін айғақтайтын деректер бізде жоқ. Бізге белгілісі – 1938 жылы «халық жауы» атанып атылған. Ал осы аралықта ол Әулиеата уезінде, Қарақалпақстанда, Ақтөбеде, Ақмолада, Петропавлда, Қызылордада білім шырағын жаққан. Қазақ радиосының негізін қалаушылардың қатарында болған.
Сыдық Абылановтай Әулиеата уезінде сауатсыздықпен күрескен ешкім жоқ десек, қателесе қоймаспыз. Тек өзі ғана емес, сонымен қатар отбасымен осы игі істің басы-қасында болды. Ел біле бермейді, оның қарындасы Малика Абланованың ерлігі туралы осыдан бірнеше жыл бұрын теміржолшы Әбдуәлі Данаев ақсақалдың аузынан естіп, таңырқаған едік. Қазақ қыздарының ішінде оқу-ағарту саласына жанқиярлықпен еңбек еткен Малика апамыз тек тегін өзгертіп, қудалаудан аман қалған екен. Мүмкін содан да болар, тарихта ол кісі туралы көп атала бермейді.
Сыдық Абыланов 1895 жылы Әулиеата уезінің Ботамойнақ-Алмалы болысына қарасты 7-ауылында кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Жастайынан қағілез, пысық болып өскен баласын әкесі Бұралқы Әулиеатаға окуға бергісі келеді. Алайда қазақ балаларын оқуға алуға шектеу қойғандықтан он бір жасар Сыдық мектепке қабылданбай, қайтадан жалшы болып, байдың малын бағады. Сол жылдары әкесінен айырылған Сыдық әке аманатын орындау үшін Әулиеатадағы адвокат татар Хусейін Бичевтің қамқорлығымен төрт сыныптық татар мектебіне қабылданады.
Білімге деген ынта жас баланың мерейін өсіріп, мектепті үздік бітіріп шығады. Мұғалімдер қазақ баласының талабы мен талантын танып, білімін одан әрі тереңдетуге ақыл береді. Алайда қаржы тапшылығы оның жолын байлайды. Оған тағы да көмек қолын қаладағы татар байлары мен зиялылары созады. Хусейін Бичевтің иландыруымен және талап етуімен Сыдықтың ағайындары да малдарын сатып қаржы жинауға кіріседі. Бұл туралы ол кейінірек “Айқап” журналына былай деп жазады: «...Әулиеатадағы татар мектебін аяқтаған соң, Орынбордағы Хусейін медресесіне түсуге шешім қабылдаған едім. Бұл үшін менің мүмкіндіктерім аз болса да, маған төмендегі адамдар көмектесті. Олар: ағайынды татарлар Бичевтер, Шарафидин Гиясилдинов 20 сом берді, мұғалімдер Исмаилжан, молда Әли, Низаметдин, Сыражитдин 2-3 сомнан... Қазақ ағайындар Дербіс Қалабаев, Әбдіқалық Шақысариев және басқалар бәрі 120 сом жинады. Мен Хусейін медресесі сияқты шын мәніндегі үлгілі білім ошағына түсуге көмектескен татар және қазақ бауырларыма шын жүректен ризашылығымды білдіремін...»
Оның ерекше қабілеттілігін таныған медресе ұстаздары Сыдықты екінші курсқа бірден қабылдайды. Талантты жас келесі бір жылда екі курсты бірден тәмамдайды. Алайда денсаулығына және жоқшылыққа байланысты ол медресені толық бітіре алмайды. Амалсыздан ауылға қайтады. Білім алуына жол ашқан адамдарға деген ыстық ықыласы кейін оның өзінің қара халықты, жетім-жесірлерді білім нәрінен сусындатуды өмірлік қағидасына айналдыруына жетеледі. Келе ол Әулиеата зиялыларының және ағайындарының көмегімен қазақ балаларына арнап, жаңа әдіспен білім беретін мұсылман мектебін ашады. Бұл шын мәнінде Әулиеата жеріндегі алғашқы қазақ балалары оқитын мектеп болады. Алайда уезд басшылары тарапынан кедей балаларының окуына және оның мұсылман мектебі болуына қарсылық күннен-күнге өрши түседі. Қоқан- лоққы жасау, мектепті екі күннің бірінде тексеру күшейеді. Ақыры олар Сыдықтың мектебін жауып тынады.
Ел арасындағы беделі күннен-күнге өскен Сыдық ауылдарды аралап, қазақ балаларын оқытуға-білімге шақырады. Осы жылдары ол «Халық мұғалімі» деген атаққа ие болады. Өзімен бірге туған төрт бауырының бәрінің сауатын көтереді. Сонымен бірге қара танытатын екі-үш айлық мектептер ашады. Сыдықтың мұндай жанкешті әрекеті патша өкілдерін қорқыта бастайды. Оның үстіне, Әулиеата өңіріндегі зиялылардың қысымына шыдай алмаған олар ағартушының тілегін қабылдап, Әулиеатадағы Аса интернатына ана тілінен сабақ беретін мұғалім етіп орналастырады.
1916 жылдың қазақ даласына үлкен дүрбелең әкелгендігін тарихтан білеміз. Патша уәдесінде тұрмай, қазақтарды әскер шебіне қара жұмысқа ала бастайды. Халық мұғалімінен құтылу үшін уезд басшылары Сыдықты және оның бауырлары Жықай мен Қойтайды қара тізімге іледі. Осы кезде Сыдық шын мәнінде патшалық Ресейге деген ниеті түбірімен өзгеріп, оның саясатына қарсы шығуға ұмтылыс жасайды. Тіпті Меркіде ұлт-азаттық көтерілісін бастаған Ақкөз Қосановтың қатарына қосылғысы да келеді. Ақкөз батыр Сыдыққа кісі жіберіп, жанына шақырады. Жаушылар көбейіп, ел арасында әртүрлі насихат белең алады. Болыстардың өздері халық жағына шығып кету қаупі күшейеді. Міне, осындай сәтте патша жандайшаптары көзі ашық, көкірегі ояу қазақтарды көгендеп ұстауға әрекет етеді. Ақыры Бұралқының ұлы Сыдық қоржынын арқалап, майданға кете барды.
Әулиеатаға келісімен Тұрар Рысқұловтың айтуымен Қабылбек Сармолдаевпен бірге жастар одағының белсенді ұйымдастырушылары қатарында болды. 1918 жылы большевиктер партиясының мүшелігіне қабылданады. Ауыл- ауылды аралап, жастарды жаңа өкіметтің жұмысына тартып, мектептер аша бастайды.
Әулиеата да кеңес өкіметі құрылғанда ол уездік оқу комиссары болып тағайындалады. Бұл жөнінде бізде архив құжаттары бар. Міне, осы жылдары ол өз арманын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етті. Алайда көп ұзамай бұл қызметтен алынып, ұлттық мектептер секциясын басқарады. Осы кезде бұрын мектептерде қалыптасқан төрешілдік әдістерді жойып, жаңаша оқытуды жанын сала насихаттайды. 1918 жылдың жазында Орынборда өткен ұлттық мектеп мұғалімдерінің бірінші съезіне Әулиеата уезінен делегат болып қатысады. Осында Сәкен Сейфуллинмен жолығып, ауылда білім беру саласында қалыптасқан жағдайды баяндайды.
Орынбордан келісімен Әулиеатаның айналасындағы ауылдарды аралап, мектептер аша бастайды. Шу, Меркі, Құлан, Талас, Жуалы өңірлерінде болып, халық алдында жалынды сөздерін айтады. Бұл туралы жауынгер-жазушы, даңқты әскербасы Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесінде 1919 жылы Сыдық Абылановтың Жуалыға теміржол бекетіне 1 Мамыр мерекесіне халықпен кездесуге келгенінің куәсі болғаны туралы айта келіп, ұстазға деген елдің құрметін ерекше бір ілтипатпен жазған. Баукең: «Сыдықты үйімізде қарсы алу және шығарып салу сәті әлі күнге дейін есімнен кетпейді», – деп ағынан жарыла жазған.
Еліне танылған, беделді азамат 1924 жылы Сырдария облыстық партия комитетінің партия-кеңес қызметкерлерін даярлайтын мектебінің директорлығына жіберіледі. Міне, осы кезден бастап оның республикалық көлемде оқу-ағартушылық қызметі басталды.
Ол Қарақалпақстанда, Ақтөбеде, Петропавлда, Қызылордада, Алматыда ағартушылық қызмет атқара жүріп, көптеген шәкірт тәрбиеледі, жастарды білімге тартты. Ал, 1931-1933 жылдары Қызылордада оқу-ағарту бөліміне басшылық жасаса, одан кейінгі бес жыл бойы ол республикалық радио комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарады. 1938 жылы ол «халық жауы», «Рысқұловтың құйыршығы» атанып, атылып кетті.
Назым ҚОЖАМАРОВА,
Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының «Дәстүр және өнер»
бөлімінің меңгерушісі.
Тараз қаласы

Обсудить
Блок в статье:
МОМЫШҰЛЫ ӘЛЕМІ-- Б.МОМЫНҚҰЛ- 70 ЖАС.
28 май 2025, Среда
Жақсы бата – жарты бақыт
28 май 2025, Среда
Жақсы бата – жарты бақыт
28 май 2025, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (0)