Бір тағдыр, бір тарих
Тіршілік етіп жатқан әрбір адамның тағдыры, бағы мен бақыты ел тарихымен сабақтасып жатады. Ортақ Отан ортақ тарихты сомдайды. Қарап отырсақ үлкен Отанымыздың кішкентай бөлігі – Жуалы ауданының да өз тарихы бар. Бір ғасырдан астам уақыт бұрын, 1917 жылы, Ұлы Жібек жолының бойындағы осындау көкорай шалғынды, шұрайлы өлкеге жеті бірдей өзбек отбасы келіп, қоныстанады. Олар мұнда Әулиетадан жақсы, жайлы өмір іздеп келген еді. 11 жылдан кейін, 1928 жылы бұл өңір Жуалы ауданы деп аталды.
Қоныс аударушылардың бірі Мамаджан Маткаримовтың немересі Шәкіржан Мамаджанов сол кездегі жағдай туралы былай дейді:
– 1917 жылдың күзі еді. Революция толқыны Әулиеатаға да келіп жеткен кез. Бәлкім, біздің аталарымыз қаладан өз отбасының болашағына алаңдап, жайлы тұрмыс іздеп осында келген шығар. Олар қазіргі теміржол стансасының аумағына тоқтайды. Жертөлелер мен сарайлар салады, өз отбасын асырау үшін мал сатып алады. 1919 жылы Түрксіб теміржолының құрылысы басталып, оған қоныс аударушылар да қатысады. Менің атам бригадир болады. Оның үйінде бірнеше кісі жатып жұмыс істейді. Төңіректен келген жартылай аш-жалаңаш адамдар теміржолдың ауыр жұмысына тартылады.
Станса Боранды (Бурное) деп аталды. Көнекөз тұрғындар айтқандай, Жуалы ауданының аумағында теміржол құрылысы аяқталғаннан кейін Мәскеуден комиссия келеді. Жолдарды аралап жүргенде желдің қатты екпіні комиссия төрағасының басынан бөркін ұшырып әкетеді. Міне, кейіннен ел арасына тарап кеткен «Мына жер қандай боранды еді?!» деген сөз тіркесі осы кезде пайда болса керек.
Мамаджан Маткаримов кейін астық дайындау базасының, теміржол моншасының, басқа да нысандардың құрылысында жұмыс істейді. Көп ұзамай стансаның төңірегінде үлкен ауыл бой көтереді. Мамаджан қартайған шағына дейін жолшы болып еңбек етеді. Оның ісін ұлы Хаджи жалғастырады. Ол да өмір бойына теміржол саласында жұмыс істейді.
– Аты аңызға айналған батыр, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы менің атама жиі келіп тұратын, – деп еске алады Шәкіржан. – 1928 жылы Баукең аупарткомда, кейіннен прокуратурада жұмыс істейді. Ол ауданнан кеткеннен кейін де, осында келген әр сапарында біздің қонақжай шаңырағымызға соғып жүретін. Атам оған дастархан жайып, дәмін ұсынатын, жаңалықтарымен бөлісіп отыратын. Бұл туралы жерлестеріміз Аманкелді Ормантаевтың, Талғат Айтбаевтың кітаптарында, сондай-ақ Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романында жазылған.
Менің замандастарым аудандық партия комитетінің алғашқы ғимараты бүгінгі «Қаракөз» мейрамханасының орнында болғанын жақсы біледі. Оның сол жағында қонақ үй, ал оң жағында аудандық милиция бөлімі орналасқан еді. Осы ғимараттың қарсы бетінде менің атам Мамаджан тұрды, ал екеуінің ортасынан Алматы-Ташкент тас жолы өтіп жататын. Бала кезімізде біз «Ақ үйдің» жанында көп ойнайтынбыз, терезесіне үңіліп қарайтынбыз, сол үшін ата-аналарымыз бізге үнемі ұрысатын.
Атам Мамаджанның үйінен әркез қонақ үзілмейтін. Көп адамдар онымен шаруа жайын кеңесуге келетін, танымал тұлғалар да жиі келіп, кетіп тұратын. Олар атамды «Мамаджан ата» деп атайтын. Ол кісінің әрбір адамға деген қамқорлығы мен көңілі айрықша еді.
Жазушы-аудармашы, белгілі қоғам қайраткері Құрманбек Сағындықовтың, жерлес жазушы Шерхан Мұртазаның, ХХІІ партсъезд атындағы колхоздың бұрынғы төрағасы, профессор Жұрымбай Медетовтің атамның шаңырағына келгені жадымда жақсы сақталып қалды. Біз кейіннен Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаевпен Орджоникидзе (қазіргі Шерхан Мұртаза) атындағы орта мектепте бір сыныпта оқыдық. Бақытжан кейіннен әскери салада абыройлы қызмет атқарып, генерал-лейтенант әскери шенін алып, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Қарулы Күштер саласының қалыптасып, дамуына сүбелі үлес қосты.
Мамаджан Маткаримов 90 жасқа келіп қайтыс болды. Бүгінде ауданда Мамаджановтардың бесінші ұрпағы өмір сүріп жатыр. Жуалы топырағында осыдан 110 жыл бұрын Мамаджан Маткаримовпен бірге келген өзбек ағайындар Исмаиловтар мен Мажитовтардың да ұрпақтары тұрады, еңбек етіп жатыр.
Шәкіржан аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі ретінде қоғамдық жұмысқа белсене қатысады. Бүгінгі таңда ол – Бауыржан Момышұлы ауылының ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.
Даңқты жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне әр келген сайын Шәкіржан өзінің Баукеңмен кездескен сәттерін еске алады.
– Жуалы – менің кіші Отаным, – дейді Шәкіржан Мамаджанов. – Мен осында 1948 жылы дүниеге келдім, осында өстім, білім алдым, жұмыс істедім. Менің балалық шағым жақсы өтті. Мен өзіме қазіргі қолымда бардың бәрін бергені, жерлестерімнің сый-құрметі, достарым мен туыстарымның сүйіспеншілігі, балаларым мен немерелерімнің қамсыз болашағына сенімділік үшін алғысымды айтамын.
Иә, айтса айтқандай, осылайша бауырласып кеткен өзбек ағайындар қасиетті қазақ жеріне, оның ішінде киелі Жуалы ауданына қоныстанып, осында тіршілік кешіп, өмірден өз орындары мен бақытын тапқанына шын жүректен дән риза. Бұл ретте әулеттің үлкендері қазақтармен бірге өзара сыйластықта тату-тәтті өмір сүріп келе жатқандарын мақтан етеді. Бұлай болуы бір жағынан заңды да.
Бүгінде ауданның орталығы Б.Момышұлы ауылында тұратын Мамаджановтар әулетінің ең үлкені, сыйлы қариясы Шәкіржан Мамаджанов та жергілікті тұрғындармен өзара сыйластықты үзбей, атасы салып берген сара жолды лайықты жалғастырып келеді. Бүгінде жасы жетпісті еңсеріп, сексеннің сеңгіріне жақындаған айтулы азамат, еңбек ардагерінің өмір жолы жас ұрпаққа молынан үлгі-өнеге. Ш.Мамаджанов аудан орталығындағы бұрынғы Г.Орджоникидзе атындағы орта мектепте оқыды, мектеп бітіргеннен кейін осындағы автомектепте білім алып, кейіннен Шымкент қаласындағы автотехникумды техник-механик мамандығымен бітіріп, 1969 жылы әскерден келген соң аудан орталығындағы автобус паркіне механик болып жұмысқа қабылданады. Онда Жамбыл, Шымкент, Қаратау және Жаңатас қалалары бағытына, одан бөлек, ауданға қарасты ауылдарға автобус жүргізіп, жолаушы тасымалының сапалы атқарылуына өз үлесін қосады.
– Онда автобус паркінде 350 адам жұмыс істейтін. Оның 60-сы инженерлік-техникалық қызметкер болса, 210-ы автобус жүргізушілері болатын. Жолаушы тасымалдайтын автобустар 50-ге жуық бағытқа қатынайтын. Үлкен мекемедегі жұмыс бір сәтке де толастамайтын. Бір жағынан қызық. Мекемеде көпшілікпен тіл табысып, ұйымшылдықпен жұмыс атқардық. Кеңес Одағы ыдыраған тұста автобус паркінің де жұмысы тұралап, мекеме банкротқа ұшырады. Автобустар жекеге сатыла бастады. Бір сөзбен айтқанда, көп қиыншылықтар болды. 1998 жылы аудандық электр желілерін тарату мекемесіне шақыртумен жұмысқа ауысып, онда алғашқыда механик, кейіннен кезекші бөлімде жүргізуші болып жұмыс істеп, 2011 жылы аталған мекемеден зейнет демалысына шықтым, – дейді Шәкіржан аға өз сөзінде.
Автобус паркінде механик, партия ұйымының хатшысы, гараж меңгерушісі болып абыройлы еңбек еткен Шәкіржан Мамаджанов кейіннен аудандық электр желілерін тарату мекемесінде механик болып зейнет демалысына шыққан. Қазір қасиетті өңірдің ардагерлер қозғалысына, сонымен қатар, жергілікті этностардың арасында достық пен ынтымақтастықты арттыруға белсене атсалып келеді.
Қасиетті Жуалы жерін мекен етіп келе жатқан этнос өкілдері арасындағы татулық пен достықтың, өзара сыйластықтың терең орнығуына сүбелі үлес қосып келе жатқан еңбек ардагері, өз ісінің майталманы, Жуалы ауданның Құрметті азаматы және Құрметті ардагері, Жамбыл облысының Құрметті ардагері атақтары – Шәкіржан Мамаджановтың ұзақ жылғы жемісті еңбегіне берілген лайықты баға екені даусыз. Шәкіржан Хаджиұлы қазір аудандық және Б.Момышұлы ауылы ардагерлер ұйымының жұмысына белсене араласып, жас ұрпақтың бойына адамгершілік және еңбексүйгіштік, Отаншылдық сияқты асыл қасиеттерді сіңіруге атсалысып келеді. Бұл да өмірде көпті көрген тәжірибелі азаматтың бір қыры болса керек.
Ол сонымен қатар, «Жамбыл облысының ардагерлері ұйымына – 30 жыл!», Қазақстан өзбектері қауымдастығының «Достық», тағы да көптеген мерекелік медальдарымен және Жамбыл облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
Нұржан МАНАСҰЛЫ,
журналист.
Жуалы ауданы

Обсудить
Блок в статье:
Тектіліктің тамыры
09 апрель 2026, Четверг
Көкпарға құмарлық бізге әкемізден дарыған
09 апрель 2026, Четверг
Күн туды ескі жұртқа жаңаратын
09 апрель 2026, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)